Көлік тоқтатып саяхаттаудың амалдары: ниеттеніп жүргендерге арналған кеңестер

Көлік тоқтатып саяхаттаудың амалдары: ниеттеніп жүргендерге арналған кеңестер
Кеңес 9 мин оқисыз
10.08.2022

Көлік тоқтатып саяхаттаудың амалдары: ниеттеніп жүргендерге арналған кеңестер

Апарып тастайтын адамды қайдан іздейміз, неден сақ болуымыз керек, жүргізушімен қалай келісеміз

Автостоп (көлік тоқтатып сапар шегу) — жол-жөнекей ала кететін көлкіпен тегін сапар шегу. Мұндай сапарға қатысты көптеген таптаурын пікір көп: қауіпті, ыңғайсыз, уақыт алады дейді жұрт. Автостоп сапар шеккіңіз келсе, мына кеңестерімізге құлақ түріңіз.

Автостоп деген не?

Автостоп (ағылшынша хичхайкиң) — барар жеріңізге жолда кетіп бара жатқан транспортпен тегін жетіп қалу. Жүргізуші мен жолаушы белгілі бір жерге жету туралы келісіп алады. Бірақ бұл билетсіз я заңсыз жүру деген сөз емес. 

Автостоптың артық және кем тұстары

Артық тұстары

✅ Ақша шығармайсыз. Қаладан қалаға жету үшін ақы бермейсіз.

Әрине, бәрі қайда баратыныңызға байланысты. Бір жерде тегін жүре аласыз, ал кей жерде ақысын беруге тура келеді. Кейде мүлдеп автостоп саяхаттауға болмайды, себебі қауіпті болуы мүмкін.

✅ Мұндай сапарлар қызыққа толы болады. Адамдармен танысасыз, хикаяларын тыңдайсыз, тәжірибе алмасасыз. Одан бөлек, үйреніп жүрген тіліңізде сөйлесіп, оны біраз жетілдіресіз.

Сондықтан хичкайкиң көппен араласпайтын адамдарға (интровөрттерге) арналмаған. 

✅ Пайдалы. Түрлі адамдармен пайдалы қарым-қатынас құруға болады. Мысалы, бір отбасымен танысасыз, олар сізді үйіне я мейрамханаға кешкі асқа шақырады.

✅ Адамды еліктірер күшті тәжірибе. Туристер көп бара бермейтін көрікті жерлерді көресіз, елдерді жаңа қырынан танисыз. Комфорт аймағынан шығу да бір күшті әрі әсерлі тәжірибе.

Кем тұстары

❌ Автостоптың жоғы. Жолға көлік ұстаймын деп мүлдем транспортсыз қалуыңыз мүмкін. Тіпті көлік көп жүретін жолда да.

Жағымсыз жүргізуші. Мінездеріңіз я көзқарастарыңыз жараспай қалуы ғажап емес. Қылығы жыныңызға тиюі мүкін, мысалы, минут сайын қақыра береді я көп боқтық сөз айтады. Көлікті ұзақ күтсеңіз, аяғына дейін шыдаңыз. Шыдай алмаймын десеңіз, жақын аялдамадан түсіріп кетіңіз деп өтініңіз.

❌ Қауіпсіздік пен ауа райы. Күн жанып тұрғанда я жаңбыр саулап жауып тұрғанда далада қалып қоюыңыз мүмкін. 

Стереотиптер

«Ешкім тегін апарып тастамайды»

Иә, әбден мүмкін, бірақ қол ұшын бергісі келетіндер көбірек болады. Бұл өмірде жеткізіп тастап қана қоймай, нанын я баспанасын ұсынатындар баршылық. Біреу аяса, екіншісі адаммыз ғой деп көмектеседі, ал басқасы сауап болады деп жәрдемеседі.

Иә, жолға ақша шығармайcыз, бірақ сізде одан күшті естелік, тәжірибе мен энергия қалады.

