2025 жылы Тайландқа кіру ережелері: нені білуіміз керек
Electronic Travel Authorization
Тайланд туристерге арналған жаңа ережелер шығарды. Ол елге кіру үшін енді арнайы рұқсат алу керек.
Кіру рұқсаты
2025 жылы Тайландта ETA (кіру үшін алатын электрондық рұқсат) іске қосылады. Оны Тайландпен визасыз режимі бар елдердің туристері алуға тиіс.
Кіруге рұқсат алу үшін ресми сайттан өтінім жібересіз. Ешқандай ақы төлемейсіз. Рұқсатты Тайландқа барған сайын алу керек.
Кіру рұқсаты бар саяхатшылар шекарадан өтерде автоматты қақпадан өте береді. Ол үшін ETA-дағы QR кодын cкандау керек.
Қазақстан мен Тайланд арасындағы визасыз режим
2024 жылғы 18 сәуірде Қазақстан мен Тайланд визасыз режим туралы шешімге қол қойған еді. Соның арқасында Қазақстан азаматтары Тайландта жарты жыл сайын 90 күнге дейін визасыз жүре алады.
Визасыз режим басталғалы бері Тайландқа барып көрдіңіз бе?
Тайландқа 93 елдің азаматтары виза алмай бара алады. Олар тек электрондық рұқсат алса болды, кедергісіз кіре береді.
3
1