Astanabank promo img
Копите мили с любых покупок и путешествуйте дешевле!
0% комиссия, до 3% миль с любых покупок, скидки у партнёров
Stamp
help@aviata.kz Ещё контакты
help@aviata.kz

+7 (727) 225-50-55 +7 (701) 065-33-33 Күн сайын, тәулік бойы Қолма-қол төлеу кеңселерінің адресі
Множество способов оплаты
Main visa Main mastercard Main homebank Main kaspi или наличными

Саяхатшыларды сақтандыру

Қазақстанда саяхатшыларға арналғандәрігерлік сақтандыру автоматты түрде есептеліп, үйден шықпай-ақ авиабилетпен бірге рәсімделетін алғаш рет қызмет көрсетілетін болады.

Шет елдегі саяхатты несіз елестеу қиын? Жағымды көңіл-күйсіз, өзіңіз үшін жаңа нәрселерді ашу, бару-қайту авиабилеттерін, және де денсаулықпен туындаған күтпеген жағдайларды шеше алатын және жеке қаражатыңызды шығындардан сақтайтын сақтандыру полисі.

Сақтандыру мекемелердің қызметкерлерінің пікірлерінше, қазақстандықтардың 90 %-ы шет елге саяхатқа аттанғанда денсаулықты сақтандыру полисін алады. «Қазақстанда бұл қалыпты болып табылады, бізде деңгейі жоғары болып келеді. Адамдардың көбі, әдетте, бұл сұрақпен турфирмаға немесе сақтандыру мекемелердің кеңселеріне жүгінеді. Белгілі бір үлкен фирмалардың (заңды тұлға) қызметкерлері қысқа мерзімге іссапарға аттанған жағдайда ғана полиске жүгінбейді. Оларға қосымша полисттер ашу керек жоқ, себебі жұмыс беруші адам қызметкерге бұрыннан бері қалыптасқан полистті бекітеді» - дейді «Сентрас Иншуранс» сақтандыру мекемесінің жетекші директоры Руслан Погорелов. «Азаматтарымыз елімізде белгілі бір күтпеген жағдайлар жөнінде алаңдау керек емес екенін түсінеді, ал Еуропа немесе Америкада дәрігерлік қызмет алу өте қымбат екенін түсінеді. Мысалы, дәрігерден қарапайым кеңес алу кем дегенде 100 долларға (одан да жоғары) тең; тез арада жасалынатын операциялар, емдеу мен стационар – 10 000 долларға дейін құрайды. Яғни, соған байланысты шет елге аттанған кездегі уақыт ішінде сақтандырудың болуы керек екенін түсінеміз.» - деді Руслан Погорелов.

Жоғарыда айтылғандай сақтандыру полисін алу үшін мемлекет азаматы турфирмаларға немесе сақтандыру мекемелерінің кеңселеріне жүгінеді. Енді Aviata.kz авибилеттерді онлайн-сатып алу сервисі мен «Сентрас Иншуранс» сақтандыру мекемесінің ортақ жобасы арқылы әлдеқайда оңай болады. Енді дәрігерлік сақтандыруды алу үшін www.aviata.kz сайтында бір батырманы басу жеткілікті. Полистің бағасы енгізілген мәліметке байланысты автоматты түрде есептелінеді. «Сентранс Иншуранс» мекеменің жетекші директоры әлі күнге дейін бұндай функция Қазақстанда тек қазір ғана пайда болғанына таңғалады. «Біз бұл жобаның әлі де алға баратынына күмән келтірмейміз. Негізі, сақтандыру полисі қосымша өнім болып табылады, және де басты өніммен (мысалы, авиабилет) қатар жүру ең ұтымды вариант болып саналады деп ойлаймыз. Йә, мүмкін, қазіргі кезде бұл функцияның маңыздылығын барлығы дерлік түсінбейді, бірақ дамыта бере, бірнеше жылдан кейін әдеттегі бір функцияға айналатын болады.» - дейді Руслан Погорелов.

Aviata.kz онлайн-сервисінің директоры Анна Лидің пікірінше, дәрігерлік полисті онлайн түрде сатып алумен қатар сақтандырудың басқа да түрлері енгізілетін болады, мысалы, жүктің жоғалуы, рейсттің тоқтап қалуы, түйісетін рейсттерге үлгермеу және т.б. «Сонымен қатар Aviata.kz клиенттері сақтандыруды рәсімдегенде уақытты үнемдеп қана қоймай, оны сақтандыру мекемесіндегі бағамен сатып алуға мүмкіндігі болады.» - дейді Анна Ли.

Сентрас Иншуранс сайтында пресс-релизді көру

Брондаған кезде қалай болып көрінеді: