Ұшаққа міне алмаймын: қатты қорқамын. Қайтсем болады?

Ұшаққа міне алмаймын: қатты қорқамын. Қайтсем болады?
Кеңес 4 мин оқисыз
12.05.2022

Ұшаққа міне алмаймын: қатты қорқамын. Қайтсем болады?

Аэрофобия қайдан шығады және одан қалай құтылуға болады?

Кейбір адам ұшақпен ұшуға қатты қорқады. Біреу апатқа ұшараймын дейді, енді біреуі жоғарыға көтерілгенде тынысым тарылады дейді. Мұндайды ғалымдар аэрофобия дейді. 

Әрине, барар жерімізге ұшақпен емес, пойызбен баруға болады-ау. Бірақ шетелге баруға билет ұтып алсаңыз немесе қызыңыз үйлену тойын Италияда өткіземіз десе, не істемексіз? Ол жаққа пойызбен жете алмайсыз. Бар амалыңыз ұшаққа міну болады. Енді аэрофобиядан қалай арылуға болады? Қазір айтып береміз.

Неге ұшуға қорқамыз?

2021 жылғы зерттеуге сенсек, адамдардың 5%-ы аэрофобиядан зардап шегіп жүр. Бұл аурудың қандай белгілері бар десеңіз:

— Паника шабуылы;

— Мазасыздық. 

Неміс аэрофобиямен күресу орталығы бұл ауру жасқа қарамайды дейді. Оларға барған адамдардың ең жасы онда, ең кәрсі 78-де екен. 

Ұшақтан қорқу сезімін адам түсіндіре алмайды. Ондай фобиясы барлар жабық кеңістікте ұзақ отыра алмайды, бәрін қадағалап отыруы керек. Аяқ астынан болатын жағдайларда ұшақтан шығып кете алмайтындықтан олар ұшаққа мінуден сескенеді.

Ұшқанда қорқасыз ба?

Аэрофобияның өзге себептері

Аэфобиядан көбіне өмірінің әр сәтін қадағалап жүретіндер мен мазасыз адамдар зардап шегеді. Бірі бірнеше сағат бойы басқа біреудің бақылауында болатынына көне алмаса, өзгелері міндетті түрде жамандық болады деп күтеді. 

Адам организмнін кенет адреналин басқасын қорқа бастайды, мазасыздана бастайды. Ондайда адамның қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы жиілейді, оны баса алмаса, паника шабуылдайды. Жүрек соғысы одан сайын жиілейді, ауа жетпей, дене қалтырай бастайды, жаны шығып бара жатқандай болады. 

Аэрофобияға акрофобия (биіктен қорқу) мен клаустрофобия (жабық кеңістіктен қорқу), посттравма синдромы мен депрессия сияқты психологиялық аурулар себеп болуы мүмкін. 

Қорқынышқа бұрын көрген стресс жағдайлар да түрткі болуы мүмкін. Мысалы, бала кезіңізде бортта сізге ата-анаңыз қатты ұрысқан. Мұны ұмытқан сияқтысыз, бірақ санаңыз ұмытқан жоқ. Сондықтан ұшаққа міну стресс пен ұрыс-керіске ұласатын сияқты боп көрінеді.

Бұл қорқудан арылудың жолдары

Қорқу — кәдімгі сезім, бәрімізде болып тұрады. Бірақ бұл фобиялардан құтылуға болмайды деген сөз емес. Сондықтан қазір сізге аэрофобиядан арылудың амалдарын айтып береміз. 

1-кеңес. Статистикаға қараңыз

Аэрофобтардың көбі ұшаққа апатқа ұшыраудан қорыққандықтан мінбейді. Бірақ Халықаралық әуе транспорты қауымдастығы жылына қанша ұшақ апаты болатынын есептейді де, басқа транспорт апаттарымен салыстырады. Оларға сенсек, ұшақ — ең қауіпсіз транспорт. 

2-кеңес. Әуежайға ертерек барыңыз

Әуежайға бірінші рет барғалы тұрсаңыз, қайтпек керегін мына жерде айтқанбыз. Негізгі кеңес — тіркеуден өтіп үлгеру үшін, багажды уақытылы тапсыру және аз алаңадау үшін ертерек барыңыз. Ұшудан қорықсаңыз, әуелі осы стрестерден құтылғаныңыз жөн.

Ол үшін тіркеуден онлайн өтіңіз, әуежайға таксимен барыңыз. Кез келген стрестен арылыңыз.

