Авиабилеттерді қалай сатып алуға болады

Авиата — Қазақстандағы билеттер сатылымындағы көшбасшы

Forbes Kazakhstan, 2020 жылғы қыркүйек

Авиабилеттерді қалай сатып алуға болады

Билеттерді сатып алып, брондауға қалай болады

Біз бірыңғай халықаралық брондау жүйелері арқылы әлемнің кез келген жеріне кез келген ұшу бағыттарына авиабилеттерді брондаймыз және сатамыз. Сайтта Сіздер электрондық билеттерді жазып беретін, жолаушылардың авиатасымалын жүйелі түрде жүзеге асыратын, IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) қауымдастығына кіретін әлемнің абсолютті көпшілік авиакомпанияларынан билеттерді сатып алуларыңызға болады. Сайтта сондай-ақ кейбір LowCost (бюджетті)авиакомпаниялары қол жетімді.

Брондау және сатып алу жөніндегі барлық ақпарат

Авиабилеттерді төлеу тәсілдері

1. Авиабилеттерді әлемнің кез келген банкінен Visa, MasterCard банктік карталарымен төлеуге болады. Төлеуге жеке тұлға немесе компания атына жазылған банктік карталар қабылданады. Кейбір жағдайларда, интернет-төлем мүміндігі картаны шығарған банкпен бұғатталуы мүмкін. Бұл жағдайда, сондай болса да билеттерді төлеу үшін колл-орталыққа қоңырау шалу қажет, әдетте, бұғаттан шығаруды банк операторы телефон арқылы жасайды.

2. Билетті алдын ала төлемсіз және артық төлемсіз онлайн режимінде бөліп төлеуге немесе несиеге алуға болады.

3. Рахмет қосымшалары арқылы төлем жасаңыз және 5%-ға дейін ақшаны қайтарыңыз.

Төлеу тәсілдері және сатып алуды растау жөнінде толығырақ.

Авиабилетті айырбастау мен қайтару жайлы

Рәсімделген тапсырыста жолаушылардың кез келгені үшін мәліметтердің кез келген өзгерісіне тыйым салынған. Кез келген өзгеріс билеттің жойылуына алып келуі мүмкін, және қаражаттардың қайтарымы таңдалған тарифтың қолданылу ережелеріе сәйкес қана мүмкін болады.

Авиабилетті қайтару және/немесе басқа рейс немесе басқа күнге айырбастау мүмкіндігі Сіз таңдаған тарифтың қолданылу ережелерімен және шектеулерімен анықталады. Қолданылу ережелері сатып алу алдында тапсырысты рәсімдеу кезінде қол жетімді. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қызметкерлермен байланысыңыз.

Билетті жою авиакомпаниядан рұқсат алғаннан кейін ғана мүмкін болады. Әдетте, билетті жою рәсімдеуден кейін 30 минут ішінде, бірақ билет сатып алған күн соңынан кеш емес мүмкін болады.

Авиабилетті айырбастау және қайтару шарттары жөнінде толығырақ.

Авиабилетті заңды тұлғаның атына қалай сатып алу және бухгалетрия алдында есеп беру керек

Есепті құжаттар маршруттық түбіртек, отыратын талон түпнұсқасы, электронды билеттің төлем картасымен.

Заңды тұлғалар үшін есептіліктің толық ақпараты

Жолаушыларға отыратын талон көшірмелері берілмейтіндігіне назар аударыңыз. Сондықтан рейске отыру кезінде Сізге берілген талондарды сақтап қоюға қадала кеңес береміз!

Электрондық авиабилет

Бүгінгі таңда барлық дерлік авиакомпаниялар электронды авиабилеттерге (маршруттық түбіртек) көшті. Билетті Интернет арқылы сатып алғаннан кейін поштаға тасымал жайлы барлық ақпарат көрсетілген, бірегей сәйкестендіргіші бар, сондай-ақ орталықтандырылған деректер базасына жазылған электронды авиабилет жіберіледі.

Сіздерге саяхат бойына басып шығарылған электронды билетті өздеріңізбен бірге алып жүруге кеңес береміз. Ол аэропортқа кірер алдында Сіздің кері қайту билетіңіздің барлығын және әрі қарай саяхаттайтыныңыздың дәлелі ретінде әуе қауіпсіздігі қызметтеріне көрсету үшін, сондай-ақ кедендік төлқұжаттық бақылаудан өту немее кедендік тексеру кезеңінде қажет болуы мүмкін.

Электрондық билет жөнінде толығырақ ақпарат