«Мені тонап кетеді, зорлап кетеді я өлтіріп кетеді»

Әрине, ондай да болып тұрады, бірақ өте сирек болып тұрады. Жүргізушілер автостопшыны тонап кетейін деген оймен мінгізіп алмайды. Жолға жалғыз өзіңіз шыққыңыз келмесе, сақтықта қорлық жоқ, қасыңызға бір-екі адам алыңыз.  

«Маған арналмаған/ондай деңгейге түсер халім жоқ»

Автостоп сапар шегетіндер — маргиналдар ғана деген ой қате. Иә, олардың арасында маргиналдар да бар, бірақ олар — азшылық.

Автостопперлер хичхайкиңмен ақша жоғынан ғана емес, жаңа нәрсе, жаңа тәжірибе көргісі келетіндіктен айналысады.

«Жоспарлай алмаймын»

Кей турист автостоп сапарларды жоспарлау мүмкін емес дейді, бірақ шынында олай емес.

Саяхатшылар республикалық (мемлекеттік) маңызы бар жолдармен 12 сағатта 700 шақырым жүріп өтуге болады дейді. Бірақ көлік ауыстырсаңыз, сапар ұзаққа созылады.

«Қонатын және жуынатын жер болмайды»

Жуынып алу үшін жол бойындағы қонақүйлерге баруға болады, ал тамақтану үшін дәмханаға барыңыз. Кей саяхатшы жанына шатыр алып жүреді, далада соны тігіп түнейді, өзенге түсіп, тамақты отқа пісіреді. 

Бұлай саяхаттаудың бір кем тұсы — алып жүрер затыңыз көп болады.

Хичхайкерлерге арналған кеңестер

Автостоп бағыттарын қалай жоспарлауға болады?

Көлік тоқтатып сапар шегуге жоспар қажет емес: жолдың бойына шықсаңыз болды, тағдыр қайда апарарын көріңіз. Мұндай саяхат — жоспарсыз, мерзімсіз саяхат етіп жүргендерге арналған іс.

Десе де автостоп болып жолға шықсаңыз да, жолды ертерек жоспарлап алған жақсы.

  1. 1

    Автостоптың көмегімен қай жерге жетіп қалғыңыз келетінін анықтап алыңыз. Ол жерге жақын елді мекенді таңдаңыз. Мысалы, Ақтаудан Көлсай көліне барғыңыз келсе, әуелі Алматыға жетіп алғаныңыз жөн, кейін Көкпек ауылына барыңыз. Сол жақтан Саты ауылына дейін бара жатқан көлікке мініп кетсеңіз болады.

  2. 2

    Google картаға кіріп, маршрут құрып алыңыз да, қай жолдан мініп кетуге болатынын қараңыз. Жолда қандай қалалар жатқанын көріңіз.

  3. 3

    Жолдар туралы пікірлер оқыңыз: көліктер көп өте ме екен, қандай күйлі, қай жерді кесіп өтеді. Қазақстанды бес халықаралық жол кесіп өтеді, олардың үшеуі Ресей, Қытай мен Өзбекстанға барады. Мемлекеттік жолдар — автостоп қылып ел-жер аралаушыларға ең ыңғайлы жолдар, себебі көлік көп жүреді. Жергілікті маңызы бар жолдарда көлік ондай көп жүрмейді. Күніне 2-3 көлік.

  4. 4

    Маршрутыңызды бөліп, қай жолда түнейтіңізді және нені көреріңізді шешіп алуыңыз қажет.

Енді бастағалы жүргендерге кеңес: тезірек сапарлас тауып алу үшін республикалық трассамен жүріңіз. Мысалы, Алматыдан Тазарға А-2 трассасымен баруға болады.

Қайда және қалай белгі беруге болады?

Көбі көлікті қол көтеріп я бармағын көтеріп тоқтатады. Кейбірі үлкен қағазға я картонға барар жерін жазып тоқтатады.

Сосын мынандай сұрақ та бар: көлік тоқтатарда бір жерде тұру керек пе, әлде жүріп тоқтата беруге бола ма? Ортақ бір жауап жоқ-ау. Десе де жүріп тоқтатам десеңіз, тұрған жеріңізден алыстап кетпеңіз, негізі бір жерде тұрған жөн, әйтпесе шаршап қаласыз.

Көлік тоқтатудың қатып қалған ережесі жоқ: сапарласыңызды жолдан да, жанармай бекетінен де тауып алуға болады. Десе де, автостопшылар былай кеңес береді:

  • Сапарласты жанармай бекеттеріне барып іздеген жөн. Себебі жолдың бойында тұрсаңыз, күнге күйіп кетесіз, жүргізушімен дұрыстап келісіп аласыз, маршрутыңызды түсіндіресіз.
  • Автостопшылар көлікті қала сыртынан іздеу керек дейді. Әйтпесе сізге ақы сұрайтын таксистер тоқтай береді. Магистраль жолға барып тұрыңыз, сонда қаладан шығып бара жатқан көліктерге тап боласыз.
  • ГАИ посттарынан аулақ тұрыңыз.
Жарты сағат, бір сағат тұрсаңыз да, ешкім тоқтамаса, басқа жерге барып тұрғаныңыз жақсы. 

Жолдың қай жеріне барып тұрған абзал?

  • Тоқтауға ыңғайлы жерге барыңыз: «Тоқтауға болмайды» деген белгінің аймағына, автобанға, көпірге, туннельге, түсетін және көтерілетін жерге, бұрылатын жерге, бірнеше жолға бөлінетін жер мен қиылыстарға. 
  • Төбе жолдың төбесіне шығып алыңыз;
  • Көлік көп болса, жүргізуші тоқтай алатын жерге барып тұрыңыз, мысалы, жол жиегіне. 
  • Автостопшылар сол бұрылыста тұрған абзал дейді. Бірақ қыста бұрылыстың ешқайсында тұрмаған жөн, себебі тайғақ болады. 
  • Көлік баяулайтын жерлерге барып тұрған жөн негізі: қиылыс, пойыз өтетін жерлер, жол ақысын төлейтін пунктілер, асфальты алып тасталған жол, тағы басқасы. 
  • Түнде жарық түсіп тұрған жерге тұрыңыз және ашық түсті киім киіп алыңыз, мысалы, сары түсті.
Жүк таситын көліктерге басымдық берген жақсы, себебі оларды айдаушылар жалғыз сапар шеккенді жақтырмайды. Сізді қуана-қуана алып кетуі ықтималы көп.

Тематикалық форумлар мен сайттардан көлік іздейтін жерлердің мекенжайын анықтап алсаңыз болады, мәселен, Hitchwiki.

Жүргізушімен қалай сөйлескен абзал?

Жүргізушімен көлік тоқтаған бойда сөйлесесіз. Әуелі қаншалықты қауіпсіз екенін анықтап алыңыз: мас па, жоқ па, көліктің ішіндегі адамдар жөні түзу ме, жоқ па?

Ақы төлемейтініңізді бірден айтыңыз да, қаладан қалаға қатынайтын таксишілерден бірден құтылыңыз. Шетелде жүрсеңіз, сол елдің тілінің «Ақша жоқ» деген сөзін жаттап алыңыз. Мысалы, ағылшынша «No money» болады.

Әңгімені былай бастаңыз: «Сәлеметсіз бе! Қарағандыға бара жатыр едім. Сізбен бірге тегін жетіп қалсам бола ма?»

Жүгізушімен тіл табыса алудың бір жолы — ақкөңіл болу әрі эмпания таныту. Жүргізуші сөйлескісі келе ме, жоқ па, анықтап алыңыз. Кішіпейіл болыңыз, әңгіме бастаңыз, өзгенің жеке кеңістігін құрметтеңіз, әңгімесін тыңдаңыз. Арасында көбі біле бермейтін жерлердің атын, лайфхак біліп алыңыз.

Саяхат пен дін туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Менің айтқаным дұрыс деп масаттанудың де керегі жоқ.

Дауыс көтеріп сөйлемеуге, көлікте тамақ ішпеуге, тыңдауырсыз музыка тыңдамауға я фильм қарамауға тырысыңыз.

Әңгіме айтып жүргізушінің көңілін көтерген жақсы-ақ, бірақ көп сөйлеп, өмірі туралы қайта-қайта сұрақ қоя берудің керегі жоқ.

Жүргізушіден қайда түсіріп кететінін сұрап алыңыз. 

Трассадағы қауіп-қатер

Әрине, автостоптың да қауіп-қатерлері бар. Сондықтан үнемі сақ болып жүруіңіз керек. 

  • Қайда екеніңізді жақындарыңызға жіберіп отырыңыз.
  • Абайлап айдамайтын адамның көлігіне мінбеңіз. Қалай айдатынын көлікті тоқтатқанына қарап білуге болады. 
  • Қауіпсіздік белдігін тағыңыз.
  • Жаныңызда қорғану құралдары болсын.

 Жол апаты, жолдан шаршау мен қылмыс та қауіп-қатер. Сондықтан мына кеңестерге құлақ түріңіз.

  • Жол апатына ұшырамау үшін жүргізуші тақпай-ақ қойыңыз десе де қауіпсіздік белдігін тағып алыңыз. Жүргізушіні алаңдатпаңыз, түнде телефонға қарамаңыз. Жүргізуші қайтты айдап келе жатса, ең жақын жанармай бекетінін түсіріп кетіңіз деп өтініңіз. 
  • Сізді жүргізуші тонап кеткісі келсе, келісіп көріңіз. Жағдайға баға беріп көріңіз: көлік көп өтетін жолда тұрсаңыз, көмек сұраңыз, есік пен терезені ашыңыз, айғайлаңыз. Көліктен секірудің қажеті жоқ, өте қауіпті. 
  • Қырындап тиіспесін я зорлап кетпесін десеңіз, жабық киінуге, боянбауға тырысыңыз. Әрине, адамның қалай киінгені зорлауға себеп емес, десе де жүргізушілер олай ойламайды. Түнде көлік іздеп шықпаңыз. Кешкі асқа шақырған, қырындағандардың көлігіне мінбеңіз. Жүргізуші тиісе бастаса, тойтарыс беріңіз де, көлікті тоқтатыңыз деп талап етіңіз. 
  • Көлік тоқтаған бойда жолға шығып көмек сұраңыз. Бірақ абайлаңыз, көлік қағып кетпесін. Барған еліңізде рұқсат берілген болса, қалтаңызда кішкентай баллон я электрошокер тұрсын. 
  • Аңдар. Қоқыс тастайтын жерде тұрмаңыз. Агрессив қаңғыбас иттерді баллоннан газ шашып үркітуге болады. 
  • Күні бойы демалмай іздемеңіз. Көлік таба алмадыңыз ба, бір тынығып алыңыз, ауырып қалсаңыз, екі күн демалыңыз. Организмге құлақ түріңіз. Әліңіз жетпей жатса, автостопты тоқтатыңыз да, қайтыңыз.

Жолға не алу керек?

Рюкзак

Ыңғайлы әрі сыйымды рюкзак сатып алыңыз. Туристерге арналған жақсы рюкзактардың белге жібі болады. Жүргенде кедергі болмайтынын алыңыз. Ішінде құжаттар мен ақшаға арналған бөліктері болсын, ал сыртына жаңбыр мен шаңнан қорғайтын қап алыңыз.

Одежда

Жүргізушілер тоқтағанда әуелі сырт келбетіңізге қарайды. Таза, ұқыпты киінгеніңіз жақсы. Бір жиынтық таза киім, бірнеше жиынтық ішкиім, ыңғайлы аяқкиім мен жаңбырға қарсы костюм алыңыз. Күн суықта термо ішкиім киіп алыңыз, ал ыстық болғанда күннен қорғар бас киім киіп алыңыз. Жарық шағылыстырар киім киіп алсаңыз, түнде көлікті тез таба аласыз. 

