Шетелде қажет болатын онлайн аудармашылар
Бұларсыз саяхат жөнді өтпес
Шетелге шыққанда кезігетін басты проблемалардың бірі тіл шығар. Жергілікті жұрт ағылшын тілін білсе бір жөн, көп қиналмайсыз. Бірақ ол тілде сөйлемейтін ел көп. Сондықтан сізге осы проблемада көмек болар түрлі онлайн аудармашылар тізімін дайындадық.
Google Translate
Google Translate 133 тілге аудара алады. Қолданбасында мәтінді саусақпен жазуға болады. Одан бөлек, суреттегі мәтінді танып аудара алады. Екі тілді диалогты да қиындықсыз тәржімелейді. Оффлайн аударғыңыз келсе, қолданбаңызды жаңартып, қажет тіл пакеттерін жазып алуыңыз керек.
Артықшылықтары
- Тегін. Толтырып мәтін аударсаңыз да, ақы төлемейміз.
- Көп тілге аударуға болады. Қазір 133 тілге аударады.
- Жазылған я айтылған сөздерді аудара алады. Аударылған әр мәтінді Google дауысты көмекшісіне дауыстап оқытуға болады. Қағазға түсірілген мәтінді 45 тілге аудара алады.
- Оффлайн режимі бар, яғни интернетсіз істейтін нұсқасы бар. Ол үшін тілдер пакетін сатып алу керек.
- Іздеу тарихы көрсетіледі.
- Бөлек қолданбасы бар.
Кемшіліктері
- Қате аударуы мүмкін. Google Translate мәтінді контекске қарамай тікелей аударады.
- Синоним мен омонимдерді шатастырады. Мысалы, «Мале» деген қаланы ағылшын тілінен еркек (male) деп аударады.
- Ауқымды мәтін аудара алмаймыз. Таңба саны 5 мыңнан аспауы керек.
iTranslate
Сервис мәтініңізді 100-ден астам тілге аударып бере алады. Мынандай мүмкіндіктері де бар: суреттегі мәтінді аудару, дауысты мәтін аудару, мәтінді аудио қылып аудару.
iTranslate-ті оффлайн қолдануға болады. Бірақ сервистің жұмысы шектеулі болады. Мысалы, негізгі нұсқасында тек онлайн аудара аласыз. Ал оның басқа функциялары Pro нұсқасында болады. Оның ақысы айына 3 доллар.
Артықшылықтары
- Кәдімгі мәтін, аудио хабарламалар мен суреттегі мәтіндерді аударады;
- Басқа қолданбаларға енгізіліп, мәтіндерді бірден аударып береді;
- Аудиоларды онлайн да, оффлайн да аударуға болады.
- Жеке қолданбасы бар.
Кемшіліктері
- Тегін емес, айына 3 доллар төлеуіңіз қажет.
- Негізгі нұсқасында оффлайн аударма жоқ. Ол үшін PRO сатып алуыңыз керек.
Мета аудармашылар
Meta переводчик — тегін уеб аударма. Онда украин, орыс, ағылшын, поляк, неміс, латыш, қазақ және француз тілдері бар. «Мета» күнде айтылып жүрген фразалардан бөлек арнайы терминдерді де аударады әрі орфографиясын тексеріп береді.
Артықшылықтары
- Орфографияны тексереді;
- Арнайы терминдерді аударады.
Кемшіліктері
- Тілдері аз. Сегіз-ақ тіл бар. Қолданбасы жоқ.
- Оффлайн режимде істемейді.
Speak and Translate
Speak & Translate тек iOS-та бар, себебі Apple компаниясының дауыс танитын технологиясын пайдаланады. Оффлайн режимде мәтініңізді 10 тілге аудара аласыз, арасында мандарин қытай тілі бар. Бірақ ол үшін әуелі про нұсқасын жазып алуыңыз керек. Құны — 6 доллар. Онлайн режимде Speak & Translate аудиоларды 54 тілге, ал мәтіндерді 117 тілге аударады.
Артықшылықтары
- Аудио және жазба, суреттердегі мәтіндерді аударуға болады.
- 32 тілге (қытай, француз және испан тілдерінің бірнеше диалектісін де) voice-to-voice аударуға болады.
- Мәтінде 117 тілге, аудионы 54 тілге аударуға болады.
