2024 жылы Қазақстан азаматтары шенген визасын қалай жасатады

2024 жылы Қазақстан азаматтары шенген визасын қалай жасатады
Білген жөн 4 мин оқисыз
17.01.2022

2024 жылы Қазақстан азаматтары шенген визасын қалай жасатады

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Материал жаңартылған күн: 04.01.2024

Шенген визасы деген не?

Шенген аймағында емін-еркін жүруге жағдай жасайтын виза. Осы визаңыз болса, мына елдерге бара аласыз:

АустрияБельгияВенгрия
ГерманияГрекияДания
ИсландияИспанияИталия
ЛатвияЛитваЛихтенштейн
ЛюксембургМальтаНидерланд
НорвегияПольшаПортугалия
СловакияСловенияФинляндия
ФранцияХорватияЧехия
ШвейцарияШвецияЭстония

Шенген аймағына жатпайтын, бірақ шенген визасы барларын кіргізетін елдер:

Албания, Болгария, Румыния, Кипр, Бонайре аралы, Саба мен Синт-Эстатиус, Кюрасао және Синт-Мартен аралы, Гибралтар, Реюньон мен Француз Гуианасы.

2022 жылғы 8 желтоқсанда Еуропа одағының ішкі істер және әділет министрлігі Хорватияны Шенген аймағына қосты.

Шенген визасы кімге беріледі?

Шенген визасының төрт түрі бар: A, B, C, D. А мен В — үшінші елге ұшып бара жатқанда керек транзит визасы. А әуежайдың аумағында жүруге мүмкіндік береді (шығуға болмайды), В түрі — шенген виза аймағының шекарасын 5 күнде өтуге рұқсат беретін құжат. С түрі — қысқа мерзімді туризм визасы, туристер соны жасатады. D түрін оқу, жұмыс істеу үшін я көшіп бару үшін алады.

Бұрын Қазақстан азаматтары тек бірнеше шенген елінің туризм визасын алатын еді. Мысалы, Испанияның я Мажарстанның. Еуропа одағы елдерінің көбіне оқуға, жұмыс істеуге, емделуге я туған-туыстарды көруге баруға болатын. Қазір олардың көбіне виза алып бара беруге болады.

Шенген визасының мерзімі қандай?

Мерзімі визаңыздың түріне қарай әртүрлі болады. С түрлі визаның арқасында алты ай сайын ары кеткенде 90 күн жүре аласыз. 

Визаның бір-ақ рет пайдаланатын және бірнеше рет пайдаланатын түрлері болады. Мысалы, сіздің визаңыз — бір-ақ рет қолданылатын виза. Норвегияға 10 күнге барып қайттыңыз делік, бірақ кейін бұл елге сол визамен кіре алмайсыз, басқа виза алуыңыз керек. Бірнеше рет пайдаланатын визаңыз бар болса, Норвегияға кіріп-шығып жүре бересіз. Бастысы — елде неше күн бұрын кіргеніңізді қадағаласаңыз болды.  

Бір шенген визасымен бірнеше елге баруға бола ма?

Иә, әр елдің шекарасынан өткенде жаңа виза жасатудың керегі жоқ. Бір елде ұзағырақ қалмақ болсаңыз, сол елдің визасын алыңыз. Бірақ әр елге бір мерзімге барсаңыз, бірінші баратын елдің визасын жасатыңыз.

Визаны неше күнде жасатуға болады?

Виза беру-бермеу туралы шешім 15 күнде шығады. Құжаттарды дұрыс тапсырмасаңыз я оларға қатысты мәселе шықса, мерзімі ұзаруы мүмкін. 

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Шенген елдерінің талаптары өзгеріп отыруы мүмкін, сондықтан құжат тапсырар алдында бар мәліметті анықтап алыңыз. 

1-қадам

Құжат дайындайсыз. Елшіліктің сайтына кіріп, не керегін біліп алыңыз. 

Шенген визасын алуға қажет құжаттар

1. Өтінім я анкета. Елшіліктің сайтынан көшіріп алуға болады. Мысалы, мынау — Германия визасын алуға арналған өтінім, ал мынау — Италия визасының анкетасы.

Анкетаны ағылшынша я сіз баратын елдің тілінде толтыру керек. Тек сол жағын толтыру керек, оң жағын консулдықтың өкілі толтырады. Анкета фотоңызды жапсыруды ұмытып кетпеңіз.

2. Паспорт пен бұрынғы визалардың көшірмесі. Паспорттың бірінші бетінің көшірмесін жасатыңыз. Паспортта екі бет бос болуға тиіс. 

3. Паспорт форматты, арты ақ түсті анфас фото. Өлшемі — 3,5×4,5. Фотосалонға барып жасатқаныңыз жақсы. Шенген визасына фото керегін айтыңыз, фотограф қандай фото керегін білуі керек. 

4. Қонақүй броні я пәтер броні. Расталған болуы керек. 

5. Банктің көшірме үзіндісі. Шотыңызда орташа алғанда бір күнге 65 доллар болуы керек. 

