Авиата — лидер по продаже билетов в Казахстане

по данным журнала Forbes Kazakhstan, ноябрь 2017
Множество способов оплаты
Main visa Main mastercard Main homebank Main kaspi или наличными

Мекеме жайлы

«Авиата» — авиа және теміржол билеттерін онлайн брондап, сатып алу жүйесі.

Әрбір күн сайын, біз мыңдаған клиенттерімізге өз саяхаттарын жүзеге асыруға көмектесеміз. Жоғарғы қызмет көрсету жүйесі — бұл қол жетпес арман емес, бұл өмірлік қажеттіліктердің бірі. Біздің ең басты мақсатымыз — Қазақстандағы №1 қызмет көрсету жүйесі болу. Осы тақырыпта келесідей манифестімізді баян етпекшіміз.

Біздің компаниямыз 1997 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс жасап келетін «Шах Тревел» туристтік компаниясы мен «Тикетон» онлайн кино билеттерін сату саласында бірінші орын алатын «Глатис» веб-жобалау студиясының бірігулері барысында 2013 жылы құрылған болатын.

«Авиата» компаниясының негіздеушісі, Алексей Ли:

«Авиабилеттер нарығы кеңінен әрі тез дамуда. Бұл саланың келешегін бағалай отырып, оның өте тартымды екенін аңғардым. Шетелдік ұйқастықты жәй ғана алып көшіре салу оңай. Ал нық сенімді компанияны тұрғызу үшін, мықты IT-командасын құра отырып, әртүрлі авиакомпаниялардың жүйесіне және бүкіләлемдік брондау, төлем жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты жан-жақты жүйелерге қосылу қажет. Бұл дегенің, өте жоғары сын-тегеурін болып келетіні сөзсіз».

Бір жыл өткен соң, Халықаралық Award.kz интернет премиясының қорытындысы бойынша «2014 жылдың ең үздік компаниясы» атағын иемдендік. Ал 2015 жылы, Forbes Қазақстан журналының нәтижесі бойынша «50 орасан зор интернет-компаниялардың» қатарына қосылдық. Тағы 2 жыл өткен соң, сол Forbes журналындағы «Билеттер сатылымы» категориясының көшбасшысы бола отырып, Қазақстандағы беделді e-commerce компанияларының арасында 4-ші орынға ие болдық.

Ай сайын біз 100 мыңнан астам авиа және темржол билеттерін сатамыз. Клиенттеріміз бізге толықтай сенім білдіреді. Біздің компаниямыз Қазақстанда ресми түрде тіркелген. Біз алыпсатар компания емеспіз, біз - авиа және теміржол компанияларының ресми түрдегі серіктесі болып келеміз. «Эйр Астана», «Аэрофлот», «Туркиш Эйрлайнс», «Люфтганза» КЛМ сияқты 300-ден астам танымал авиакомпаниялармен әрдайым жұмыс жасаймыз.

Бәрінен бұрын, біз өзіміздің қызмет көрсету жүйесімен мақтанамыз. Біздің операторлар мен агенттер тәулік бойы демалыссыз жұмыс жасайды әрі үш тілде еркін сөйлейді: қазақ, орыс және ағылшын тілінде. Егер біздің клиенттерімізде билетті қайтару немесе басқа уақытқа ауыстыру жөнінде қандай да бір сұрақтар туындаса, сонымен қоса белгілі бір жағдайларға байланысты ұшу мүмкіндігі қиындап жатырса, оператор мен агенттер толықтай ақпарат береді.

Біздің команда

Біздің компанияда жұмыс жасайтын әрбір қызметкердің лауазымына қарамастан, ерекше орын алатынына кепілдік береміз және барынша ұзағынан қарым-қатынаста болуға тырысамыз. Сондықтан, біз қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мәселесіне мұқият қараймыз. Компаниямыздың бірлестік мәдениетіне сәйкес келетіндігін аңғару үшін, ең алдымен, әрбір ізденуші біздің HR-менеджерімізбен сұхбаттасады, кейін кәсіби дайындық деңгейін тексеру үшін бөлім бастығымен, және ақырында, соңғы шешім қабылдау үшін компания бастығымен сөйлеседі. Сөйтіп, осындай мұқият таңдаудың арқасында «өз» қызметкерімізді тапқанымызға күмәніміз болмайды.

Серіктестік пен жарнама

Компаниямыз ұзақ мерзімді серіктестік пен уақытша науқандарға толықтай ашық. info@aviata.me поштамызға жазуыңызды сұраймыз.

Жарнама мен серіктестік сұрақтары жөнінде marketing@aviata.me поштасына жазсаңыз болады.