Чеклист: саяхатқа шыққанда не апармау керек?

Чеклист: саяхатқа шыққанда не апармау керек?
Кеңес 2 мин оқисыз
02.06.2022

Чеклист: саяхатқа шыққанда не апармау керек?

Саяхатта керек болмайтын нәрселер

Саяхатшылардың ең басты ережелерінің бірі — саяхатқа көп дүние алмау. Жолда не боларын болжау мүмкін емес, сондықтан сөмкеңізге көрінген нәрсені сала берудің қажеті жоқ. Үйге тастап кетуіңіз керек заттардың тізімін жасадық. Оқып, сапарға аттанар алдында керексізден құтылыңыз. 

Ноутбук

Демалысқа жұмыс істеу үшін барғалы жатпасаңыз, ноутбугыңызды үйде қалдырған жөн. Ноутбук қашан және неше рет керек болғанын есіңізге түсіріп көріңізші. 

Үйге хабарласу үшін бір-ақ смартфон да жетеді. Ноутбукқа жедел бір нәрсе жазуыңыз керек болса, қонақүйдің ресепшенінен я дәмханадан сұрап алыңыз.

Айналы фотоаппарат

Айналы фотоаппараттың дәуірі бітті. Шетелге күшті RAW сурет жасау үшін барғалы жатпасаңыз, ондай фотоаппаратыңызды үйге тастап кетіңіз. Қазір көптеген смартфонның күшті сурет жасауға әлі келеді. Үлкен камера апарсаңыз, оны мойынға я иыққа асып тасып жүруіңіз керек. 

Тұрмысқа арналған техника

Фен, үтік пен электр шәйнек алмаңыз. Ондай девайстар қонақүй я жалға берілетін пәтерлерде болады. Саяхат тұрмысқа арналған техника тасып жүруге арналмаған. 

Қағаз кітап

Шыныңызды айтыңыздар, қайсыңыз ұшақта оқимын деген кітапты оқыдыңыз? Дұрыс айтасыз, ешқайсыңыз. Ашып көрсеңіз де, әр нәрсеге алаңдап, оқи алмағаныңыз анық. Кітапты жағажайға барып та оқи алмайсыз. Көп болса бір-екі бетін оқисыз. Нағыз оқимын десеңіз, ол кітаптың электрондық нұсқасын телефоныңызға я планшетіңізге жазып алыңыз. 

Косметиканың ешқайсын

Косметикаңыздың бәрін ала кету онша емес идея. Күтім косметикасынсыз болмайды десеңіз, тек керектердің кішкентай түрін алыңыз. Қолжүкке салуға ыңғайлы болсын. Айтпақшы, дұрыстап құйып, орап алыңыз. Жолда төгіліп я шашылып қалмасын.

Сәнді киім-кешек

Кешке киетін киімдер — көйлек, қымбат пенжек, бірнеше сәнді аяқкиім саяхатта керек болмайды. Ешқашан керек болмайды деп айта алмаймыз, себебі әр сапардың өз мақсаты бар. Біреу романтикалық сапарға я бал айына баруы мүмкін. Десе де ондай заттарды азырақ алуға тырысыңыз. Олардың көбі сізге барғанда керек болмай қалады. Сіз көбіне көрікті жерлерге, мысалы, музейге барасыз, теңізге шомыласыз. Одан да ыңғайлы аяқкиім мен кең тұратын киім алыңыз. 

Қолшатыр, резеңке етік, баратын жердің климатына сай емес заттар

Мұндай заттарды аларда әуелі ауа райын тексеріп алыңыз. Жаңбыр жаумайды десе, қой, жауып қалар деп қолшатыр я резеңке етік алудың керегі жоқ. Жауып жатса, керек нәрселерді сол жаққа барғанда аларсыз. 

Дәрі-дәрмектің түр-түрін

Саяхат қобдишасында дәрінің түр-түрі болғаны жақсы ғой. Бірақ кейбірі сізге керек болмауы мүмкін. Косметика сөмкеңізге сыяр дәрі алыңыз, болды. Сол жетеді.

Толтырып тамақ алудың керегі жоқ

Ұшарда жейтін аз-мыз тамақ алған жақсы, бірақ әуежайдың я баратын жердің тамағы қымбат болады я ол жақта бізде бар тамақ табылмайды деп толтырып тамақ алудың керегі жоқ. 

1

0

,

Сізге қызық болып қалар:

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық

Ақшаңызды неге үнемдеуіңіз керек?
22.09.2022