Жапония визасын қалай аламыз?
Визаның түрлері мен құжат тапсыру тәртібі
Жапония — жұрт сакура гүлдегенін және қызыл үйеңкі көру үшін, Гибли музейіне я тауға бару үшін, Сибуя қиылысын көру үшін я такояки жеу үшін баратын ел. Сондықтан бұл елдің визасын алу амалдарын айтып берейік.
2024 жылы Қазақстан азаматтары Жапонияға бару үшін виза алуы керек пе?
Иә, Қазақстан азаматтары жапон визасын алуға тиіс.
Толығырақ ақпаратты жапон елшілігінің сайтынан біле аласыз.
Қандай құжат тапсыру керек?
Құжаттардың тізімі қандай виза алғыңыз келетініне байланысты. Елшілік қосымша құжат сұратуы мүмкін.
Бірер ереже:
- виза рәсімдеуге өзіңіз баруыңыз керек я сенім жүктелген тұлға баруы керек;
- барлық құжаттың түпнұсқасын тапсыру керек;
- құжаттарды курьерден беріп жіберуге болмайды.
Құжаттар 9:30-12:00 аралығында қабылданады, ал 14:30-17:00-де беріледі. Елшілік сенбі, жексенбі және мекере күндері жабық болады.
Виза туралы көбірек білгім келеді десеңіз, +7 (7172) 97-78-72 нөміріне я 8 800 080 81 72 (жапон визасына қатысты шұғыл нөмір) нөміріне қоңырау шалыңыз.
Турист визасын алатындар тапсыратын құжаттар
- Паспорт
- Бұрынғы визалардың көшірмесі (бар болса);
- Жақында түсірілген екі суретіңіз (өлшемі — 4,5х4,5 см, фоны ақ болуы керек);
- Қонақүй броні;
- Жапонияда не істейтініңізді түгел жазып шығуыңыз керек, ағылшынша я жапонша;
- Барып қайтатын билетіңіздің броні;
- Жұмысыңыз берген анықтама, хат компанияңыздың фирмалық қағазына жазылуы керек әрі лауазымыңыз көрсетілуге тиіс. Өз кәсібі барлар ЖК я ЖШС тіркелгені туралы куәлік, салыққа қатысты қарыз жоғы туралы анықтама тапсырады, ал оқушылар мен студенттер оқуы берген анықтама өткізеді. Зейнеткерлер зейнет туралы куәлігін көрсетеді.
- Демалыс туралы бұйрық;
- Шотыңызда 1500 доллар бары туралы банк анықтамасы;
- Шотыңыздан кейінгі 3-6 айдың үзінді көшірме;
- Жеке құжаттарыңыздың көшірмесі: неке/ажырасу туралы куәлік, кәмелет жасына толмаған балаларыңыздың туу туралы куәлігі;
- Медициналық сақтандыру полисі.
Қонақ визасын алатындар тапсыратын құжаттар
Жаңа айтылған құжаттар мен мына құжаттар:
- Жапонияда тұрып жатқан жеке тұлғаның шақыруының түпнұсқасы. Онда әр күні не істейтініңіз түгелдей жазылуы керек.
- Сізді шақырған жақ жіберген кепілхат;
- Сізге кепіл болған адамның (гаранттың) жеке куәлігі, Juminhyo, жұмысы берген анықтама, шақырған адамның қаржы жағдайын көрсететін құжат, гарант шетел азаматы болса, оның резидент картасын көрсету керек; ағайын екеніңізді дәлелдейтін құжат.
- Шақырған адам танысыңыз болса, таныс екеніңізді дәлелдейтін құжат керек: хат, келіссөздер туралы анықтама, бірге түскен фотоларыңыз және тағы басқа.
Іссапарға баратындар тапсыратындар құжаттар
Іссапар визасын алғысы келетіндер жаңа айтылған құжаттар мен мына құжаттарды тапсыруы керек.
- Жапон компаниясының шақыруы;
- Жұмыс берушінің іссапар туралы бұйрығы, онда сапардың ақысын кім төлейтіні жазылып тұруы керек.
18-ге толмағандар тапсыратын құжаттар
Кәмелет жасына толмаған баласын ертіп жүретін ата-ана мына құжаттарды да тапсыруы керек:
- Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі), паспорты;
- Баланы ертіп жүрмейтін әкенің я ананың нотариус қол қойған рұқсаты;
- Ата-ананың жеке куәліктері мен паспортының көшірмесі.
Жапон визасын жасауға кететін уақыт
Елшілік визаны 7-10 жұмыс күні ішінде береді. Процесті тездетуге болмайды. Қабылдауға ерте жазылудың керегі жоқ. Себебі аяқтай барып, кезекке тұруыңыз керек.
Жапон визасы қанша тұрады?
Виза тегін: ешқандай консулдық алымын төлемейсіз. Тез рәсімдеу қызметі жоқ.
Әдетте туристер олардың орнына құжат жинайтын агенттіктердің ақысын төлейді.
Жапон визасы керек болса, мына бетті ашып, өтінім қалдырсаңыз болады. Авиата кез келген елдің визасын аламын дегендерге көмектеседі!
Жапонияның Қазақстандағы елшіліктерінің мекенжайы
Жапония елшілігінің астанадағы мекенжайы: Астана қаласы, Шұбар шағын ауданы, Космонавтов көшесі, 62, 5-қабат. Алматыдағы мекенжайы: Қазыбек би көшесі, 41а, 3-қабат.
15
2