Aviata.kz — Қазақстандағы ұшақ және пойыз билеттерін онлайн брондап, сатып алуға арналған сервис. Компанияның құрылғаннан бергі мақсаты — адамдардың көбірек әрі қызық саяхаттауына үлес қосу. Авиата — әуе және теміржол тасымалы нарығында алдыңғы орында тұрған, үздіксіз дамып отырған компания. Біз клиентіміз жүздің бірін таңдасын деп түрлі билет нұсқасын тауып береміз, оңай сатып алсын деп ыңғайлы функционалымызды одан әрі дамытамыз.
Ай сайын Авиата 400 мыңнан аса ұшақ және пойыз билетін сатады. «Қазақстан темір жолы» және мыңнан астам әуе компаниясымен серіктес болғанымыздың арқасында қолданушылар ондаған билеттің арасынан өзіне қолайлысын таңдай алады.
Халықтар мен мәдениеттерді жақындастыратын технология жасап шығару
Авиата үшін ұшақ және пойыз билеттерін сатып алу процесін ыңғайлы және жылдам еткен өте маңызды. Сондықтан біз жаңа мүмкіндіктерді іске қоса, бұрыннан барларын жетілдіре отырып нарықта оқ бойы озық болуға, клиенттің дегенін айтқызбай істеуге тырысамыз.
Қазір біз Air Astana, FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, Lufthansa, Belavia және басқа да көптеген әуе компаниясымен серіктеспіз. Солардың алуан-алуан ұсыныстарына қарап жолаушы кез келген бағыт пен күнге билет таба алады.
Компаниямыз тұтынушылар арасында үнемі сауалнама жүргізіп, олардың пікірін, қызметімізге қатысты кеңесін біліп отырады. Сұрағым, мәселем бар деген кез келген клиент тәулік бойы қолдау қызметіне хабарласа алады. Көмек тобы қазақша, орысша және ағылшынша жауап береді.
Біз қызмет ыңғайлы әрі жылдам болғанына көп көңіл бөлеміз. Сондықтан іздеу жүйесін әлдеқайда жеңілдететін іріктеу функциясы мен бағалар күнтізбесін іске қостық.
Авиата ыңғайлы әрі арзан рейстерді екі амалмен тауып бере алады. Біріншісі бойынша сіз екі түрлі әуе компаниясының ұшағымен барасыз. Мысалы, барарда FlyArystan ұшағына, ал қайтарда SCAT ұшағына мінесіз. Екінші амал, біз сізге ыңғайлы, күту уақыты барынша аз күрделі маршрут жоспарлап береміз. Осылай бір жерге ұшақтан ұшаққа мініп барғанда билет құны әлдеқайда төмен болады. Іздеу жүйесінің нәтижелері көрсетілгенде мұндай рейстер «Smart-маршрут» деп шығады. Мәселен, Алматыдан Мюнхенге барғыңыз келсе, Smart-маршрутқа сай әуелі Ыстамбұлда, кейін Афинада ұшақ ауыстырасыз.
2021 жылдың аяғына дейін қайтарылған я ауыстырылған билеттердің 75%-ы автомат түрде қайтарылды немесе ауыстырылды. Клиенттер билетін қоңырау шалмай, кезекке тұрмай-ақ өздері жеке кабинетінде бірнеше минутта өзгерте және қайтара алады. Одан бөлек, интернеттен сапар күні мен қызмет көрсету класын өзгертуге, багажға қосымша келі сатып алуға болады. Автоматтандыру процесі туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.
Авиата — Қазақстандағы meta іздеу жүйесі мен ОТА (онлайн тревел агенттіктері) функцияларын біріктірген алғашқы сервис. Meta іздеудің арқасында біз Авиатаның ғана емес, өзге ОТА мен әуежол компанияларының ұсыныстарын көрсетеміз. Ондайда билет сатып алу үшін үшінші тараптың сайтына өту керек болады.
Авиатадан билет іздеу жылдамдығы рекорд деңгейге жетті: қазір танымал ішкі және халықаралық бағыт рейстері туралы ақпарат 1 секундта дайын болады. Авиата клиенттердің уақытын қалай үнемдейтінін мына жерден жерден оқыңыз.
Авиатадан пойыз билеттерін де сатып алуға болады. Клиенттер біздің сайт пен қолданбадан жұрттың пойыз бен вагон туралы айтқан пікірлерін оқи, іріктеу функциясын пайдаланып төменгі орындар іздей алады, баға күнтізбесіне қарап арзан әрі тиімді билет сатып ала алады. Авиатадан пойыз билетін аларда ҚТЖ жеңілдік карталарын қолдануға болады. Мына жерде жеңілдік карталарының қандай түрі барын, оларды қалай рәсімдеп, пайдалануға болатыны жазылған.
Сервисіміздің тағы бір артықшылығы — пойыз билетін аларда жеке дерегіңізді қате толтырсаңыз, қызмет сізге қай жерді түзеу керегін бірден айтады.
Сапар аяқталғаннан кейін мінген пойызыңыз бен вагоныңыз туралы пікір қалдырсаңыз болады.
Қазір Aviatа командасында
220-дан астам қызметкер жұмыс істейді, оның 30%-ы — IT мамандары.
«Менің финтех саласындағы мансабым іс-шаралар билетін сататын Қазақстан компаниясы «Тикетон» компаниясында басталды — онда 2013 жылы әкімшілік менеджер болып жұмысқа кірген едім.
2015 жылы Авиатаға жұмысқа операциялар бөлімінің жетекшісі ретінде кіріп, осы команданың бір мүшесі болдым. 2017 жылы лауазымым көтеріліп, операциялар директоры, 2021 жылы Авиата мен Chocotravel бірлескен компаниясының директоры болдым».
«Мен Авиата командасына 2020 жылы, пандемия өршіп тұрғанда келдім. Жұмысқа тұрған бойда қашықтан жұмыс нәтижесін арттыруға білек сыбана кірістім.
Менің продакт менеджер ретіндегі бар уақытым Авиатаның әуеге қатысты бағытын дамытуға кетті: ондаған а/б сынағын, гипотеза мен зерттеу жүргіздім, әзірлеу тобымен бірге өнімімізді біртіндеп жетілдіріп, дамыттым. 2022 жылы Авиатаның өнім жөніндегі директоры лауазымына дейін көтерілдім».
«Мен Авиатаға 2018 жылы қолдау қызметіндегі кіші оператор ретінде келген едім. Бір жылдан кейін операторлар мен колл агенттерін басқара бастадым, кейін бүкіл қолдау қызметіне басшылық еттім.
2021 жылы әзірлеушілер тобының өнім жөніндегі менеджері болдым. Тұтынушыларға қызмет көрсету процестерін: сатылған билетті айырбастау, қайтару және оған түзету енгізуді автоматтандырумен айналыстым.
2022 жылдың басында өнім менеджері қызметінен кетіп, билет сатылғаннан кейінгі процестер мен қызмет деңгейіне жауап беретін Customer service командасының директоры қызметіне ауыстым».
«Aviata» ЖШС © 2010—2024