Кемшіліктері
- iOS құрылғыларында ғана бар.
- Оффлайн режимін пайдалану үшін әуелі про нұсқасын жүктеп алуыңыз керек.
- Тегін нұсқасында аударуға болатын мәтін саны шектеулі болады.
- Кей қолданушы аудио аудармашы ағылшын диалектілерін түсінбейді дейді.
TripLingo
TripLingo — аудармашы ғана емес, өзге тілдерді үйрететін сервис. Мысалы, түрлі қалалар туралы мақала оқуға болады, үйренген тіліңізді жаттықтырсаңыз болады, картаға қарап сөз үйренуге болады. Қолданбада 42 тіл бар.
Артықшылықтары
- Өз бетімен тіл үйрену мүмкіндігі бар: аудио сабақтар, карточкалар, куиз.
- Әр фраза мен сөздің қасында контексі көрсетіледі.
- Басқа да басымдықтары: шайпұл калькуляторы, танымал сұрақтардың жауабы;
- Бөлек қолданбасы бар.
Кемшіліктері
- 42-ақ тіл бар;
- браузер нұсқасы жоқ, тек қолданбасы бар.
Papago
Papago 14 тілден мәтін, аудио мен сурет аударады. Эсперанто тілінен аударсақ papago көп тіл білетін құс деген сөз.
Сервисті жасап шығарғандар Оңтүстік Кореядан болғандықтан, ондағы тілдердің көбі Азия елдерінікі: корей, хинди, жапон, қытай, вьетнам, тай және индонезиян тілдері. Еуропа тілдерінен тек орыс, ағылшын, испан, француз, португал, неміс пен итальян тілдері бар.
Артықшылықтары
- Нейро желінің арқасында аударма контекстері сақталады;
- Мәтінді өзіңіз енгізсеңіз болады, аудио мен сурет аударуға болады;
- Voice-to-voice аударуға болады;
- Бөлек тегін қолданбасы бар;
- Оффлайн режим.
Кемшіліктері
- Тілі аз (14);
- Уеб нұсқасында тек мәтін аударуға болады.
Microsoft Translator
Microsoft Translator — дереу аударма керек болғанда қажет болар құрал. Сайтта ауқымды мәтін аударуға болады. 83 тілге аударады, арасында қазақ тілі де бар.
Артықшылықтары
- Тілі көп;
- Синхрон аудару;
- Бөлек қолданбасы бар.
Кемшіліктері
- Аудармалары сапасыз. Қолданушылар сервис аудармаларын бұрмалайды дейді.
- Қолданба синхрон түрде аударғанда дұрыс істемейді.
Photo Translator
Photo Translator — iOS-қа арналған, сурет мәтіндер аударатын қолданба. Олардың жасанды интеллекті 100 тілге аударады.
Артықшылықтары
- Аудармаларға жасанды интеллект жауапты болғандықтан фразалардың көбі контекске қарай аударылады;
- Оффлайн аударуға болады;
- iOS-қа арналған бөлек қолданбасы бар.
Кемшіліктері
- тек iOS қолданушыларға арналған;
- жарнамаларды тек ақылы нұсқасында өшіріп тастауға болады. Тегін нұқсасында үнемі ақылы нұсқа туралы жарнамалар, пуш хабарламалар шыға береді.
SayHi Translate
SayHi Translate — дауыс аударатын сервис, amazon компаниясының өнімі. 101 тілге аударады, бірақ қазақ тілі жоқ :( Қолданбада өз айтқаныңыз бен өзгеніңіз айтқанын аударуға болады.
Артықшылықтары
- Қолданбасы тегін, барлық қызметін премиум нұсқасына жазылмай-ақ та пайдалана беруге болады. Жарнамасы да жоқ.
- Араб, ағылшын, француз, итальян, қытай, португал және испан тілдерінің диалектілерін аударады.
Кемшіліктері
- Дұрыс аудармауы мүмкін.
Редакцияның таңдағаны
Авиатаның редакциясы әдетте Google Translate қолданбасын пайдаланады. Себебі интерфейсі ыңғайлы, сапалы аударма, сурет те, аудио да аударуға болады. Тегін болғаны тіпті керемет.
Пользуетесь ли вы переводчиками в путешествии?
2
0