Әуежайдағы құжат тексеруден қалай тез өтуге болады?

Әуежайдағы құжат тексеруден қалай тез өтуге болады?
Анықтама 4 мин оқисыз
04.07.2022

Әуежайдағы құжат тексеруден қалай тез өтуге болады?

Маңызды 7 сұраққа жауап

Әуежайға бірінші рет барып тұрсаңыз, рейске дейінгі және шекарадағы тексеріс пен құжат тексеруден өткенде біраз сескенуіңіз мүмкін. Мына мақалада біз ондай тексерістен оңай әрі стрессіз қалай өтуге болатынын айтамыз. 

Құжат тексеру дегеніміз не?

Құжат тексеру — елге кірерде не елден шығарда өткізілетін процедура. Ұшақ жолаушылары ұшаққа мінем десе, осы тексерістен өтуге тиіс. Оның алдында рейске тіркеліп, багаж тапсыруы қажет. 

Құжаттың несін тексереді?

Құжат тексерушілер паспортыңыз мен елге кіру құқығыңыз бар-жоғын тексереді. Кей ел визаңыз бен вакцинация туралы паспортыңызды да көрсетіңіз деп талап етуі мүмкін. 

Құжат тексерту үшін қайда баруым керек?

  1. 1

    Құжет тексеретін үстелдің қасына баруыңыз керек. Оның екі түрі болады: елдің азаматтарына арналған және шетелдіктерге арналған. Оларды түсіне қарап ажырата аласыз. 

  2. 2

    Шекара қызметкерінің терезесіне жақындап, паспортыңызды көрсетесіз. Әдетте олар ұшақ билеті мен қонақүй бронін көрсетіңіз деп сұрамайды. Офицер паспортыңызды тексеріп, ішіндегі фотоны түріңізбен салыстырады, құжатыңызды жүйеден тексереді, сапардың мақсаты мен ұзақтығын, қанша ақша алып бара жатқаныңызды сұрайды. Кей жерде қайтарға алған билетіңізді көрсетіңіз талап етеді. 

  3. 3

    Бұрын депортацияға ұшырамаған болсаңыз, құжат тексерткенде мәселе тумауы керек. Құжат тексерілгеннен кейін қолжүк тексеруге өтесіз. Мұнда сізді әуежай қызметкерлері тексереді. 

Қажет құжаттар

Ересектер

Ересек жолаушы жеке куәлігін алып жүруі керек. Жеке куәлік дегеніміз: 

  • кәдімгі я биометриялы паспорт; 
  • дипломат паспорты;
  • ерекше санатты жолаушыларға арналған қызмет паспорты;
  • қайту туралы куәлік я анықтама.

Шекарадағылар басқа құжаттарды да сұрауы мүмкін. Мысалы, Түркия офицерлеріне медициналық сақтандыру мен қонақүй ваучері болғаны, ал америкалық офицерлерге қайтатын билет болғаны маңызды. Кей елде отырғызу талонын да көрсетуіңіз мүмкін.

Балалар

Балалардың жанында мынандай құжаттары болуға тиіс: 

  • 14 жасқа толмағандарға арналған паспорт;
  • ата-анасының паспорты;
  • туу туралы куәліктің түпнұсқасы. 

Бала 14-18 жаста болса, шекара тексерісінен өзі өте алады. Бірақ ересек құжатын көрсетуі керек. 

Бала ата-анасыз ұшса, ата-анасының рұқсатын алып жүруі керек. Онда міндетті түрде нотариустың қолы тұруы керек. Құжат онсыз жарамсыз болады. 

Көп қойылатын жеті сұрақ

№1. Паспортымды ауыстыруым керек, біраз визам әлі жарамды. Не істейін?

Жаңа паспорт алғанда Халыққа қызмет көрсету қызметкерлері ескісін алып қалады. Бірақ ескі паспортыңыздағы виза жарамды болса, оны тапсырудың қажеті жоқ. Ол үшін жаңа паспорт алғым келеді деп өтінім бергенде «Жарамды виза бар ескі паспортымды алып қалуға рұқсат беріңіздер, оның жарамдылығы біткенде ескі паспортты көші-қон қызметіне тапсырамын» деген хабарлама қалдырыңыз. Онлайн жүйеде паспортыңыз жарамсыз деп тұрады, ал оның (виза тұрған парақтан басқа) әр парағында паспорттың күші жойылған деген белгі қойылады. Визаның жарамдылығы біткенде паспортты кері тапсыруыңыз керек. 

Шекарадан өткенде жаныңызда екі паспорт болсын: қазіргісі де, визасы бар бұрынғысы да. 

№2. Ескі құжатта визам бар, бірақ жаңа паспортта жазылған тегім басқаша. Қайтейін?

Мұнда екі жағдай бар. 

Біріншісі — неке қиып, тегіңізді өзгерттіңіз. Одан бері бір ай өтпесе, екі паспортты бірге қолдана аласыз. Қайтқанда да тегіңізді ауыстырғалы бір ай өтпеген болуы керек. Әйтпесе, ескі паспортыңыз күйіп кетеді де, визаңыз жарамсыз болып қалады. Жаныңызда неке туралы куәлік болсын. 

Екінші жағдай — тегіңіздің жазылуын ғана өзгерттіңіз, мысалы, «-ова/-ов» алып тастадыңыз. Мұндайда да процедура бірінгі жағдайдағыдай. Екі паспортыңыз жаныңызда болсын. Ескісін визаны көрсету үшін пайдаланасыз, ал екіншісіне жаңа мөр қойдырасыз.

№3. Виза бар паспортымды жоғалтып алдым. Визаны қалпына келтіре алам ба?

Қысқаша айтсақ, жоқ, қалпына келтіре алмайсыз. Ешбір елшілікте мұндай процедура жоқ. Бар амалыңыз — жаңа виза алуға өтінім беру, қасына ескі паспортыңыздың күшін жою туралы өтінімді қосып беріңіз. Паспортыңыз жоғалса да, виза деректер базасында қалады, сондықтан виза алу қиын болмауы мүмкін. 

Елшілікке барып, қауіпсіздік үшін ескі паспорттың күшін жою туралы өтінім беріңіз. Айтпақшы, кейін ескі паспортыңызды тауып алсаңыз, құжат та, виза да қалпына келтірілмейді. Визаның күшін елшілік жояды.

№4. Жарамды виза бар паспортты бүлдіріп алдым. Жаңасын алуым керек пе?

Жоқ, виза бүлінбесе, жаңа паспорт алудың керегі жоқ. Бірақ паспорт қатты бүлінген болса, құжат тексерерде мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан ондайда №2 пунктте айтқан нұсқауға сай жаңа паспорт жасатып алыңыз. 

№5. Виза мөріне су тиіп, көрінбей қалды. Не істейін?

Алаңдамай-ақ қойыңыз: елге кіріп шыққаныңыз туралы барлық дерек арнайы жүйеде — деректер және саусақ іздері базасында сақталады.

№6. Мөр қоятын жерде орын қалмаса, елге кіре алмаймын ба? Елден шыға алмай қалмаймын ба?

Жоқ. Егер паспортта бос орын қалмаса, мөрді басқа белгілерге арналған парақтарға қоя беруге болады, яғни мөрді бос орын қалмайынша кез келген бетке қоя беруге болады. Сондықтан шекара қызметкерлері сізді елге кіргізбей қалады деген болмауы керек. Олар көп болса паспортты ауыстырыңыз деп кеңес бере алады. 

№7. Паспорттың жарамдылық мерзімі жақында бітеді

Кейде виза алу үшін, мысалы, Америка не Ұлыбритания визасын алу үшін паспорт елге қайтарда кемі алты жарамды болғаны керек. Әр елдің өз ережесі бар. Тіпті жарамдылық мерзімге де қарамайтындар болады. Мысалы, Түркия мен Мысыр. 

Түйін

Жалпы айтқанда құжат тексеру — кәдімгі процедура, заңға қайшы ештеңе істемесеңіз, құжатыңыз түгел болса, оның ешқандай қиыны жоқ. Тексерістен өтер алдында құжатыңыз бен визаңызды бір түгендеп алыңыз, ештеңеден қорықпаңыз. Алда сізді күшті саяхат күтіп тұр. 

4

2

,

Осы айдардан:

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер