Мальдивте көп ақша жұмсамай қалай демалуға болады?

Мальдивте көп ақша жұмсамай қалай демалуға болады?
Кеңес 13 мин оқисыз
22.09.2022

Мальдивте көп ақша жұмсамай қалай демалуға болады?

Ақшаңызды неге үнемдеуіңіз керек?

Мальдив — Үнді мұхиттағы архипелаг ел. Кейбіреу бұл жерді жұмақ аралдары дегесін онда демалу қымбатқа түсетін сияқты боп көрінеді.

Бірақ бұл — қате тұжырым. Иә, бұрын қымбатқа шығатын, алайда қазір арзан демалуға болады. Сондықтан Мальдивте арзан демалу үшін не істеу керегін айтып берейік.

Верите, что на островах можно отдохнуть бюджетно?

Мальдив визасы 

Қазақстан азаматтары Мальдивте 30 күн визасыз жүре алады. 

Мальдивте қай кезде демалу арзанға шығады? 

Әуелі ол жаққа тым төмен бағаға ұша алмайтыныңызды ескеріңіз. Мысалы, қайтсеңіз де 200 мың теңгеге бара алмайсыз. Мале әуежайына дейін ұшу өте қымбатқа түседі.

Курортқа барарда маусымға қарап бару керек. Мальдивте сұраныс аз маусым деп мамыр мен қазан аралағын айтады. Ол кезде жаңбыр тоқтамай жауады, бірақ күн жылы болады. Десе де теңіз алай-дүлей болып тұрады.

Турист аз кезде барсаңыз да, қонақүй, экскурсия мен тамақтың бағасы төмендемейді. Бірақ тур операторлары турларына 15-20% жеңілдік жасайды.

Сұраныс аз кезде ұшақ билеттері арзандайды. Баға мамырда я қыркүйек-қазанда төмендейді.

Мальдивтің астасына — Мале қаласы

Тур алып барған жөн бе, әлде өз бетіммен барған дұрыс па? 

Мальдив аралына тур алып барған турсыз барғанға қарағанда қымбатқа шығады. Тек күйіп кеткелі тұрған тур, науқан я жеңілдік болмаса, турлар әдетте қымбат болады.

Бірақ екеуінің бірін таңдарда қалай демалғыңыз келетініне мән беріңіз. Өз бетіңізбен барғыңыз келсе, 3-4 ай бұрын дайындалуыңыз керек. Дайындыққа бас қатырғым келмейді десеңіз, тур операторлардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн болар.

Күйіп кеткелі тұрған турлар мейрам мен демалыс маусымында сатылмайды. Бірақ алынбай қалған тур іздеп көрсеңіз болады. Алайда шапшаң болуыңыз керек. Ондай турлар тез сатылып кетеді. 

Аса қымбат емес турға әдетте қонақүй+ұшу+трансфер я қонақүй+таңғы ас кіреді. Турлар көбінесе Маафуши, Хулхумале мен Мале аралдарына сатылады. 

Мальдивке қалай арзан ұшып баруға болады?

Мальдивке өз бетіңізбен барғыңыз келсе, бірінші істейтін нәрсеңіз — билет іздеу. Мальдивке арзан билет таба алмайсыз. Мысалы, оған кететін ақшаға Грузияға екі рет барып келе аласыз. Қымбат билеттің бір жақсысы — ыңғайлы бортқа мінесіз. Мысалы, Qatar Airways немесе Etihad.  

1-кеңес. Билетті ертерек алыңыз

Аралға қыста әрі арзанға барғыңыз келсе, билетті ертерек алыңыз. 

Мальдивке көп ақша жұмсамай барамын десеңіз, әуе компанияларынан науқан, жеңілдік күтіп отырмаған жөн.

2-кеңес. Шри-Ланка арқылы ұшыңыз

Солай ақша үнемдейсіз әрі екі елге барған боласыз. Алматыдан Коломбоға барыңыз, бірнеше күннен кейін Малеге ұшыңыз. Екі сағатта жетесіз.

Мысалы, Алматы-Мале билетінің бағасы 239 мың теңгеден, ал Алматы-Коломбо билетінің бағасы 171 мың теңгеден басталады. Шри-Ланкаға бару 1,4 есе арзан тұрады. Шри-Ланкаға жетіп алып, Малеге 100 долларға билет алыңыз.

3-кеңес. Мальдивке әуе хабтарынан ұшыңыз

Мысалы, Ыстамбұл, Доха я Дубайға жетіп алып, Малеге 200 долларға (бір адам) билет ала аласыз.

4-кеңес. «Қалаған жаққа» іздеу жүйесін пайдаланыңыз

Авиатада «Қалаған жаққа» іздеу жүйесі бар. Оның көмегімен сіз қалаған жаққа түрлі билет таба аласыз. Мысалы, Мальдивке Астанадан 108 мың теңгеге (WizzAir) ұшуға болады.

Баспана: арал мен қонақүй таңдау

Мальдивте 1 170 арал бар, оның 185-і адам тұруға арналған. Мальдивтегі қонақүйлер резорт және жергілікті халық тұрып жатқан локал арал деп екіге бөлінген. Арзан қонақүйлер локал аралдарда орналасқан.

Туристер жергілікті тұрғындарға арналған аралдардың тек кейібірінде тұра алады. Мысалы, аралдың бикини жағажайы жоқ болса, онда суға тек жабық киініп түсу қажет. Себебі тұрғындардың діни көзқарасы сіздігінен басқа әрі елдің ресми діні — ислам. Туристерге арналған жағажай бикини жағажай деп аталады. Ондай жағажайлар Тодду, Фуладу, Укулхасе, Дигуру мен Тинадуда бар.

Маафуши аралы
Тодду аралы
Арал таңдарда оның әуежайдан қашықтығын, бикини жағажай, жағаға жақын рифі бар-жоғын біліп алыңыз. Бірге баратын адамдардың қалауын да ескеріңіз. 

Астанаға жақын аралда демалу арзанға шығады. Ол жаққа тез жетуге, яғни аз ақшаға баруға болады. Аралға пароммен жетуге болатын болса, тіпті жақсы. Бағасы небары 0,7 доллар. Арзан демалыстың ең басты ережесі: аралда гестхаус пен қонақүй қаншалық көп болса, ондағы демалыс соншалық арзан шығады деген сөз.  

Хулхумале аралы
Укулхас аралы

Туристер Мальдив аралдарының мыналары жақсы дейді:

Аралдың атыНесі қызық
Маафуши (Маледен 26 км қашық жатыр)Мальдивтегі үлкен жергілікті аралдардың бірі. Онда қызметі арзан қонақүй, дәмханалар, мейрамханалар мен дүкендер бар. Бикини жағажайы бар, снорклиңмен жағадан алыстамай айналысуға болады. Кемшіліктеріне келсек: адам көп, үнемі бірнәрсе салынады да жатады. Қонақүйдегі бір бөлменің бағасы 45 доллардан басталады.
Тодду (67 км)Мальдивтің жеміс алқабы. Тоддуда екі таза жағажай бар, снорклиңмен жағадан кетпей айналысуға болады. Орысша сөйлейтін туристер көп. Баға 50 доллардан басталады. 
Хулхумале (7 км)Аралға әуежайдан автобуспен жете аласыз. Кемшіліктері — тек жабық киініп қана шомылуға болады. Қонақүй бағасы 44 доллардан басталады. 
Укулхас (76 км)Үлкен жағажайы бар, инфрақұрылымы дамыған арал: керектің бәрі бар. Жағадан алыстамай снорклиңмен айналысуға болады. Ол жаққа паром көп бара бермейді (аптасына 2-3-ақ рет). Қонақүй бағасы 37 доллардан басталады. 
Расду (61 км)Мальдивтің қоқыс өртейтін зауыты орналасқан арал: жағажайда сынған шөрмек көп. Расдуға дайвиң үшін барған жөн. Ол жақтан елсіз Мадивар аралына бара аласыз. 
Гурайдо (30 км)Бір-ақ бикини жағажайы бар арал. Қонақүй бағасы 40 доллардан басталады. 
Химмафуши (16 км)Сөрфиңшілерге арналған арал: теңіз толқындары үлкен әрі желді болады. Кей жерде дайверлерге қызық табылады. 
Фуладу (100 км)Маленің қасындағы әдемі жағажай. Екі-ақ гестхаусы бар, дүкен мен мейрамхана аз. Қонақүй бағасы 30 доллардан басталады. 
Дигура (100 км)Аралға пароммен жетуге болады. Дигурада күшті бикини жағажай бар. 

Туристер қымбат емес резорттарға да барған жөн дейді: Malahini Kuda Bandos Resort (таңғы ас+кешкі ас — 200$ бастап) я Fihalhohi Island Resort (таңғы ас+кешкі ас — 170$ бастап). Бұл резорт қонақүйлерге дейін апару 80$ басталады.

Баспана бағасы

Арзан қонақүйлердің бағасы 35 доллардан басталады. Оларға сұраныс көп, сондықтан бөлме брондау қиынға түседі. Қалта көтеретін қонақүйлердің орташа бағасы 40 доллардан басталады. Мысалы, Island Cottage (Маафуши) 45$, Coral Reef View Inn (Укулхасе) 55$, Dhiguveliа 60$, Vashafaru Inn (Вашафуру) 30$ тұрады.

Бұл бағаға клиенттер ыстық суы, кондиционері, тегін таңғы асы, тазалау қызметі мен интернеті бар бөлме алады. Мальдивтің кей қонақүйі снорклиңге арналған маска мен ескекаяқ береді.

Әр турист Мальдивке барғанда міндетті түрде салық төлеуі керек: ҚҚС, сервис алымы мен экологиялық алым. Солардың кесірінен қонақүй бағасы 30 пайыз көтеріледі.

Сондықтан сайтта жазылған бағаға келісер алдында бұл бағаға салық қосылып-қосылмағанын біліп алыңыз. 

Мальдивке барғысы келетін туристерге айтылған танымал лайфхак бар: баспананы аяқтай барып таңдау керек. Сонда арзанға шығады. Бірақ бұл лайфхак пайдалы болмақ түгілі қауіпті болуы мүмкін. Орын таба алмай қалуыңыз мүмкін. 

Тамақтану

Қонақүй бағасына тек таңғы ас кірсе кешкі және түскі асыңызды сырттан ішесіз деген сөз.

Ең арзаны — тамақты дүкен я супермаркеттен алып жеу. Жеміс-жидек, тіскебасар және тағы басқасы салынған пакет 5-7 долларға шығады. Кішігірім дәмханадағы таңғы ас я түскі асқа 5 доллар, ал гестхаус пен қонақүйдегісіне 10-15 доллар жұмсайсыз.

Мальдив — мұсылман ел, сондықтан локал аралдарда ішімдік ішуге болмайды, шошқа еті (мен антиислам әдебиеті) сатылмайды. 

Алкоголь ішуге тек бірнеше жерде рұқсат берілген. Арақ-шарапты тек резорт мейрамханаларынан және кемеге мінгенде ала аласыз. Жұрт жиылатын жерде алкоголь ішуге тыйым салынған. Елге арақ апаруға болмайды, апарсаңыз, бәрібір шекарадығалар алып қалады.

Мальдивте көбіне жеміс-жидек, балық пен күріш сатылады. Тамақтарына үнді, араб және тай мәдениеті әсер еткен. Міндетті түрде гарудия (туна сорпасын), рихаакуру (туна паста), мас хуни (кокос қосылған қақталған туна), банан гүлдерінен жасалған салат, алуви боакибаа (маниоки мен кокостан жасалған бәліш) мен бонди (кокос жаңғағынан жасалған тәтті) жеп көріңіз.

Мас хуни
Мальдивтің ұлттық тағамы

Дәмханалар мен мейрамханалар

Дәмхана мен мейрамханалардағы бағаларды көбінің қалтасы көтермейді. Бір стақан шырынның бағасы 1 доллардан, ал сүт коктейльдікі 2 доллардан басталады. Қымбат емес мейрамханадан екі кісі 10-20 долларға тамақтана алады.

Орташа алғанда бір адамның кешкі асы мен түскі асына бір аптада кемі 250 доллар кетеді.

Супермаркеттегі бағалар

Дүкеннен алып тамақтанған бәрінен дұрыс-ау. Барлық дерлік локал аралда түрлі снек, консерві, макарон мен жеміс-жидек сататын дүкендер бар.

Тез пісетін кеспе 1 доллар, нан 1,5 доллар, бір орама жұмыртқа 2 доллар, бір келі банан 3 доллар, бір келі апельсин 4 доллар, бір кокос 3-5 доллар тұрады.

Мальдивте азық-түлік қымбат тұрады, себебі бәрі шетелден келеді.

Транспорт

Мальдив арал мемлекет болғандықтан ондағы басты транспорт — паром, су такси мен спидбот. Кәдімгі такси тек астанасында бар.

Ең арзан транспорт — мемлекеттік паромдар. Жолақысы қашықтыққа қарай 0,7 доллардан басталады. Маледен Маафушиге 2 долларға жетуге болады. Паром күніне бір рет 15:00-де жүреді, ал дүйсенбі мен сәрсенбі күндері екі рет жүреді: 10:00 және 15:00-де.

Паромдары кестеге сай жүреді. Оны ресми сайттан қарасаңыз болады. Кейде ауа райы бұзылғанда жүрмей қалады. Мемлекеттік паромдар көбіне Мале мен жақын жатқан аралдар арасында жүреді.

Барлық мемлекеттік паром жұма күндері жүрмейді. 

Спидбот — жекеменшік, тез жүретін кеме. Паромға қарағанда жиі қатынайды. Бірақ жолақысы, әрине, жоғары болады. Мысалы, Маафушиге жету үшін кемі 25 доллар, Тоддуға баруға үшін 35 доллар, Укулхасқа жету үшін 50 доллар төлейсіз. Қонақүй иесіне айтып, әуежайға спидбот шақырта аласыз. 

Спидбот айдаушылармен саудаласып ақысын келісіп алуға болады. 

Тоддуға түнгі жеміс паромымен жетіп қалуға болады. Транспорт аптасына үш рет жүреді. Жолақысы — әр адам басынан 10 доллар. Паромды жеміс сататын базардың қасынан таба аласыз. Таба алмасаңыз, адамдардан «How to find fruit boat to Thoddoo» деп сұраңыз.

Гидроұшақ — керек аралға барудың тағы бір амалы. Бірақ өте қымбат тұрады. Адам басына кемі 250 доллар төлеуіңіз керек.

Қымбат емес экскурсиялар мен ойын-сауық

Мальдивте экскурсия мен ойын-сауық локал аралдарда да қымбат тұрады. Суға қатысты ойын-сауықтың кез келгенінің бағасы 30 доллардан басталады.

Барлық қонақүй мен гестхаустың өз ойын-сауығы болады. Мысалы, Тоддуда кәдімгі снорклиң 30 доллардан басталады. Түнде балық аулау мен дельфиндерге қарау үшін кемі 35 доллар төлеуіңіз керек. Елсіз жатқан аралға бару үшін кемінде 70 доллар бересіз.

Укулхаседе теңіз албастыларымен бірге жүзу 150 доллар, снорклиң мен дайвиң 70 доллар, су шаңғысы 25 доллардан, уиндсөрфиң 20 доллардан, каноэ жалға алу 15 доллардан басталады. 

Экскурсия мен ойын-сауық өкілдерімен саудаласып, 10-20 пайыз жеңілдік сұрап алуға болады. 

Мальдивтегі басты сауық — снорклиң, оған көп жағажайда жағдай жасалған. 

Кей қонақүйде тегін маска мен ескекаяқ беріледі. 

Елсіз аралдарға тегін баруға болады. Ол үшін балықшылардан жақын елсіз аралға апарыңыз деп сұрасаңыз болады. Экскурсия алып барғаннан 2-3 есе арзанға шығады. Барған жердің картасын қараңыз. Себебі кей аралға жаяу да жетуге болады. Мальдивте ойын-сауық әдетте қымбат болғанымен, қалтаңызға қарай түр-түрін таңдай аласыз.  

Мальдивте ақша үнемдеудің 6 жолы

1. Гестхаусы көп аралға барыңыз

Мальдивте бір түні 17 доллар тұратын жер табуға болады, ал бұл дегеніміз — әлдеқайда арзан қонақүй. Аралды неге қызығатыныңызға қарай таңдаңыз: жағажай, талмай қыдыру, снорклиң, дайвиң. Арал Малеге қаншалықты жақын болса, оған соншалықты арзан жетуге болады. Аралда гестхаус қаншалықты көп болса, бәсекелестік соншалықты көп болады, демек баға әлдеқайда төмен болады. 

2. Әуежайдан аралға пароммен барыңыз

 Паром жүретін уақытты мына жерден көруге болады. Паром кей аралға күн сайын барады, ал кейбіріне аптасына бірнеше рет жүреді. 

3. Рифі жақсы арал таңдаңыз

Риф жағаға жақын болса, экскурсия мен снорклиңтің бағасы әлдеқайда төмен болады, тіпті тегін болуы да мүмкін. Елсіз аралды көргіңіз келсе, балықшылардан апарып тастауын өтініңіз. 

4. Саудаласыңыз

Азық-түлікті арзанға алу үшін таң атпай айлаққа барыңыз, балықшылар адам азда жаңа ғана аулаған балықтарын арзанға сатады. Оларды сіз гестхаусқа я бір дәмханаға барып қуырып жей аласыз. 

5. Қолма-қол төлеңіз

Мальдивтің ресми валютасы — рүфия. Әуежайда я Маленің банктеріне барып долларларыңызды айырбастап алсаңыз, ақшаңыздың 10 пайызын үнемдейсіз. Себебі картамен төлесеңіз конвертация мен банк комиссиясының кесірінен ақшаңыздың 10 пайызынан айырыласыз.

Ақшаңыздың бәрін айырбастамаңыз, себебі артық қалған рүфияны доллар ауыстырған жерге барып қана долларға кері ауыстыра аласыз. Бөліп-бөліп ауыстырғаныңыз жөн.

6. Алкоголь ішпеңіз

Мальдивте алкоголь қымбат тұрады. Себебі барлық локал аралда оған тыйым салынған. Ішімдік ішкіңіз келсе, резорт я круиз мейрамханасына барыңыз. 

 Екі адамның Мальдивтегі арзан демалысына қанша кетеді? Калькулятор

  • Таңғы асы бар қонақүй — 250$
  • Екі адамның билеті — 1 600$
  • Түскі және кешкі ас — 500$
  • Экскурсиялар — 200$
  • Паром — 50$

Түйін: Екі адам Мальдивте қыруар қаржы жұмсамай бір апта өткіземіз десе, оған шамамен 2600 доллар керек. Бірақ ол үшін арзан билет, арзан қонақүй алуға, арзан ойын-сауық таңдауға тиіс.

9

0

,

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық

Апарып тастайтын адамды қайдан іздейміз, неден сақ болуымыз керек, жүргізушімен қалай келісеміз
10.08.2022

Апарып тастайтын адамды қайдан іздейміз, неден сақ болуымыз керек, жүргізушімен қалай келісеміз