Авиатамен бірге Coldplay концертіне барамыз!

Жаңалық 3 мин оқисыз
04.10.2023

Авиатамен бірге Coldplay концертіне барамыз!

Топ 3-4 ақпанда Баңгокта концерт қояды

Материал жаңартылған күн: 27.11.2023

Coldplay туралы бірер сөз

Coldplay — 1997 жылы құрылған британ рок тобы. Топта 5 музыкант бар: 

  • вокалист әрі гитаршы Крис Мартин,
  • гитаршы Жонни Бакленд,
  • басист Гай Берримен,
  • барабаншы Уилл Чемпион,
  • креатив директор Фил Харви.

Колдплей бірінші мини альбомын, Safety, 1998 жылы шығарған еді. Ал толық альбомын (Parachutes) 2000 жылы шығарды. 

Coldplay тобының концерті

Дебютінен бері Coldplay 9 фулл альбом шығарды. Мыналар топтың ең танымал әндері:

Coldplay туралы ойыңыз қандай?

Тур

Music Of The Spheres World Tour — Coldplay тобының сегізінші концерт туры. 2022 жылғы 18 наурызда Коста-Риканың астанасы Сан-Хоседе басталып еді, енді 2024 жылғы 2 қыркүйекте Ирландияның астанасы Дублинде аяқталмақ.

Тур 165-концертінде мәресіне жетеді.

Бұл тур Колдплейдің Music of the Spheres деген 9 студиялық альбомын жарнамалау үшін өтіп жатыр. Тур — пандемния аяқталған бойда басталған турлардың бірі. 

Coldplay-дің әр концертінде сурдо аудармашылар мен тактил аудиожүйелері істейді. Нашар көретіндерге концерт басталмай тұрып сенсор экскурсия өткізіледі. 

 Экологияға деген құрмет пен DHL-мен серіктестік

Coldplay Everyday Life деген альбомын шығарғанда тур өткізген жоқ. Себебі концерттерін қоршаған ортаға зиян тигізбей өткізудің амалын іздейміз деді. Колдплейдің жоспарына сенсек, бұл тур 2016-2017 жылы өткен A Head Full of Dreams турына қарағанда 50% аз көмірқышқыл газ шығарады. 

Оның үстіне топ әр сатылған билет үшін ағаш еккіземіз дейді. 

Концерт турын барынша экологияға зиян тигізбей өткізу үшін колдплейерлер DHL компаниясымен біріккен еді. 

DHL — экологияға тиетін зиянды азайта отырып зат таситын халықаралық логистикалық компания. Олар Колдплейдің аз CO2 шығаруына жәрдемдесіп жүр.

Әр концерттің алдында көрермендерге Coldplay-дің тұрақты даму саласында не атқарып жатқаны туралы видео көрсетіледі. Болашақта топтың деректі фильмінде дүниежүзілік тур өткізгенде логистикаға қатысты қандай проблемалары болғанын толығырақ айтып бермек. 

Сый билет 

Coldplay мен DHL серіктестігінің аясында концерт билеттерін сыйламақ. 

Билет ұтып алғыңыз келсе, DHL сайтына кіріп, #ColdplayClues деген челленжін тауып алыңыз. Қатысу үшін викторинаның бес сұрағына жауап беріңіз. Кейін поштаңыз бен жеке дерегіңізді жазып, конкурсқа қатысатыныңызды растаңыз.

Викторинаның 5 видео сұрағы бар. Әр видеода Колдплей әндерінің мәтіндеріне сүйенген анимация көрсетіледі. Анимация қай әнге тиесілі екенін табуыңыз керек. 

Қатысқандар концертке екі билет ұтып алуы мүмкін. Ұтқан адамдардың аты концертке екі апта қалғанда белгілі болады. 

Баңгоктағы концерт 

Колдплейдің концертіне барамын десеңіз, Тайландта өтетін концертіне барған ыңғайлы болады. Баңгокта 3-4 ақпанда екі концерт өтеді. 

Күні: 2024 жылғы 3-4 ақпан.

Уақыты: 19:00

Жері: Rajamangala National Stadium, Баңгок

Авиатадан енді концерттерге тур алуға болады! Coldplay турына барамын десеңіз, «Азияның 4 елі + Coldplay» турын таңдаңыз.

Концертті турға не кіреді? 

  •  Coldplay концертіне бір билет
  • Ұшақ билеттері
  • Баспана
  • Таңғы ас
  • Трансфер
  • Медициналық сақтандыру
  • Туркод

Турдың бағыты: Баңгок (2 түн) — Сингапур (2 түн) — Бали (8 түн) — Куала-Лумпур (2 түн) — Баңгок (1 түн).

Турсыз барамын десеңіз, концерттің билетін livenationtero сайтынан ала аласыз. Билеттердің бағасы 
1 800 баттан (23 170 ₸) басталады. Ең қымбаты 364 286 ₸ тұрады.

Coldplay концертіне барғыңыз келе ме?

Баңгокқа бару

Қазақстан азаматтары Тайландқа енді емін-еркін бара алады. Себебі екі елдің арасында визасыз режим бар. Ұшуға тек жарамды паспортыңыз керек. 

Тур алғыңыз келмесе, билеттерді Авиатадан алыңыз.

Алматы → Баңгок 133 116 ₸ бастап

Астана → Баңгок 265 044 ₸

Шымкент → Баңгок 315 979 ₸

Ақтау → Баңгок 203 834 ₸

0

0

,

Басқа жаңалықтар: