Қайтарылмайтын ұшақ билетін қалай қайтаруға болады? Толық нұсқаулық

Қайтарылмайтын ұшақ билетін қалай қайтаруға болады? Толық нұсқаулық
Анықтама 5 мин оқисыз
31.05.2023

Қайтарылмайтын ұшақ билетін қалай қайтаруға болады? Толық нұсқаулық

Комиссиясыз және айыппұлсыз

Бұл мақалада қайтарылмайтын билетті қалай қайтаруға болатынын айтып береміз.

Қайтарылмайтын ұшақ билеті деген не?

Қайтарылмайтын билет — ақысы қайтарылмайтын билет. Әуе компаниялары тәуекел етпеу үшін ойлап тапқан термин бұл. Жолаушы ұшпаймын, билетті қайтарамын деп шықса, оны әуе компаниясы сатып үлгермейді, сондықтан ол орынға ешкім отырмайды. Қайтарылмайтын билет тасымалдаушыны шығыннан сақтайды. Ал жолаушылар соның арқасында арзан ұшады. Бұл билет қайтарылатын билеттен 10-15% арзан тұрады. Қысқаша айтсақ, қайтарылмайтын билет алғанда сіз үнемдейсіз, бірақ тәуекел етесіз.

Кімдер қайтарылмайтын билет сатады?

Әуе компанияларының барлық дерлігі: Қазақстандікі де, шетелдікі де. Көбіне лоукостерлер сатады. Мысалы, WizzAir-дың Алматыдан Әбу-Дәбиге сатылатын билеттерінің бәрі қайтарылмайды. Басқа тарифті таңдауға болмайды.

Бағасы, ережелері мен тарифтерінің аттары әр жерде әртүрлі. Мысалы, Air Astana-дан «Классикалық» тарифін алсаңыз, кейін қайтарғанда ақысынан айыппұл шегеріледі. Айыппұл деген — билет бағасының компания қайтармайтын бөлігі. «Толығымен икемді» тарифі қымбатырақ, бірақ билетті айыппұлсыз қайтаруға болады.

Билет бағасына мыналар кіреді: тариф (ұшудың ақысы) пен алым (әуежай, сервис, сақтандыру мен жанармай алымы). Билетті қайтарғанда әдетте тарифтің ақысы қайтарылмаса да, алымдары кері беріледі.

FlyArystan-да билет ақысы түгелдей қайтарылатын тариф жоқ. Көбіне айыппұл ұстап, қалған ақшаны ваучерге жібереді. Бұл дегеніміз — билеттің айыппұл алынғаннан кейін қалған ақысы картаға емес, ваучерге қайтарылады. Оны сіз осы әуе компаниясынан билет алғанда жұмсай аласыз.

WizzAir-дің қайтарылмайтын билетіне мысал
Air Astana-ның қайтарылатын билетіне мысал

Қайтарылмайтын билетті қайдан әрі қалай алу керек?

Ондай билетті кез келген әуе компаниясы сатады. Біз, әрине, Авиатадан алыңыз дейміз. Сіз бірден билетті қайдан алып жатқаныңызды, одан айыппұл алынатынын я алынбайтынын білесіз. Қайтарылмайтын билеттің «Қайтарылмайтын» деген белгісі болады. Әуе компаниясының бірнеше тарифі болса, аттары мен ережелері тариф туралы ақпаратта жазылып тұрады.

Қайтарылмайтын билеттер әдетте Авиатада ең арзан тұратын билеттер, сондықтан алар алдында тарифке не кіретінін біліп алыңыз. Мысалы, багаж, қолжүк, ауыстыру.

Билетіңіз қандай екенін қалай анықтайсыз?

Авиатада ұшақ билетінің түрі бірден шығады:

  1. 1

    Кез келген бағытқа билет іздейсіз

  2. 2

    Билеттер шығады

  3. 3

    Таңдау деген батырманы басқаннан кейін қандай билет екенін көресіз. Қайтарылмайтын билеттің мәтіні қызыл боп тұрады. 

Қайтарылмайтын билет қайтарылатын билет болуы да мүмкін, мысалы, WizzAir-де. Ондай билетті қайтаруға болады, бірақ айыппұл ұстап қалады. Іздеуде қайтарылмайтын билет деп шығып тұрады, бірақ шарттары толық мәтінде жазылып тұрады.

Билетті басқа сайттан я саяхат агенттіктерінен алсаңыз, билеттер «Қайтаруға болмайды», «Қайтарылса, ақша ұсталып қалады», «Билеттің ақысы қайтарылмайды», «Changes are not permitted», «Non-refundable» я «Refundable charge ___ (ақысы)» деп белгіленіп тұрады.

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға я ауыстыруға бола ма?

Болады. Қайтара аласыз я күнін ауыстыра аласыз. Ондайға нелер себеп болатынын айтып берейік. 

Қандай жағдайда қайтарылмайтын билетті қайтаруға я ауыстыруға болады?

Әр жолаушының құқығы ұшақ ұшып бара жатқан елдің заңына сай қорғалады. Билет ақысы кей жағдайда түгелдей, кей жағдайда жартылай я тек бір бөлігі қайтарылады. 

Ақысын түгелдей кері алуға болатын жағдайлар: 

  • әуе компаниясы рейсті ұшырмайтын болғанда;
  • әуе компаниясы рейске мінгізбей тастағанда (овербукиң болғанда);
  • рейс тым қатты кідіргенде және соның кесірінен басқа рейске кешігіп қалғанда;
  • виза берілмей қалғанда;
  • өзіңіз я сізбен бірге ұшуы керек туысыңыз ауырып қалғанда;
  • өзіңіз я туысыңыз қайтыс болғанда.
Кей шетел әуе компаниясы туысыңыз ауыр қалғанына я қайтыс болғанына қарамайды.