Жеке гигиена заттары

Сөмкеңізге тіс пастасын, щетка, сабын, дәретхана қағазын, ылғал қағаз бен реппелент салып алыңыз. Сусабын мен душқа арналған гельді тревел бөтелкелерге құйыңыз. Себебі оларды керуен сарайлардың көбі береді. Сондықтан бәрін алып жүрудің керегі жоқ. 

Дәрі-дәрмек

Қабынуға, қызуға қарсы дәрі, қорыту дәрісін, аллергия мен күн тиюіне қарсы дәрі ала кетіңіз. Жара жамауға арналғандарды да алу — міндет. Олар: сутек пероксиді, мақта, жапсырма, дәке мен антисептик. 

Тамақ пен ыдыс-аяқ

Тіске басарлар алыңыз: қақталған жеміс, дән-жаңғақ, шоколад. Жол бойында орналасқан дәмханалардан тамақтаныңыз. Өзім пісіремін десеңіз, консерві мен күріш, қарақұмық сияқты құрғақ тамақ сатып алыңыз. Ыдысқа келсек, бақыраш, стақан, қасық пен шанышқы, баллоны бар оттық алыңыз.

Өзгелері

Жүргізушілерге сыйлайтын базарлық дайындап қойыңыз, мысалы, Рақат шоколадын. Қайда бара жатқаныңызды жазатын картон қағаз сатып алыңыз. Қонақүйге қонбаймын десеңіз, шатыр мен ұйықтауға арналған қап сатып алыңыз.

Шетелдегі және Қазақстандағы автостоп

Қазақстанда автостоптың көмегімен сапар шегуге болады, бастысы — сыпайы болыңыз және абайлап жүріңіз. Мысалы, мында астанадан Балқашқа, Балқаштан Алматыға барар күшті жол туралы айтылған.

Жүргізушілердің көбі – қазақ, десе де арасында тек орысша сөйлейтіндер бар, сондықтан орысша бір-екі сөз, фраза жаттап алсаңыз жақсы болады. 

Шетелге барам десеңіз, мыналарды есте сақтаңыз:

  • Бір мемлекеттен екінші мемлекетке бару үшін тек ресми шекара пунктінен өтесіз. Жергілікті пунктілер де бар, олардан тек шекаралас екі елдің азаматтары өте алады, бірақ сол екі ел жау болса, өте алмайды. Мысалы, Әзербайжан мен Армения, Абхазия мен Грузия.
  • Мұсылман елдерде қыз-келіншектер жолға жалғыз шықпағаны жөн.
  • Еуропада автобанға барып көлік іздеуге тыйым салынған. Әйтпесе айыппұл төлейсіз.
  • Америкада Нью-Жерси, Юта, Колорадо мен Айдахода автостопқа тыйым салынған. Сондықтан тұрғындар сізді ала кетуі екіталай.

Түйін

Автостоп — өзге адамдар мен тағдырға сенетіндерге арналған саяхат. Соның арқасында білемін деген нәрселердің, мысалы, бір елдің өзге қырын көре аласыз. 

Хичхайкиң туралы оқығыңыз келсе, «Практика вольных путешествий» кітабын я Hitchwiki сайтынан ТМД мен Еуропадағы автостоп туралы хикаялар оқыңыз.

Автостоп турист болу жалғыз жүру деген сөз емес. Екі адам, үш адам болып баруға болатын саяхат бұл. Сізге серік болар жақыныңыз болмаса, мына «ИЩУ ПОПУТЧИКА» тобынан сапарлас іздеңіз.

Автостоп күшті, оңай көрінгенімен қиын сапарлардың бірі. Далада күн ыстықта, жаңбыр жауып тұрғанда ұзақ тұрасыз. Тез шаршасаңыз, автостопқа шығудың қажеті жоқ шығар.

Хочется ли вам попробовать автостоп?

3

2

,

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық

Ақшаңызды неге үнемдеуіңіз керек?
22.09.2022