Бала паспортын қалай жасатамыз?

Бала паспортын қалай жасатамыз?
Анықтама 2 мин оқисыз
30.06.2022

Бала паспортын қалай жасатамыз?

ҚР заңы, керек құжаттар, мерзімі мен бағасы

2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстанның «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңына сүйенсек, бала шетелге кедергісіз шықсын десеңіз, оған паспорт алуыңыз қажет. 

Себебі баланың құжаты болмаса, кейбір ел ол сіздің балаңыз екенін дәлелдеңіз деп талап етуі мүмкін. Мысалы, Еуропа одағының елдері, АҚШ пен Араб әмірліктері.

Балаға паспорт қашан қажет болады? 

Балаңызды шетелге апармақ болсаңыз, оған бөлек паспорт алып беруіңіз керек.

Жарамды паспорты бар балаларға да кейде жаңа паспорт алуға тура келеді. Себебі баланың түрі қатты өзгерген, яғни суреті ескірген болуы мүмкін. Амал жоқ, құжатты қайтадан жасатасыз.

Қандай құжаттар қажет?

Паспорт жасату үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесі барасыз немесе Egov.kz-тен онлайн өтінім бересіз. 

Паспорт алу үшін мынандай құжаттар қажет:

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Әке не шешенің жеке куәлігі немесе паспорты;
  • Баланың суреті — бөлімшеге барып түсіресіз;
  • Паспорттың ақысы.

Баланың әкесі я анасы өзге елдің азаматы болса; екеуі де Қазақстанда тұрмаған болса; бала басқа елде туса, нотариус қол қойған паспорт алу туралы арыз-келісім керек. 

Паспорт қанша тұрады?

36 бетті паспорт шығару 8 АЕК (2022 жылы 24 504 теңге), 48 бетті 12 АЕК (36 756 теңге) тұрады. Құжатты 15 жұмыс күнінен кейін аласыз. 

Мына тізімдегілер паспорт алу үшін ақы төлемейді:

  • көпбалалы ана;
  • жетім я ата-ана қамқорынсыз қалған бала;
  • мүгедектігі бар бала мен/я ата-ана; 
  • Чернобыль апатынан зардап шеккен ата-ана.

Тезірек алғыңыз келсе, үстінен ақша төлейсіз. 

АймақПаспортты тез жасауға кететін уақыт (күн)2022 жылғы бағасы
Астана, Алматы14 983 ₸
Ақтөбе, Шымкент32 752 ₸
Облыс орталығы34 983 ₸
52 752 ₸
Аудандар мен қалалар71 116 ₸

Мұны растайтын құжаттардың тізімін Egov сайтынан немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып біліңіз. 

Маңызды

Есіңізде болсын, құжаттарға қатысты талаптар уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Өтінеміз, шетелге шығар алдында қолдау қызметімізге, 1414 нөміріне немесе Сыртқы істер министрлігіне хабарласыңыз. 

1

0

,

Осы айдардан:

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Біріккен араб әмірліктеріне баратындарға айтарымыз бар

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Сапарыңызға кепіл болар нәрсе

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Уақыт үнемдеп, планетамызды қорғаймыз

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер

Түрлері, процесс пен берілмей қалуына түрткі болар себептер