Шенген күндерін қалай есептейміз

Шенген күндерін қалай есептейміз
Білген жөн 3 мин оқисыз
02.02.2023

Шенген күндерін қалай есептейміз

Калькулятор мен екі бет қағаз шығарамыз

Еуропаның ең танымал қалаларына бару үшін Қазақстан азаматтары шенген визасын алуы керек. Оған көп уақыт пен энергия кетеді. Құжат жинағаннан басқа оның күнің есептеуіңіз керек. Калькулятордың көмегімен оны қалай санайтыныңызды айтып берейік.

90/180 ережесі

Қысқа мерзімді виза берілсе, 90/180 ережесіне бағынасыз. Оның мәні былай — шенген аймағында 90 күн емін-еркін жүре аласыз. бірақ ол 90 күнді пайдалануға жарты жыл беріледі.

Шенген стикерінде қай күні кіріп, қай күні шығуыңыз керек екені жазылады. Дәл сол күні кіруге міндетті емесіз, бірақ жазылған күні шығып кетуіңіз керек. Шенген аумағына кірген күні 180 күндік мерзім басталады.

Мысалы, сіздің визаңыз бір рет кіретін виза және сіз шенген аумағына 2024 жылғы 1 маусымда кірдіңіз. Демек, Еуропадан шығатын күніңіз — 2024 жылғы 30 тамыз.

90/180 ережесін бірнеше рет кіретін виза болғанда пайдаланған оңай. Мысалы, виза 2024 жылғы 1 қаңтарда берілді делік. Шенген 2023 жылғы 30 маусымға дейін жарамды. Сіз Шенген аумағына 2 қаңтарда кіріп, 2 ақпанда шығып кеттіңіз. 60 күннен кейін қайтып кірдіңіз, 15 күн жүрдіңіз де, 70 күнге шығып кеттіңіз. Сіз Шенген аумағында 45 күн жүрдіңіз, бірақ визаның мерзімі 30 маусымда аяқталады, сондықтан 70 күннен кейін Шенгенге кіре алмайсыз.

Шенген аумағынан визадағы стикерде UNTIL деп жазылған күніне дейін шығып кетуіңіз. 90 күннен аз жүрсеңіз де, аумақтан шығуға тиіссіз. 

Айтпақшы, визаның мерзімін ұзартқыңыз келсе де, осы ережеге бағынасыз. Мәселен, сіз 90 күнді пайдаланып болдыңыз да, мерзімді ұзартқыңыз келеді. Онда отырып ұзарта алмайсыз, себебі 180 күндік мерзім аяқталған жоқ.

Кейде Бастап — Дейін деген мерзім 90 күннен асуы мүмкін. Бұл қысқа мерзімді виза одан да ұзақ мерзімге берілді деген сөз емес. Ол мерзім жолыңызды дұрыстап жоспарлап алыңыз деп беріледі.

Шенген аймағында визадағы мерзімнен артық жүрсеңіз, қалай жазаланасыз?

Шенген елдерінің заңын бұзған адамға айыппұл салынуы мүмкін, елден қуылып, қайтадан кіруге тыйым салынуы мүмкін. Мерзімінен кейін кетсеңіз, ендігіде виза берілмеуі ғажап емес. Себебі Еуропадағы жүріп-тұрғаныңыз Шенген базасында сақталады, яғни қашан шыққаныңыз көрініп тұрады.

Шенген визасы калькуляторы

Калькулятор — қысқа мерзімді визалары (С санатты) барларға таптырмас құрал. Ол сіздің Еуропадағы саяхатыңызды жоспарлауға көмектеседі.

Калькулятор Шенген елдерінде 180 күнде неше күн жүргеніңізді есептеп береді. Керек десеңіз, неше күн артық жүргеніңізді анықтап береді.

Калькулятор есептеген мерзімді 100 пайыз дұрыс ақпарат деп санамаңыз. Ол ресми дереккөз емес, жай ғана нұсқаулық.

Калькуляторды Еуропа одағының ресми сайтынан таба аласыз. Мына сілтемені басыңыз.

Қай елге барғаныңыз есептелмейді?

Калькулятор ұзақ мерзімді виза я тұру ықтиярхаты барлардың күнін есептемейді. Оған қоса, Болгария, Ұлыбритания, Ирландия, Кипр мен Румыния Шенген аумағы болмағандықтан, ол жаққа барғаныңыз визадағы күніңізге әсер етпейді.

1

0

,

Осы айдардан:

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?

Визаның түрлері мен құжат тапсыру тәртібі

Визаның түрлері мен құжат тапсыру тәртібі