Дубайда 2025 жылы өтетін концерттер

Жаңалық 5 мин оқисыз
17.10.2024

Дубайда 2025 жылы өтетін концерттер

Музыкалық саяхатқа аттанайық

2025 жылы Green Day, Cigarettes After Sex пен Баста Дубайда өнер көрсетеді. Одан бөлек классикалық музыка фестивалі өтеді. 

Толығарақ ақпарат төменде. Жаңалықты кейде қадағалап отырыңыз. Оны әлі де толықтырамыз.

Green Day

Концерт туралы

фото: instagram.com/greenday

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 27 қаңтар, 19:00

Жері: Expo City Arena

Бағасы: 61 200 теңгеден басталады

Green Day-дің Дубайда өтетін концертінің билеттерін ресми сайттан ала аласыздар. 

Маңызды ақпарат — билеттерді тек Platinumlist қолданбасынан ала аласыз. Олар концерттің күні жақындарда сатыла бастайды. Ұйымдастырушылар осылай алып сатарлармен күреспек.

Концертке кіргізу 17:00-де басталады. Green Day-мен бірге The Offspring рок тобы өнер көрсетпек.

Топ туралы

Green Day — 1987 жылы құрылған америкалық рок тобы. Топтың құрамында мына музыканттар бар: вокалист пен гитаршы Билли Жо Армстроң, басист әрі бәк-вокалист Майк Дернт пен барабаншы Тре Кул. 

Green Day 1994 жылы шыққан Dookie альбомының арқасында танымал болып кеткен еді. Топтың атақты әндерінің бірі — Wake Me Up When September Ends.

Қызық дерек: Грин Дейдің American Idiot альбомы табысты болғаны соншалық — Бродуейде оған арнап мюзикіл қойылған. 

2024 жылы Грин Дей Saviors деген жаңа альбомын шығарды.

Green Day концертіне барамыз

Концерт 27 қаңтарда өтеді. Сізге сол айдың аяғына тиімді бағалы билет тауып қойдық.

Басқа қаладан ұшамыз десеңіз, Авиатадан өзіңіз іздеп көріңіз. 

Ұшақ билетін ертерек алып қойғаныңыз жөн. Себебі концерттің күні жақындағанда билет табылмай қалуы мүмкін, табылса да, арзан болары екіталай.

Cigarettes After Sex

Концерт туралы

фото: instagram.com/cigsaftersex

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 31 қаңтар, 21:00

Жері: Coca-Cola Arena

Бағасы: 39 300 теңгеден басталады

Cigarettes After Sex-тің Дубайда өтетін концертінің билеттерін ресми сайттан ала аласыздар.

Топ туралы

Cigarettes After Sex (CAS) — АҚШ-тан шыққан музыкалық топ. 2008 жылы құрылған. Жанры — инди рок. Қазір топтың құрамында вокалист пен гитаршы Грег Гонзалес, бас-гитаршы Рэндалл Миллер мен барабаншы Яков Томский бар.

Сіз мына әндерін естіген боларсыз: ApocalypseCrySunsetz.

Cigarettes After Sex-тің қазіргі туры The X's World Tour деп аталады.

Cigarettes After Sex концертіне барамыз

CAS Дубайда 31 қаңтарда өнер көрсетеді. 29-ы ұшатын рейстерге билет тауып қойдық: 

Баста

Концерт туралы

фото: dubai.platinumlist.net

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 4 қаңтар, 20:00

Локация: The Agenda

Бағасы: 45 000 теңгеден басталады

Бастаның Дубайда өтетін концертінің билеттерін ресми сайттан ала аласыздар.

Бұл іс-шара Бастаның бірінші 2025 жылғы концерті болмақ.

Әнші туралы

Баста — Ресейдің рэпері. Музыкасына рэптен басқа поп, R&B және соул жанрларын қосады. Бірінші альбомын 2006 жылы шығарған.

Бастаның шын аты — Василий Вакуленко. Мынандай да лақапаттары бар:  Ноггано және N1NT3ND0.

Бастаның Дубайда өтетін концертіне барып, «Моя игра», «Осень», «Сансара» және «Медлячок» әндерін тыңдай аласыз.

Бастаның концертіне барамыз

Бастаның концерті 4 қаңтарда өтеді. Авиатадан Дубайға ұшатын билеттер қарадық:

InClassica классикалық музыка фестивалі

Фестиваль туралы

фото: visitdubai.com

Күні мен уақыты: 2025 жылғы, 6-21 сәуір, 20:00 

Жері: Dubai Opera

Бағасы: 26 500 теңгеден басталады

Әр концертке бөлек-бөлек билет аласыз. Кестесі мына жерде. InClassica — классикалық музыка фестивалі. Дубайда 2025 жылғы сәуірде өтпек.

Онда француз-бельгиялық Камилла Томас, түрік пианисі Фәзіл Сай, бельгиялық скрипкашы Марк Бучков өнер көрсетеді. Олар Бетховен, Моцарт, Чайковскийдің туындыларын орындайды. 

Солист, дирижер, оркестрлер мен композиторлардың толық тізімін мына сайттан көре аласыз.

Классикалық музыка тыңдайсыз ба?

Фестиваль алғаш рет 2011 жылы Мальтада өткен еді. Ол кезде жергілікті музыканттар фестивалі болатын. Қазір дүниежүзінің атақты музыканттары өнер көрсететін халықаралық іс-шараға айналды.

Ұшақ билеттері

Фестивальға барғыңыз келсе, ұшақ билетін концерт өтетін күнге қарап алыңыз.

  • Астана — Дубай, 12 сәуір, кемі 100 996 ₸ тұрады
  • Алматы — Дубай, 12 сәуір, кемі 112 038 ₸ тұрады

Дубайға ұшу 

Қазақстан азаматтары Дубайда 30 күн визасыз жүре алады. Сондықтан алаңдамай билет ала беріңіз. Астанадан Дубайға ұшу шамамен 33 576 теңгеге шығады.

Лайфхак: жол-жөнекей тағы да бір қалаға соға кетемін десеңіз, Әбу-Дәбиге барыңыз. Автобусқа мінсеңіз, 3 сағат 43 минутта жетесіз.

Әбу-Дәбиге баратын ұшақ билеттерінің бағасы 72 940 теңгеден басталады.

Қай концертке барар едіңіз?

0

0

,

Басқа жаңалықтар: