Шет елдің интернеті. Сапар шеккенде интернетсіз қалмаудың амалдары
Артық ақша құртпау үшін қайтпек керек?
Сапар шеккенде интернет — әлеуметтік желіге сурет салып, туыстарыңызға хабарласудың амалы ғана емес. Онлайн болсаңыз, такси шақырып, аудармашының көмегімен жергілікті халықпен сөйлесе аласыз, көмек сұрай аласыз. Осы мақалада шет елдердің интернеті туралы айтып берейік.
Әуелі қанша трафик барын біліп алуыңыз керек. Трафик — әр онлайн әрекетіңізге қанша интернет жұмсайтыныңыз. Электрондық кітап оқығанға қарағанда YouTube-тан видео көрген көбірек интернет жейді. Сапар шеккенде интернеттің көбі карта қолданғанға, баспана брондағанда және әлеуметтік желіде отырғанға кетеді.
Инстаграмға сурет салу үшін тек Wi-Fi қолданамын, мобайл интернетті тек картаға жұмсаймын десеңіз, 100-200 мегабайт жетеді. Әлеуметтік желі арқылы видеоқоңырау шалу, сторис қарау және ойын ойнау үшін минутына 0,5 мегабайттай жұмсайсыз.
Желіге қосылудың амалдары
жергілікті операторлардың SIM карталарының көмегімен;
қонақүй және қоғамдық орындардағы Wi-Fi-дың көмегімен;
өзіңіздің мобайл операторыңыздың роумиңі арқылы;
travel модемнің көмегімен.
![](https://blog-cdn.aviata.kz/blog/posts/optimized/0_df8c7b23f7799cf3add959319d1bfbb9a3995658.png.webp)
Мобайл операторлардың роумиңі
Саяхатшылар интернетке көбіне роумиңнің көмегімен кіреді. Роумиңдердің тарификациясы бірдей. Алғашқы 100-500 мегабайт барынша тез болады, олар бітіп қалғанда секундына 128 килобайт жұмсай аласыз. Мында сізге Қазақстан роумиңдері туралы ақпарат жинап қойдық.
Оператор | Тариф |
Tele-2 | 500 МБ + 1 ГБ интернет пакеті, 4590 ₸/30 күн |
Altel | UNLIM Роумиң интернеті, 590 ₸/1 күн |
Beeline | Күніне 990 теңгеге шексіз интернет |
Activ | Дүниежүзі 1ГБ, 3990 ₸/20 күн |
izi | Интернет пакет: 1600 теңгеге 500 МБ және 2000 теңгеге 1 ГБ |
Шетелге жылына тек екі рет шетелге шықсаңыз, роумиң — интернетке қосылудың ең тиімді жолы. Бірақ одан жиі шықсаңыз, жергілікті сим карта я қалта роутер сатып алғаныңыз жөн болар.
Жергілікті сим карта
Барған жеріңіздің сим картасы — интернеттің ең арзан түрі. Кез келген оператордың кеңсесіне барып, интернет пакетін таңдап алуға болады. Еуропадағы ең күшті prepaid интернет тарифтері Vodafone мен Orange-да бар, әсіресе Польша мен Румынияда. 3 гигабайттің құны — 10 еуро.
Жергілікті сим картаның жағымды тұстары — ең жылдам интернет пен роумиңге қарағанда арзан болғаны. Мұндай интернет іссапарға шыққанда өте керек, себебі сіз үнемі онлайн болуыңыз керек.
Кем тұстары:
- Кей елдің сим картаны тек оның азаматтары ала алады. Мысалы, Норвегия мен Балтық елдерінде;
- Тарифтері қымбат, мысалы, Скандинавия елдерінде;
- Кей сим картаны іске қосу қиын болады;
- Кей елде интернет пакеттері өте шектеулі, мысалы, Шри-Ланкада, сондықтан трафик интернет қолданбасаңыз да желінбесін десеңіз, өшіріп отыруыңыз керек.
Тревел сим картасы
Бұл — туристерге арналған арнайы роумиңсіз сим карта, оны телефондағы қолданбадан іске қосу керек. Мынандай түрлері бар: TravelSim, DrimSim, CwSIM, KnowRoaming, тағы басқасы.
Тревел сим карта алғанда ақысы барған жеріңізге қарай әртүрлі болатынын ескеріңіз. Мысалы, Қазақстанда Люксембургқа қарағанда арзанырақ. Мұндай сим картаның ең күшті артықшылығы — оны кез кел елде қолдана аласыз.
Ал жағымсыз тұстарына келсек, бағасы ғана проблема болмақ. Иә, сим карта кез келген елде істейді, бірақ сіз барған елдің тарифтеріне қарағанда қымбатқа шығуы мүмкін.
![](https://blog-cdn.aviata.kz/blog/posts/optimized/0_486a5cab1aef76fbb4ff010a700e6016b3917798.png.webp)
Ең ұтымды жолы қайсы?
Бұл сұраққа тек өзіңіз жауап бере аласыз, себебі жауабы қайда баратыныңызға байланысты балады. Мысалы, Аустралияда жолсызбен жүргіңіз келсе, интернеті бар навигаторға мұқтаж боласыз, ал олл инклюзив қонақүйге қонамын десеңіз, соның уай-файы да жетерлік.
Бір-ақ қалаға барғанда
Үнемі онлайн болуға тиіс болмасаңыз, сізге қоғамдық орындардағы уай-фай да жетіп қалады, көшеге шықсаңыз офлайн навигатор қолданыңыз.
Ал мессенжерден хабарлама жазып отырамын десеңіз, операторыңыз ұсынған роумиң де жетеді. Бірақ үнемі әлеуметтік желіде отыруға міндетті болсаңыз, сол жердің сим картасын сатып алыңыз (әуелі іске қосу оңай ма, жоқ па, біліп алыңыз) немесе тревел сим картасын пайдаланыңыз.
Бүкіл елді аралағанда
Көлік я велосипед айдаушы болсаңыз және үнемі маршрутты өзгертіп, қонақүй брондап жүрсеңіз, жақсы істейтін интернет керек. Онда жергілікті сим картаны я тревел сим алғаныңыз жөн. Топ болып аралағанда уай-фай роутерін алған дұрыс: интернет бәріңізде болады, ал ақысын бөліп төлейсіз, көлікпен я кемемен сапар шеккенде де күшті құрал болары анық. Автобус пен пойызға мініп араласаңыз, алдын ала интернет бар-жоғын біліп алыңыз. Бар десе, сим алмасаңыз болады.
Бірнеше елді аралағанда
Бәрі енді маршрутыңызға байланысты. Мысалы, Еуропаға бармақ болсаңыз, қай елде арзан әрі тиімді сим алу керегін біліп алу қажет. Ресейде ертерек тревел сим алдырсаңыз я роутер жалға алсаңыз болады. Сим картаңыздың интернетін пайдалансаңыз, көп ақша жұмсауыңыз мүмкін.
7
1