Саяхат туралы 10 подкаст
Шетелге көшу я бару, шетелде оқу туралы әңгімелер айтылатын подкастар
Кейде саяхат туралы кітап, мақала оқығаннан жалығасыз, ал бірдеңе қарайын десеңіз, көп уақыт кетуі мүмкін. Одан да тыңдауыр тағып алып, подкаст я радио тыңдап көрсек қалай болады?
Мында біз саяхат туралы орысша және ағылшынша 10 подкасты тізіп қойдық. Оларды Яндекс.Музыка, Spotify мен Apple подкастан тыңдай аласыз.
Travel Time
📢 Тілі: орыс
Подкаст танымал жерлер мен қатты танымал емес жерлер, шетелде оқу, дұрыс саяхаттау туралы әңгіме айтады. Ең қызық бөлімі — 900 шақырым жаяу жүрген Анастасия Суханова я Tasha Travels-тың Азиядағы гиді айтқан әңгімелер.
Women Who Travel
📢 Тілі: ағылшын
Аты айтып тұрғандай подкаст саяхатшы әйелдер туралы әңгімелер қозғайды. Жалғыз сапар шеккенді жақсы көретін әйелдерге ұнарына сенімдіміз. Одан бөлек подкастан босанғаннан кейін қалай саяхаттау керегін, шетелде жүргенде демалыс пен жұмысты қалай қатар алып жүруге болатынын біле аласыз.
Travel MBA
📢 Тілі: орыс
Подкаст шетелде саяхаттап жүріп бизнес ашқысы келетіндерге арналған. Авторлар түрлі бизнес иелерінен қалай онлайн бизнес ашуға болатынын, digital көшпенді болуға болатынын, криптовалюта, блогиң мен стартап не екенін сұрайды.
360 Degree City Podcast пен Monocle 24: The Urbanist
Қала урбанистикасына қызығып жүргендерге қызық болатын екі подкаст. Авторлар сәулет өнерін, стрит арт, қала саясаты, стрит фуд, велосипед жолдары мен өзге мәселелерді қозғайды. Подкаст урбанистика туралы көбірек ақпарат білуге ғана емес, қалаларды басқа қырынан тануға көмектеседі.
«Иммигранткаст»
📢 Тілі: орыс
Подкастың авторлары Еуропа мен Америкаға көшкенде қандай проблемаға ұшырағанын айтады. Бірақ мұнда көшкенде керек болар лайфхактар жиі айтыла бермейді. Спикерлер көшкеннен кейін өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы мен айналасы қалай өзгергенін баяндайды.
The Journey
📢 Тілі: ағылшын
Подкаст адам өмірін өзгерткен сапарлар туралы айтып береді. Әр хикая — бірінші минутында-ақ баурап алатын оқиға. Мысалы, алғашқы эпизодтардың бірінде авторлар анасы қайтқанда Аляскаға көшкенкен кейін махаббатын кезіктірген қыз туралы, ал басқа эпизодында паника шабуылдарын випасанненің көмегімен жеңген Ақ үй қызметкері туралы айтылады. Үшінші эпизодта Кенияның стендап комигі болған азамат туралы сөз қозғалады.
Zero to Travel
📢 Тілі: ағылшын
Саяхаттауға батылы жетпей жүрген жандарға арналған, түрлі сұраққа жауап беретін подкаст. Мысалы, этикаға сай қалай әрі табиғатқа зиян келтірмей саяхаттауға болатынын, Мароккоға барар алдында не білуіңіз керегін, жалғыз ел аралағанның зияндарын біле аласыз.
Taste Trekkers
📢 Тілі: ағылшын
Подкаст тамақтың тәттісін жегісі келетін саяхатшыларға арналған. Подкаста аспаздар мен фудилер қандай жергілікті мейрамханалардан таңғы ас ішкен дұрыс екенін, кешке қай барларға барған жөн екенін және ең жақсы базарлар мен дүкендер қай жерде орналасқанын айтады. Мысалы, Ыстамбұлдағы ірімшік дүкендері мен дөнерлер, Криттегі картоп фестивалі және т.б. туралы шығарылым бар. Подкаст кейінгі кезде шықпайтын болған, бірақ әңгіме болған кейбір жер әлі де баруға тұрарлық.
Travelogue
📢 Тілі: ағылшын
Travelogue — Condé Nast Traveller-дің подкасы. Онда журналдың редакторлары туристердің жанайқайын айтады, кеңес береді. Мысалы, Италияға барғанда таң атпай кофе ішкіңіз келгенде қайда барған жөн, үй ішімен бірге қалай саяхаттаған дұрыс болады деген сұрақтарға жауап аласыз. Подкаст өте пайдалы: статистика да, сарапшылардың зерттеуі мен кеңесі де, лайфхактар да бар.
0
0