Бұлай қайтару «Мәжбүрлі түрде қайтару» деп аталады. Билетіңізді қайтаруға мәжбүр болсаңыз, Авиата сайты мен қолданбасындағы жеке кабинетке кіруіңіз керек. Кейін керек құжаттарды көрсетуіңіз керек. Мұның бәрін рейске тіркеу аяқталғанға дейін істеуге тиіссіз. 

Ауырып қалсам я туысым қайтыс болса, билетті қалай қайтарамын?

  1. 1

    Билет алған компанияға рейске тіркеу басталмай хабарласыңыз: поштаға жазыңыз я қоңырау шалыңыз. Осылай істесеңіз, арыз берген боласыз.

  2. 2

    Керек құжаттарды жинаңыз. Олар — аурухана берген анықтама, өлгені туралы куәлік пен туыс екеніңізді дәлелдейтін құжат. Анықтамада дәрігер мен бас дәрігердің қолы мен мөрі болуы керек. Кейбір компания белгілі бір күндері ұшуға болмайды деген тыйым жазылған құжатты да сұрайды. Компаниялардың кейбірі құжаттарды кеңсеге жіберіңіз деп сұрайды, ал кейбірі скандалған құжаттарды қабылдай береді.

Тасымалдаушының кесірінен ұшпай қалсам не болады?

Әуе компаниясының өкілінен рейс ұшпай қалғаны я кідіргені туралы анықтама алыңыз. Соның кесірінен ақша жұмсаған болсаңыз, барлық түбіртекті сақтап қойыңыз: дәмхана, қонақүй я қоғамдық көлік түбіртегі. Наразылық хатын әуе компаниясының поштасына жіберіңіз.

Ұша алмай қалғаныма өзім кінәлі болсам ше?

Ұшпаймын, билетті қайтарам десеңіз, өз еркімен қайтару функциясын таңдаңыз. Ол үшін Авиатадағы жеке кабинетке кіруіңіз керек. Әуе компаниясы сізге тарифте айтылған соманы қайтарып береді. Айыппұл ұстап қалса, көбіне тек салық пен алымды қайтарып береді.

Қайтарылмайтын билеттің ақысын қайтарып алу үшін қайда жүгіну керек?

Билет алған жерге. Әуе компаниясының сайтынан алсаңыз, сол сайтқа жазыңыз. Саяхат агенттігінен болса, соған хабарласыңыз. Авиатадан алсаңыз, қолдау қызметімізге, жеке кабинеттегі чатқа жазыңыз я қоңырау шалыңыз.

Қайтарылмайтын билетті қайтару үшін қандай құжаттар қажет?

Қандай себеппен қайтарғыңыз келгеніне байланысты. Кассаға барып, тапсырсаңыз, паспорт, ұшақ билетінің көшірмесі мен арыз апарасыз. Онлайн қайтарсаңыз, тек Қайтару батырмасын бассаңыз болды.

Себептерге қарай мынандай құжаттар керек болып қалуы мүмкін:

  • Ауырып қалсаңыз — ұша алмайтыныңыз жазылған денсаулық туралы анықтама;
  • Қайтыс болсаңыз — мемлекеттік органдар берген қайтыс болғаныңыз туралы анықтама;
  • Туысыңыз қайтыс болса — өлгені туралы анықтама, туыс екеніңізді дәлелдейтін құжат, мысалы, туу я неке туралы куәлік.
  • Виза берілмей қалса — консулдықтың ресми хаты.

Қайтарылмайтын билеттің ақысын қалай кері алуға болады?

Әуе компаниясының шарттарын түгелдей орындасаңыз, ақшасын кері алу оңай.

  1. 1

    Билетті рейске тіркеу аяқталмай тұрып тапсырыңыз

  2. 2

    Мәжбүрлі түрде қайтаруға не себеп болғанын дұрыс жазыңыз

  3. 3

    Керек құжаттардың бәрін бердіңіз

Билетті Авиатадан қалай қайтаруға болады?

Билетті Авиатадан өзіңіз қайтара аласыз. Ол үшін жеке кабинетіңізге кіріп, қайтарғыңыз келген билетті таңдайсыз да, Қайтару батырмасын басасыз.  

Қайтарылмайтын кей билетті Авиатада қайтарылатындай етуге болады. Клиент билет ақысының 10 пайызын артық төлеп, қайтарғанда 90 пайызын кері ала алады. Билет қайтарылмайтын болса да, 90 пайызын кері аласыз. Qazaq Air, SCAT, Turkish Airlines (билетті ұшуға 24 сағат қалмай тұрып алу керек), Air Astana (12 сағат қалмай тұрып), Uzbekistan Airways (48 сағат қалмай тұрып) билеттерін қайтарылатындай етуге болады.

Қорытынды

Қайтарылмайтын билетті қайтару оңай, бастысы — алар алдында тариф пен қайтару туралы мәліметті оқып алыңыз. Бір жерге асықпасаңыз, багажсыз ұшсаңыз, визаңыз болса, қайтарылмайтын билет алған тиімді. Ал тәуекел етпеймін десеңіз, қайтарылатын билет алыңыз. 

0

5

,

Осы айдардан:

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер