Авиата виза қызметін қосты
Өзге елдің визасын енді машақатсыз ала аласыз
Виза қызметі
Авиатада виза қызметі деген жаңа қызмет іске қосылды. Енді біз барда визаның құжатын дұрыс толтырдым ба, қате кеткен жоқ па, сұхбатқа жөнді дайындалдым ба деп алаңдамайсыз.
Визаны қалай жасатқан дұрыс деп ойлайсыз?🌍
Визаға қатысты ақыл-кеңес, көмек алғым келеді десеңіз, мына сілтемені басыңыз.
Серіктесіміз туралы бірер сөз
Visa-Service Qazaqstan — Авиатамен серіктес болып отырған виза агенттігі. VSQ клиенттерінің виза алуына көмектесіп жүргеніне міне 7 жыл болды. Өтінімдердің 99 пайызы мақұлданған.
Виза қызметіне нелер қосылған?
Стандарт виза қызметіне мыналар кіреді:
1
Танысу және ақыл-кеңес. Агенттіктің қызметкерлері сізбен танысып, виза берілуі я берілмеуі ықтималдығын есептейді.
2
Құжат жинау. Бұл кезеңде агенттікпен келісімшарт жасасып, құжат жинай бастайсыз.
3
Сұхбатқа дайындық. Қызметкерлер сізді консулдықта өтетін сұхбатқа дайындайды.
4
Барлық мәселеде демеу болу. Агенттік сіз виза алғанша қолдау көрсетеді, кез келген мәселеңізді шешуге тырысады.
Былай болатынына кепілміз:
- Визаңыз тез жасалады;
- Құжаттарды тез тапсыру;
- 3 тілде ақыл-кеңес беру;
- Ұзақ мерзімді шенген визасы.
Авиатаның көмегімен қандай виза жасатуға болады?
Саяхатшылар көбіне Шенген елдерінің (Германия, Италия, Испания), АҚШ пен Ұлыбританияның визасын алып жатады.
Қысқа мерзімдісін де, ұзақ мерзімдісін де жасатуға болады.
- Турист визасы;
- Оқу визасы;
- Медициналық виза;
- Іскерлік визасы.
Авиата арқылы Green Card ұтыс ойынына қатыса аласыз. Анкетаны қатесіз толтыруға көмектесіп, қорытындысын қадағалаймыз.
Green Card 2024 жылы 2 қазан мен 5 қарашаның аралығында өтеді. Қорытындысы 2025 жылғы 3 мамырда шығады.
Қанша тұрады?
Қызметтің ақысы қандай және қай елдің визасын алатыныңыз, оның мерзіміне, консулдық алымға байланысты болады.
Толығырақ білу үшін мына сілтемені басып, форманы толтырыңыз.
Ақыл-кеңес алу үшін толтыруыңыз керек форма
1
0