Әйелдерге ғана арналған турларды қайдан табуға болады?

Әйелдерге ғана арналған турларды қайдан табуға болады?
Топтама 2 мин оқисыз
20.07.2022

Әйелдерге ғана арналған турларды қайдан табуға болады?

Қауіпсіз сапарлар мен тревел қызойнақ

Батыстың әйелдері кейінгі кезде women-only турларын жиі ала бастады. Әйелдерге ғана арналған тур қыздар ғана баратын шопиң тур емес, қауіпсіз, табиғатқа шығатын турлар. Мысалы, Эверестке шығатын тур, Гренландия экспедициясы. 

Осындай турларға қызығып жүрсеңіз, кімнің көмегіне жүгінуге болатынын айтып берейік. 

Adventure Women

1982 жылы құрылған компания әйелдерге кішігірім топтық тур ұйымдастырып жүр. Гидтері де, аудармашылары да, бәрі — әйел. Бұл турларды әлемнің 65 елінен таба аласыз. Мысалы, Галапагос аралдарын круизбен аралайтын, Сахара шөліне баратын немесе Перудегі треккиң жолға апаратын тур алуға болады. Турлардың бағасы 2 мың доллардан басталады. Бұл баға әдетте ұшақ билеттері қосылмайды.

Whoa Travel

Whoa Travel — қызық әрі ерекше тур ұйымдастыратын ұйым. Мысалы, олардан Килиманжаро шыңына көтерілетін, Патагония я Жаңа Зеландияға баратын тур алуға болады. Whoa Travel wellness-ретрит ұсынбайды, сондықтан таңдар алдында мұқият болыңыз. Айтпақшы, компаниядан барар жері белгісіз тур сатып алуға болады. Бастысы — өзіңізге не ұнайтынын, денсаулығыңыз мен бюджет жағдайыңызды жазып беріңіз. 

World Expeditions

Компания 20 тур ұсына алады: Ұлы Қытай қорғаны, Исландия, Папуа Жаңа Гуинея, Вьетнам, Солтүстік мұзды мұхит пен тағы басқа турлар. Айтпақшы, World Expeditions арқылы Эвересті бағындырған бірінші әйел Шерон Вудпен бірге Непалға треккиң турға бара аласыз. Жалықпасыңыз анық. 

Бір қызығы, World Expeditions тек әйелдер қатысады екен деп оңай маршрут құрмайды екен.

Surf Sistas

Surf Sistas не екенін түсіну үшін сөрф кәмп не екенін түсініп алу керек. Бұл — сөрферлер демалатын кішкентай қонақүйлер. Surf Sistas — Ұлыбритания, Коста-Рика, Марокко, Бали мен өзге елдердің жағалауында мыңдаған сөрфер әйел жинайтын ұйым. 

0

1

,

Осы айдардан:

Қар басқан тауға барып демалайық

Қар басқан тауға барып демалайық

Туған жерім — құт мекенім

Туған жерім — құт мекенім

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Куда можно улететь за 9 евро?

Куда можно улететь за 9 евро?