Coldplay Әбу-Дәби, Мумбай мен Сеуілде концерт қояды
Әбу-Дәбиде 11 қаңтарда өтеді
Coldplay туралы бірер сөз
фото: shutterstock
Coldplay — 1997 жылы құрылған британ рок тобы. Топта 5 музыкант бар: вокалист әрі гитаршы Крис Мартин, гитаршы Жонни Бакленд, басист Гай Берримен, барабаншы Уилл Чемпион, креатив директор Фил Харви.
Колдплей бірінші мини альбомын, Safety, 1998 жылы шығарған еді. Ал толық альбомын (Parachutes) 2000 жылы шығарды.
Азияда өтетін концерттер кестесі
Coldplay тобы Music of the Spheres World Tour турының Азияда өтетін концерттерін инстаграмында жариялады.
Билеттерді Ticketmaster және Viagogo сайттарынан ала аласыз.
Әбу-Дәби
Күні: 2025 жылғы 11 қаңтар
Өтетін жері: Zayed Sports City Stadium
Мумбай
Күні: 2025 жылғы 18-19 қаңтар
Өтетін жері: DY Patil Sports Stadium
Хоңкоң
Күні: 2025 жылғы 9, 11 және 12 сәуір
Өтетін жері: Kai Tak Stadium
Сеуіл
Күні: 2025 жылғы 16, 18, 19 және 22 сәуір
Өтетін жері: Goyang Stadium
Қай концертке барар едіңіз?🎵
2
0