Саяхатқа шығар алдында бітіруіңіз керек маңызды шаруалар

Саяхатқа шығар алдында бітіруіңіз керек маңызды шаруалар
Кеңес 1 мин оқисыз
14.02.2022

Саяхатқа шығар алдында бітіруіңіз керек маңызды шаруалар

Чеклист

Кейде 1-3 күн я 1 апта емес, одан ұзақ сапар шегуіміз мүмкін. Іссапарға кетеміз, шетелге шығамыз, әйтеуір үйімізді тастап, алысқа кетуіміз мүмкін. Сондықтан кетер алдында үйдің бірнеше шаруасын тындырып кетуіміз керек. Мына чеклиске қарап саяхатқа шығар алдында не істеу керегін біліп алыңыз. 

🔑 Үй жұмыстары

Үйіңізді жинаңыз: тез ашитын, шіритін тамақтардан құтылыңыз немесе қоқысыңызды тастаңыз

Үйіңізді апаттан қорғаңыз: кранды бітеңіз, газды өшіріңіз, техникалардың тоғын суырыңыз

Кілтті сенген адамыңызға тапсырыңыз, көршілеріңізге кетіп бара жатқаныңызды ескертіңіз

Үй жануарыңыз немесе өсімдігіңіз болса, оларға баға тұратын адам табыңыз

📑 Құжаттар

Коммуналдық қызметтің ақысын төлеңіз

Айыппұлдарыңызды төлеңіз (бар болса)

Маңызды құжаттардың көшірмесін жасатыңыз (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлік, билет) 

Банкіңізге хабарласып, жол жүріп бара жатқаныңызды айтыңыз

💊 Денсаулық пен тыныштық

Дәрілеріңізді алыңыз

Әуежайдан үйге, үйден әуейжайға барудың амалын ойластырып қойыңыз

Сағат белдеуіне дайындалыңыз. Мысалы, ұшар алдында алкоголь ішпеңіз

Өзіңіз баратын жердің ауа райын біліп алыңыз

Айтпақшы, әр елдің туристерге деген талабы әртүрлі болады. Сондықтан белгілі бір елге барар алдында не істеу керегін біліп алыңыз. Мысалы, Кенияға бару үшін вакцина салдыруыңыз керек, ал круизге мінсеңіз, теңіз ауруына қарсы дәрі алып шығыңыз.

1

1

,

Сізге қызық болып қалар:

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық

Ақшаңызды неге үнемдеуіңіз керек?
22.09.2022