Eminem, Maroon 5 пен Muse Әбу-Дәбиде өтетін Формула Бірде өнер көрсетеді

Жаңалық 4 мин оқисыз
25.07.2024

Eminem, Maroon 5 пен Muse Әбу-Дәбиде өтетін Формула Бірде өнер көрсетеді

2024 жылы 5-8 желтоқсан

Формула Бір туралы

Ол не? Аты қайдан шыққан?

Формула Бір — авто жарыстан әлем чемпионаты. Алғаш рет 1950 жылы Ұлыбританияда өткен.

фото: abudhabigp.com

Формула Бір деген атау жарыстың техникалық ережесінен, яғни формуладан шыққан. Жарысатын көліктер осы ережелерге сай болуға тиіс. Формула Екі, Формула Үш және Формула Төрт деген де автобәйгелер бар. Олардың ережесі Бірдікінен өзгеше болады. 

А вы знали, почему Формула-1 так называется? 🏎️

Формула Бірде үздік пилоттар мен көліктер жарысады. Жыл сайын олар әлемнің үздік жарысушысы және үздік командасы деген атаққа таласады. Формула Бірдің әр жарысы Гран-при деп аталады.

2024 жылғы финал Гран-при Әбу-Дәбиде өтеді.

Әбу-Дәбиде 2024 жылы өтетін Гран-при

Формула Бірдің Гран-приі Әбу-Дәбиде 2024 жылғы 5-8 желтоқсанда өтеді. 

Жарыстың бәрі Yas Marina Circuit трассасында өтеді. Бұл трасса — дүниежүзіндегі үздік жолдардың бірі.

фото: formula1.com

Бұл — Әбу-Дәбиде өтетін жарыстардың кестесі. Дегенмен де уақыты өзгеруі мүмкін, нақтысы жарысқа бірнеше апта қалғанда белгілі болады. 

2024 жылғы 5 желтоқсан11:45–14:45 — питлейнді аралау
6 желтоқсан13:00–14:30 — 1-жаттығу
17:00–18:30 — 2-жаттығу
7 желтоқсан14:00–15:00 — 3-жаттығу
17:00–18:00 — Квалификация
8 желтоқсан17:00–19:00 — Жарыс

Жаттығу басталар алдында питлейнді аралауға болады. Питлейн дегеніміз — жарыс трассасындағы көліктерді тексеретін, жөндейтін жер. Әр команданың гаражына барып, көліктердің дайындығына қарай аласыз. Пилоттарды да көруге болады!

Гран-при жаттығу, квалификация мен жарыстан тұрады. 

  • Жаттығуда жарысушылар трассамен жүріп көріп, көліктерін сынайды;
  • Квалификация әр жарыстың алдында өткізіледі. Онда қатысушылардың реті анықталады.
  • Жарыс — уикендтің бас іс-шарасы. Жексенбіде өтеді. Бұл кезеңде пилоттар ұпай мен орынға таласады.

фото: yasmarinacircuit.com

Концерттер

Перформанстар

Жарыстардан кейін әдетте танымал әншілер ән айтады. Бұрын Пол Маккартни, Рианна, The Weeknd, Marshmello мен өзгелері өнер көрсеткен еді.

2024 жылы Формула Бірде Eminem, Maroon 5 пен Muse ән шырқайды. Төртінші әртіс те бар. Бірақ аты кейін белгілі болады.
Өтетін күніӘнші
5 желтоқсан❓👀
6 желтоқсанMaroon 5
7 желтоқсанEminem
8 желтоқсанMuse 

Кого из исполнителей слушаете чаще?

Maroon 5

Марун Файв 6 желтоқсанда, бірінші жаттығудан кейін перформанс қояды. 

Maroon 5 — америкалық поп-рок тобы. Қазір онда 6 адам өнер көрсетіп жүр: Адам Левин, Жесси Кармайкл, Жеймс Валентайн, Мэтт Флинн, Пи Джей Мортон мен Сэм Фаррар.

Топтың танымал әндері — Maps, Sugar, Payphone, Moves Like Jagger.

фото: abudhabigp.com

Eminem

Эминем 7 желтоқсанда, соңғы жаттығу мен іріктеуден кейін өнер көрсетеді.

Eminem — Америкадан шыққан рэпер әрі продюсер. Шын аты — Маршалл Брюс Мэтерс III. Slim Shady деген лақап аты да бар. Эминем — Формула Бірдің фанаты.

Эминемнің атақты әндері — Without Me, The Real Slim Shady, Mockingbird, Rap God, Lose Yourself.

фото: abudhabigp.com

Muse

Muse концерті 8 желтоқсанда, Гран-придің соңғы жарысынан кейін өтеді деп жоспарланған. 

Muse — британ рок тобы. Мэттью Беллами, Крис Уолстенхолм мен Доминик Ховард деген мүшелері бар.

Олардың Supermassive Black Hole және Hysteria деген әндерін білетін шығарсыз.

фото: abudhabigp.com

Концертке қалай барамыз?

Төрт концерттің бәрін Әбу-Дәбиде өтетін Формула Бірдің билетін көрсетіп тамашалай аласыз.

Әбу-Дәбиде өтетін Формула Бірдің билеттері

Әбу-Дәбиде өтетін Формула Бірдің Гран-приіне билетті ресми сайттан ала аласыз. Бір күнге де, барлық күнге де ала аласыз. 

Бір билеттің бағасы 750 дирхамнан басталады (97 000 теңге).

Ұшақ билеті

Қазақстаннан Әбу-Дәбиге жету үшін кемі 32 384 теңге төлеуіңіз керек. Билеттерді Авиатадан іздеңіз!

Қазақстан азаматтары БАӘ-де 30 күн визасыз жүре алады. 

10

0

,

Басқа жаңалықтар: