aviata.kz

Авиабилетті айырбастау және қайтару

Әуе билеттері Авиабилетті айырбастау және қайтару

Жолаушының деректерін өзгерту

Жаhандық дистрибуция жүйелерінің жұмыс принциптерінің ерекшелігіне байланысты рәсімделген тапсырыста жолаушылардың кез келгені үшін мәліметтердің кез келген өзгерісіне тыйым салынған. Кез келген өзгеріс билеттің жойылуына алып келуі мүмкін, және қаражаттардың қайтарымы таңдалған тарифтың қолданылу ережелеріе сәйкес қана мүмкін болады.

Авиабилетті айырбастау немесе қайтару

Авиабилетті қайтару және/немесе басқа рейс немесе басқа күнге айырбастау мүмкіндігі авиакомпаниялармен бекітілген Сіз таңдаған тарифтың қолданылу ережелерімен және шектеулерімен анықталады. Қолданылу ережелері сатып алу алдында тапсырысты рәсімдеу кезінде қол жетімді.Ақшаны қайтару ақысын тариф ережелеріне сәйкес есептеу үшін өзіңіздің Жеке кабинетіңіз арқылы немесе [email protected] поштасына хаттағы брондау нөмірін, байланыс ақпаратыңызды және егер бірнеше жолаушы болса, кімнің билеттерінде қажет екеніңізді көрсете отырып, өтініш жіберіңіз. Айырбастау немесе ақшаны қайтару туралы өтініштер күн сайын өңделеді. Тұтынушыларды қолдау қызметі тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Билетті қайтарып бергеннен кейін ақша картаға қашан қайтарылады?

Қайтарып беруге арналған сома авиакомпанияның ықтимал айыппұлдарын ескере отырып, Visa/MasterCard/American Express төлем жүйелерінің ішкі тәртібіне сәйкес, жою/қайтару процесін іске қосу сәтінен бастап екі күннен отыз жұмыс күніне дейін (картаны шығарған банкке байланысты) бұрын сатып алу жасалған карта шотына аударылады.

Әдетте, ақша қаражаттарын қайтару сол күні немесе авиабилетті қайтарғаннан кейін үш күн ішінде жүргізіледі. Жоюдан немесе қайтарғаннан соң үшінші күні ақша қаражаттарын қайтару туралы ақпаратты нақтылау үшін банкке баруға кеңес береміз.

Aviata.kz
InstagramYouTubeFacebookTwitter
Astana Hub

«Aviata» ЖШС © 2010—2024