Қазақстан үкіметі ұшақпен тасуға болмайтын заттардың жаңа тізімін шығарды
Құжатқа бірнеше пункт қосылған
Ұшақпен тасуға болмайтын заттар тізілген жаңа тізім үкіметтің 2023 жылғы 27 шілдеде шығарған бұйрығында жазылған.
Қолжүк пен багажға мыналарды салуға болмайды:
- жарылғыш заттар, оқ-дәрі, снаряд және олардың муляжы;
- радиоактив заттар;
- есірткі заттар;
- сығылған және сұйытылған газдар, аэрозольдің дәрі түрлерінен басқа түрлері;
- тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар (ацетон, бензин, алкоголь ішімдіктер, тағы басқасы);
- тұтанғыш қатты заттар (калий, натрий, фосфор, тағы басқасы);
- улы және улайтын заттар;
- инфекция туғызатын заттар мен материалдар;
- күйдіретін және тоттанатын заттар;
- бос оттықтар, жанармай мен жанар-жағармай құйылған кез келген зат;
- атыс қаруының, үшкір, кесетін қарудың барлық түрі, бита, кий, сойыл, ескек, сырғытпа таяқ, қармақ сап.
Қолжүкке көлемі 100 миллилитрден асқан сұйықтық, аэрозоль мен гель салуға болмайды. Олар мыналар:
- су, сусындар, сироп, джем, бұқтырылған ет, соус, паста;
- крем, лосьон, гель, косметика зат пен май;
- әтір, спрей;
- қырынуға арналған көбік, дезодорант;
- паста (тіс пастасы да);
- ерінге арналған жылтыр далап пен кірпік сүрмесі;
Қолжүкке темекі шегетін құрал, литий-ионды электрондық құрылғылар мен қосымша батареялар салуға болмайды.
Тыйым салынған заттар тізімін мына жерден оқи аласыздар.
13
30