3-кеңес. Ыңғайлы киім киіп алыңыз

Киім де ұшқанда стреске түрткі болуы мүмкін. Сондықтан ыңғайлы аяқкиім, кең киім киіп алыңыз. Үстіндегіңіз денеңізді қыспауы керек.

Өкшесі биік аяқкиім, галстук не ыңғайсыз бас киім кимегеніңіз жөн. Шабаданыңызға салып қойыңыз. Ұшақтан түскеннен кейін шығарарсыз. Бортта ыңғайсыз болмайтын киім киіңіз: аяқ қыспайтын, үстіңізді қышытпайтын, арқасы мен белі ашық киім кимеңіз. Әшекей бұйымға келсек, ауыр сырға, ауыр сақина мен сағат тақпаңыз.

4-кеңес. Орын таңдап қойыңыз

Аэрофобияға түрткі болатын факторлардың бірі — адамның ұшқанда жағдайды қадағалай алмауы. Сондықтан жағдайды біраз да болсын қадағалау үшін борттан өзіңізге орын таңдап қойыңыз. Айтпақшы, биіктен де қорықсаңыз, терезенің жанына отырмаңыз. Ұшақтың артқы жағына да отырмаңыз, себебі турбуленттік кезінде дәл сол жер қатты шайқалады. 

5-кеңес. Дыбыстардан қорықпаңыз

Ұшақтардың құрылымы өте күрделі, сондықтан бортта көтерілгенде, қонғанда және ұшқанда түрлі дыбыс шығады. Қорықпаңыз, бұл — қалыпты жағдай. Шасси алынғанда немесе қозғалтқыш тыныш істей бастағанда ұшақтың едені дірілдеуі мүмкін, тағы айтамыз, қорықпаңыз. 

Кей әуе компаниясы аэрофобиясы бар жолаушыларға түсініп қарауға тырысады, мысалы, Lufthansa компаниясы рейске аз қалғанда паникасы басталған жолаушылар билетін қайтарғанда ақысын түгел қайтарады. Бірақ ол үшін дәрігер анықтамасын көрсетуіңіз керек. 

6-кеңес.  Турбуленттікке дайын болыңыз

Турбуленттік неден болады: қатты жел тұрғанда. Ондайда ұшақ шайқала бастайды. Ұшқыштар әдетте турбуленттік аймағына кірер алдында жолаушыларға ескертеді. 

Ұшаққа бірдеңе болады деп алаңдамаңыз. Әуе транспорттары кез келген жағдайды ескере отырып салынады. Ұшқыштар осындай жағдайды тез шешуге дағдыланған. Турбуленттік аймағы жолда кезігер-кезікпесін мына сілтемеден біліңіз.

7-кеңес. Стресіңізді қадағалаңыз

Көп тамақ ішпеуге тырысыңыз, тек тіскебасар жеңіз, су ішіңіз. Кофе не алкоголь ішпеген жөн. Стресті одан сайын қоздырады, тахикардия пайда болуы мүмкін. Шыдай алмай жатырсаңыз, кәмпит жеңіз не сағыз шайнаңыз, күшті көмектеседі. 

Кей психологтың сөзіне сенсек, стресс кезінде балаларыңыздың я жануарларыңыздың суретіне қарап отырған абзал. Жаныңызға тыныш болар суреттерді алдын ала телефоныңызға сақтап қойыңыз. 

Кітап оқыңыз, музыка не подкаст тыңдаңыз, фильм не сериал қараңыз, тыныс жаттығуларын жасаңыз. Барынша босаңсуға тырысыңыз. 

8-кеңес. Терапевтке көрініңіз

Терапия — қорқудан арылудың ең оңтайлы жолы. Сондықтан өміріңіз бен демалысыңыздан ләззат ала алмасаңыз, маманға бару қажет деген сөз. Бәлкім, проблемаңыз фобия емес, басқа, тереңде жатқан нәрсе шығар. Психотерапевтер фобияңызға не себеп екенін тауып, айығу жолдарын айтады, керек десе дәрі жазып береді. 

Түйін

Ұшуға тыңғылықты дайындалу — қорқуыңызды біраз да болсын басуға септігін тигізер фактор. Ұшақпен ұшып жүрген туристер ұшар алдында позитив ойланыңыз, фильм не кітап жүктеп алыңыз немесе кәдімгі кітап ала кетіңіз, мазасыз ойларға емес, ойын-сауыққа көңіл аударыңыз. 

17

2

,

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық

Ақшаңызды неге үнемдеуіңіз керек?
22.09.2022