6. Туристерге арналған медсақтандыру. Сомасы 30 мың еуродан аз болмауы керек және шенген елдерінің аумағында кететін шығынды өтеуі керек. 

7. Екі жаққа алынған билеттің броні.

8. Жұмыс орны берген анықтама мен демалыс туралы бұйрық. Олар компанияның ресми қағазына жазылуы керек әрі жетекшіңіздің қолы, жалақыңыз бен лауазымыңыз тұруы керек.

9. Неке, ажырасу туралы я 18-ге толмаған балаңыз бары туралы куәліктің көшірмесі. 

Кәмелет жасына толмағандар және ата-анасыз барғалы жатқан балалар туу туралы куәліктің түпнұсқасын, ата-ананың рұқсаты жазылған, нотариус қол қойған құжат.

2-қадам

Консулдыққа жазылыңыз. Ақы төлемейсіз. Сайттан керек пункті, күні мен уақытын таңдаңыз. Өтінімді сапарға 180 күн қалғанда беруге болады. Ең аз дегенде 15 күн бұрын беруіңіз керек. 

Құжатыңыз тапсыруға дайын болатын әрі мерзімі өтіп кетпейтін күнді таңдаңыз.

Осындай күні келіңіз деген хат поштаңызға жіберіледі, оны басып шығаруыңыз керек.

3-қадам

Консулдыққа құжаттарыңызды тиянақты дайындап барыңыз. Алым төлейтін ақшаңызды да ала кетіңіз.

4-қадам

Бәрі ойдағыдай өтіп, қызметкерлер өтініміңізді қабылдаса, консулдық алымы мен биометрика алымын төлеуге жібереді. 

2024 жылы Қазақстанда шенген визасына қанша төлеу керек?

Шенген визасының ақысы барғыңыз келген елге байланысты болады. Көп елдің құжат қабылдайтын арнайы орталықтары болады, сондықтан консулдық алымын ғана емес, қызмет алымын да төлеу қажет. Мысалы, Германия визасын алу үшін Visametric агенттігі арқылы құжат тапсырасыз. Тиісінше қызмет және консулдық алымын төлейсіз.

Консулдық алымы 80 еуро (ересектер мен 12-ден асқан балалар) және 40 еуро (6-12 жасты балалар). Германияда Visametric-тің қызмет алымы 26,54 еуро (13 мың теңгедей).

Консулдық алымы мен сервис алымын ақшалай төлейсіз, қандай валюта екені барғалы жатқан елге байланысты болады. Германия болса, теңге төлейсіз, Мажарстан болса, еуро төлейсіз. Теңгеге шаққанда ақы қанша болатыны айырбастау курсына қарай өзгереді.

Қай елшілік шенген береді?

Мына елшілік беруі мүмкін, мына елшілік бермеуі мүмкін деген болжам жасау қиын. Бәрі бұрын қайда барғаныңыз, қаржы жағдайыңыз бен басқа құжаттарға тәуелді болады. Мынаған да байланысты болуы мүмкін: бір елішілік құжаттарды қатты мұқият тексереді, ал өзгесі олай тексермейді. 

2024 жылы Алматы мен Астанада шенген визасын жасатуға болатын жерлер

Өтінімді Еуропа одағы елдерінің консулдығы мен елшіліктеріне барып беруге болады. Кей елшілік құжаттарды арнайы виза орталықтары мен өкілдіктері арқылы қабылдайды. Мысалы, Италия өтінімдерді VMS ресми виза орталығы арқылы қабылдайды. Астанадағы мекенжайы — Қабанбай батыр, 6/1. Алматыдағысы — Сейфуллин даңғылы, 498.

Шенген визасы берілмей қалуы мүмкін бе?

Иә, мүмкін. Себебі көп болуы мүмкін. Ең жиі кезігетіні: 

  • барғыңыз елге барып көрмегенсіз;
  • тым көп елге бармақсыз әрі билеттеріңіз я қонақүй броні расталмаған;
  • мемлекетке қарыздарсыз я айыппұл төлемегенсіз;
  • барғыңыз келген елден виза режимін бұзғаныңыз үшін қуылғансыз;
  • банктің үзінді көшірмесінде ақшаңыз жоқ;
  • кей құжатты тапсырмағансыз.
Авиата кез келген елдің визасын алуға көмектеседі! Виза туралы ақыл-кеңіс алғыңыз келсе, өтінім қалдырыңыз.

Шенген визасын қалай жасатасыз?

93

5

,

Сізге қызық болып қалар:

Туризмге қатысты қандай мифтерді ұмытқан жөн
07.04.2022

Туризмге қатысты қандай мифтерді ұмытқан жөн

Подробная инструкция о том, как получить визу в США

Подробная инструкция о том, как получить визу в США

Инструкция для тех, кто летит в Европу

Инструкция для тех, кто летит в Европу

Осы айдардан:

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Калькулятор мен екі бет қағаз шығарамыз

Калькулятор мен екі бет қағаз шығарамыз

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?