ТЖ билеттерін сатып алу немесе брондау

Қауіпсіз төлем
  • Visa
  • Mastercard
Қайту
1
Бекетті таңдау
2
Пойызды таңдау
3
Брондау
4
Төлеу
ҚТЖ дисконттық карталары

Теміржол билеттері

Авиатада сіз «Қазақстан темір жолы» пойыздары жүретін барлық бағыттарға теміржол билеттерін таба аласыз. Іздеу бетінде жөнелу және келу бекеттері мен шығу күнін белгілесеңіз - жүйе қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Сіз ыңғайлы жол жүру уақытын және пойыз түрін таңдай аласыз. Егер таңдалған күні пойыздар жүрмесе, жақын күнге және таяудағы аптаға кестені көрсетеміз.

Теміржол билетін қалай брондауға болады

Пойыз билетін брондау үшін сізге келесі құжаттардың бірі қажет:

  • Қазақстан паспорты,
  • жеке куәлік,
  • туу туралы куәлік,
  • әскери билет,
  • шетелдіктің тұру ыхтиярхаты,
  • РФ паспорты,
  • Өзбекстан паспорты,
  • басқа шетелдік құжаттар.

Егер сіз куәлігіңізді жоғалтқан болсаңыз, онда Куәлікті жоғалтқаны туралы анықтамасы да тж билетін сатып алу үшін жарамды болады. Жолаушының жеке деректерін енгізуге уақыт жоғалтпау үшін жеке кабинетте тіркеліңіз. Егер сіз билет сатып алған болсаңыз, жүйе жолаушыны тізімнен таңдауды ұсынады. Содан кейін құжат нөмірі, туған күні және басқа деректер автоматты түрде толтырылады.

Қандай орындарды сатып алуға болады

Іздеу нәтижелері бетінде қажетті орын түрін таңдауға болады - Люкс, Купе, Плацкарт, Отыратын орындары. Орындар саны түріне байланысты, ҚТЖ-да олардың төртеуі бар: ҚХР, Тұлпар-Тальго, сонымен қатар ТВЗ және КВСЗ. Мысалы, Тұлпар-Тальгоның «Турист» класында әр вагонда 18 орын, «Бизнес» класында 12, «Люкс» класында 10 орын бар.

Теміржол билеттерін қалай қайтаруға болады

ТЖ билеттерін біздің сайт немесе мобильді қосымша арқылы қайтаруға болады. Ол үшін тапсырыс нөмірін білу жеткілікті, билетті сатып алған кезде келген хатта көрсетілген. Қайтару үшін комиссия алынбайды. Пойыз қалыптасатын бекетінен жөнелуіне дейін 24 сағаттан астам уақыт калса, толық сомасы қайтарылатын болады.

Билетті біз арқылы қайтаруға болмайтын екі жағдай бар: электрондық билетті отырғызу купонына немесе классикалық билетке ҚТЖ кассасы немесе терминалында ауыстырсаңыз. Сондай-ақ, егер қалыптасу бекетінен пойыздың жөнелуіне бір сағаттан кем уақыт қалған жағдайда. Қазақстан Темір Жолы кассасына жолығып, Түрлі жиындар түбіртегін алып, бізге фотосуретін жіберіңіз - осылайша біз картаңызға қаражат бөлігін қайтара аламыз. Егер сізде қайтару туралы сұрақтарыңыз болса, Қолдау қызметімізге хабарлассаңыз болады, тәулік бойы жұмыс істейді.

Теміржол билетін қалай сатып алуға болады

Теміржол билеттерін Visa немесе MasterCard банк карталары арқылы және "Сһосо" мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады - заманауи қауіпсіздік хаттамаларына сай кепілдік беріледі. Теміржол билетін бірнеше минут ішінде сатып алуға болады — қосымшадағы кеңестер билетті оңай брондауға және банк картасымен төлеуге көмектеседі. Біз электронды тіркеуі бар теміржол билеттерін онлайн сатамыз, сондықтан электронды билетті теміржол кассасында әдеттегі классикалық билетке ауыстырудың қажеті жоқ — басып шығарып отырғызуға келсеңіз жеткілікті. Кейбір теміржол билеттерін вокзал терминалында басып шығару керек, олар "электронды тіркеусіз" белгісімен белгіленген.

Неліктен Авиатадан сатып алу керек

Біз 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Forbes Қазақстанның 2018 жылғы деректері бойынша біздің компания билет сату саласындағы көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ Қазақстандағы ең ірі e-commerce компаниялары арасында 4-ші орынды иелендік. Біз ресми түрде әуе және теміржол компанияларымен жұмыс істейміз және ай сайын 100 000-нан астам билеттер сатамыз. Қызметімізбен компьютер және телефон арқылы пайдалану ыңғайлы - iOS және Android үшін мобилді қосымшаларымыз бар. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін біз Жеке кабинет аштық — енді сатып алынған барлық теміржол билеттеріңіз оңайда болады.