Шетелде жүргендер тегін WI-FI-ды қайдан таба алады?
Байланысқа ақша жұмсамаудың бір амалы
Шетелде байланыссыз жүру мүмкін емес, болмайды да, себебі онсыз картасыз қаласыз. Кей турист ол үшін жергілікті сим карта, ал өзгелері роумиң алып жатады. Ал бұған ақшаңыз жетпесе ше? Онда қайтпек керек? Мына мақалада шетелде жүргендер қайдан тегін интернет таба алатынын айтып береміз.
Әуежайдағы тегін WI-FI
Шетелде тегін уай-фай табыла бермейді. Отбасыңызға, жұмысқа хабарласқанда немесе әлеуметтік желіге бір нәрсе салғанда интернет болмағанда қап дейсіз.
Тегін WI-FI-ды көбіне үлкен әуежайлардан табуға болады. Мында тізімі бар. Әуежайыңыз онда жоқ болса, соның сайтына кіріп я қызметкерлерінен сұрап біліңіз.
Блогер Анил Понал 80 елдегі әуежайлардың құпиясөздері тізілген сайт ашқан еді. Бұл құпиясөздер арнайы анкета толтырғаннан кейін беріледі. Ол сайтта бизнес лаунжда берілетін құпиясөздер де тізілген. Карта 2021 жылға дейін істеп тұрған, бірақ 2022 жылы жабылып қалды. Қазір тегін интернетті WI-FI Finder не WI-FI Map қолданбаларынан таба аласыз.
Қонақүйлердегі тегін WI-FI
Қонақүйдің тегін интернетін пайдалану — роумиң немесе жаңа сим-карта алғысы келмейтіндерге таптырмас амал. Қонақүйде тегін интернет бар-жоғын ресми сайтынан біле аласыз. Жалпы қазір әр қонақүйде тегін уай-фай бар десек, артық айтқан болмаймыз.
Айтпақшы, hotelwifitest.com зерттеуіне сенсек, Стокгольм, Будапешт пен Дублин қонақүйлерінің интернет желісі әлемде ең үздік саналады. Тегін интернеті бар қонақүйлердің тізімі: speedspot.org.
Тегін интернет бар қоғамдық орындар
Шетелде интернеті бар қоғамдық орындар көп. Мысалы, кітапхана, парк немесе сауда орталықтары, тағы басқасы. Бір қызығы, Корея метроларында туристер тегін 4G+ интернетті тіркелмей-ақ қоса алады.
wificafespots.com сайтында тегін WI-FI бар дәмханалар тізімі бар. Базада 140 елдің тамақтану орындары тізілген. Сервистің интернетсіз істейтін қолданбасы бар, бірақ ақылы.
Түйін
WI-Fi желісін түрлі қолданбасыз-ақ та қосуға болады. Мысалы, тегін интернеті бар Starbucks-ға барсаңыз жеткілікті. Ондай кофехана жоқ болса, даяшыға барып, желіге қосылуға бола ма деп сұраңыз.
2
1