Саяхаттағанда ақша үнемдеуге көмектесер 10 қолданба

Саяхаттағанда ақша үнемдеуге көмектесер 10 қолданба
Топтама 5 мин оқисыз
21.01.2022

Саяхаттағанда ақша үнемдеуге көмектесер 10 қолданба

Тамақ, баспана, жол, ойын-сауық пен экскурсияға аз ақша жұмсаймыз

Адамдар саяхатқа шыққанда көп ақша үнемдей бермейді, себебі ақша құрта отырып жаңа білім, жаңа әсер алады деп ойлайды. Бірақ солай екен деп қаражатыңызды бейберекет жұмсай берудің керегі жоқ. Ондайда бізге бірнеше мобайл қолданба көмектесе алады. Соларды осы мақалада тізіп шықтық. Оқи отырыңыз. 

Aviata

 Жүктеп алыңыз: AppStore, Google Play

Арзан ұшақ билетін, пойыз билеті мен тур тауып беретін қолданба. Оның арзан әрі тиімді билет тауып беретін түрлі функциясы бар: әлемнің барлық іздеу жүйесінен билет іздеу жүйесі, төмен бағалар күнтізбесі, бонустар мен түрлі науқандар.  

Hotel Tonight

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Аяқ астынан қонақүй керек болса, осы қолданбаны пайдалансаңыз болады. Әдетте қонақүйлер жайғасар уақыт таяғанда бөлмелерінің бағасын көтеріп жібереді, бірақ Hotel Tonight-тағы қонақүйлер керісінше төмендетеді. Қолданбаны 450 қалада қолдана аласыз. Мысалы, Нью-Йорктегі бес жұлдызды Hilton қонақүйінде 140 долларға түнеп шығуға болады.  

Pruvo

Жүктеп алу: AppStore, Google Play

Қонақүйден арзанға бөлме брондауға болатын қолданба. Pruvo бағалар қалай өзгеріп отырғанын бақылап отырады, баға төмендеген бойда қолданшуға басқа бағаға бөлме брондауға болатын айтып хабарлама жібереді.

Dayuse

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Ұшақ ауыстыруы ұзаққа созылатын жолаушыларға ыңғайлы болар қолданба бұл. Онда бірнеше сағатқа я бір күнге бөлме жалға алуға болады. Көбіне 75 пайызға дейінгі жеңілдік бар. Dayuse 25 елде істейді.

Couchsurfing

Жүктеп алу: AppStore, Google Play

200 қаладан тегін баспана тауып беретін қолданба Couchsurfing деген. Үй иелері (хост) бөлмесін тегін беретінін айтып хабарландыру береді, модераторлар тексеріп, сайтқа жариялайды. Қолданушы хостқа сұрау жібереді, оны хост сізді таңдар-таңдамасын өзі шешеді. 

Қолданбаның арқасында өзге елді тегін аралап қоймай, тұрғындарының мәдениетімен де таныса аласыз.

Spotted by locals

Жүктеп алу: AppStore, Google Play

Жұрт көп баратын жерлерге барғысы келмейтін туристерге арналған қолданба. Онда жергілікті тұрғындардың кеңестері мен лайфхактары жиналған. Локалдар күн батысын қайдан тамашалауға, қай жерден дәмді тамақтануға, қалай ақша үнемдеуге болатынын айтып береді.

Қолданбаның арқасында 85 елдің қызық, көпке беймәлім жерлерін көре аласыз.

Izi travel

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Қолданба сіз тұрған жерді анықтап, сол туралы тегін аудиогид ұсынады. Izi travel көрікті жерлерге барғанда уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі: тарихи орындар, музейлер, сурет галереясы туралы айтып береді. Қолданба 100 елде істейді. 

Splitwise

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Бір жерге топ болып барғанда керек болар қолданба. Онда саяхатқа кеткен ортақ шығынды тең бөле аласыз. Жол, қонақүй, тамаққа жұмсаған ақшаны, яғни кез келген шығынды жазсаңыз болды, қолданба өзі есептеп береді. 

WiFi Map

Жүктеп алу: AppStore, Google Play

WiFi Map (карта) — қай жерде тегін уайфай барын көрсететін, тіпті жабықтарының құпиясөзін көрсететін сервис. Айтпақшы, біз бұрын шетелде жүргенде қалай тегін уайфайға қосылуға болатынын мына жерде бөлек айтып бергенбіз. Оқи отырыңыз. 

xCurrency

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Орысша интерфейсі бар, ақша айырбастайтын ыңғайлы сервис. Калькулятор ақшаңызды тез есептеп береді. Бір жақсысы, оған интернет керек емес, оффлайн да істей береді. Тағы бір артық тұсы — сіз тұрған жерге қарап ақшаңызды қандай валютаға айырбастайтынын біледі. 

TripAdvisor

Жүктеп алу: AppStoreGoogle Play

Көрікті жерлер, мейрамханалар мен барларға қатысты пікірлер жиналған сервис. Туристер барған, пайдаланған жерлері туралы өз ойларын, бағасын жазады. Соларға қарап сервис түрлі тізім жасайды: ұлттық тағам сататын мейрамханалар, террасалы дәмханалар, тек хип хоп әндер қоятын барлар.

Түйін

Мына мақаланы бастаушы саяхатшылар ғана емес, көпті көрген туристер де қарайды деп үміттенеміз. Сапар шеккенде комфорттан бас тартпай-ақ та біраз үнемдеуге болады. Бізге ондайда қазіргі технологиялар көмектеседі.

Саяхатқа шыққанда сізге ең маңыздысы не?

3

0

,

Сізге қызық болып қалар:

Туризмге қатысты қандай мифтерді ұмытқан жөн
07.04.2022

Туризмге қатысты қандай мифтерді ұмытқан жөн

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?
22.01.2022

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Осы айдардан:

Қар басқан тауға барып демалайық

Қар басқан тауға барып демалайық

Туған жерім — құт мекенім

Туған жерім — құт мекенім

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Куда можно улететь за 9 евро?

Куда можно улететь за 9 евро?