Ыстамбұл әуежайындағы Wi-Fi енді тегін әрі лимитсіз болады
Тегін интернетке кіру туралы нұсқаулық
Ыстамбұл әуежайындағы интернет енді тегін әрі лимитсіз болады. Оны қалай қосуға болатынын қазір айтып берейік.
Не өзгерді?
Бұрын Ыстамбұл әуежайының интернеті бір-ақ сағатқа тегін еді. Бар-жоғы рейс туралы ақпар қарап, үйдегілерге хабар жібере алатын едіңіз. Бір сағаттан артық қолданамын десеңіз, ақысын төлеуіңіз керек еді.
Жақында ол Wi-Fi лимитсіз болды! Мұндай интернет — ауысып мінгенде таптырмас құрал. Қазір оны қалай қосуға болатынын айтып береміз!
Ыстамбұл әуежайының тегін интернетіне қалай кіруге болады?
Ыстамбұл әуежайында (IST) екі интернет желісі бар. Біріншісі — әуежайдың жолаушыларына арналған, екіншісі — Turkish Airlines жолаушыларына арналған.
IGA Wi-Fi желісін жолаушылардың бәрі қосып ала алады. Оның екі амалы бар:
1
СМС арқылы
IGA Wi-Fi деген желіге кіріңіз де, ашылған сайтқа телефон нөміріңізді жазыңыз. Сізге СМС код жіберіледі. Оны сол сайтқа жазасыз. Болды, интернет қосылды!2
Паспорт нөмірін жазып
Әуежайдың әр бұрышында тұрған терминалға барып, паспортыңызды скандаңыз. Сізге интернетке кірерде сұралатын код көрсетіледі. Ол терминалдарды мына картаға қарап тауып алыңыз.
Бывали в стамбульском аэропорту? каз
Turkish Airlines жолаушылары TKWIFI желісін былай қоса алады:
1
СМС арқылы
TKWIFI желісіне кіріңіз де, ашылған сайтқа телефон нөміріңізді жазыңыз. Сізге жіберілген кодты сол сайтқа тіркеңіз. Болды, интернет қосылды.2
Отырғызу талонындағы нөмірді теріп
TKWIFI желісіне кіріп, билетіңіздің, орныңыздың нөмірі мен тегіңізді жазыңыз. Та-дам! Интернетке кірдіңіз. Рейске тіркелмеген болсаңыз, орныңыздың нөміріне 00 деп жазыңыз.
1
0