Astanabank promo img
Копите мили с любых покупок и путешествуйте дешевле!
0% комиссия, до 3% миль с любых покупок, скидки у партнёров
Stamp
help@aviata.kz Ещё контакты
help@aviata.kz

+7 (727) 225-50-55 +7 (701) 065-33-33 Күн сайын, тәулік бойы Қолма-қол төлеу кеңселерінің адресі
Множество способов оплаты
Main visa Main mastercard Main homebank Main kaspi или наличными

Авиабилеттерді қайдан сатып алу дұрыс

Авиабилеттерді қайдан сатып алу дұрыс деген сұрақ жиі-жиі туындайды – үй жанындағы агенттілікте, авиакомпанияда, метапоиск арқылы немесе басқа жерлерден. Енді біз билеттерді бізден сатып алу дұрыс екені жайлы егжей-тегжейлеп түсіндіре кетеміз.

Сервис пен көмек: жолаушылардың 20%-ына дейін жоспарларын өзгертеді

Жылына бір рет ғана болсын ұшатын кез келген адам тіпті сенімді авиакомпания ұсынатын авиаұшудың болжай алмайтыны жайлы біледі.

Сіздің жеке себептеріңізге байланысты ұшу күнін қайта брондауға, маршрутті өзгертуге немесе билетті қайтару керек болады; немесе жағдайға байланысты авиарейсттердің тоқтап қалуы, ереуілдің пайда болуы; немесе ешкімге байланысты емес бір жағдайлар туындап қалса – метеошарттар, Эйяфьятлайокудль жаңартауы – нәтижесінде бүкіл жоспарларыңыз құриды, бұл жағдайда негізгі фактор сізге деген көрсететін қолдау болып табылады.

Колл-центрлерлерде жұмыс істейтін адамдардың тілі сізге түсінікті ме?

Мысалы: Бангкоктан Самуиге баратын Bangkok Airways рейсі саяхатшылар арасындағы ең танымал маршрут болып саналады. Статистика: 5-20%-дық жағдайларда билеттерді қайтару немесе айырбастаукерек болады. Варианттар: телефондар мен сіз сөйлей алмайтын тілдерді іздеп, авиакомпанияның колл-центрімен жұмыс жасаудың орнына Сіздің авиабилетіңіздің қайта рәсімделуін белгілі бір бағдарламалар арқылы яғни Amadeus/Galileo немесе басқа да ғаламдық дистрибутивтік жүйелер арқылы жұмыс істейтін агенттілікке тапсыруға болады.

Қорытындылар: онлайн агенттіліктің сайтында көмек көрсететін телефон жазулы тұру маңызды. Жайлылығыңыз бен тыныштығыңыз үшін бұл критерий баға, «достарыңыз ұсынған агенттілік» және белгілі бір жағымсыз жағдайларда Сізге көмек бере алатынынына кепіл бере алмайтын таңдауыңыздың басқа да критерийлеріне қарағанда ең маңыздылардың біреуі.

Авиакомпанияда туындайтын форс-мажорлар

2014 жылдың көктемінде «Россия» авиакомпаниясы таралып, «Аэрофлот» мекемесінің құрамына кіретін болды. Сонда жоспарланған рейсттердің бір бөлігі жойылып, Түркияға ұшып кеткен клиент билеттің авиакомпаниямен жойылғанын енді ғана көреді. Енді не істеуге болады? Билетті қайтару процедурасы енді қалай өтеді? Қандай шарттардың негізінде? Қонақ үйге кім төлейді? Билетті қайтара ма әлде басқа авиакомпанияның рейсін ұсына ма? Бұл мәселелерді роумингте болып бірнеше сағат бойы, әрине, егер мобильді оператордың ақшалай қаражаты жеткілікті болса, шешуге болады.

Өмірде болған шынайы оқиға – жолаушыға Авиатаға бір рет қана қоңырау шалып, енді Авиатаның менеджерлері істей бастап, Авиакомпанияның екеуіне де ұшуға бірнеше күн қалғанда ондаған рет қоңырау шалып, одан кейін жолаушыға Аэрофлотқа жаңа билетті растау үшін бір рет ғана қоңырау шалу керек еді. Яғни, туындаған жағдайды Авиата шешіп берді.

Сонда ұялы байланысқа ақша үнемдеп қана қоймай, жүйке жүйеңізді сақтап қаласыз, әсіресе, жанұяңызбен аттанған саяхат болса, жиі ұшпайтын жолаушылар болса, баласы бар әйел, анасы немесе әпкесі –таныс емес жағдайда тез бейімделе алмайтын, ерекше қамқорлықты қажет ететін бұндай жолаушыларға ғана тән емес. Танымал өлеңде айтылғандай – «өзіңізді тәуекел ету керек пе, жоқ па өзіңізге ойланып, өзіңізге шешім қабылдау керек».

Үйіңіздің немесе кеңсеңіздің жанындағы авиакасса

Осы күнге дейін адамдардың көбі авиабилеттерді көшедегі ең жақын авиакассадан сатып алады. Бұл келесі екі себепке байланысты дұрыс емес: біріншіден, кейбір авиакассалар ұшудың барлық варианттарын ұсынбайды, тек авиакомпанияның комиссияларында өздеріне ақша таба алатын рейсттерді атайды. Екіншіден, әдетте, авиакассалар суб-агенттер болып табылады, сондықтан олар билетке елеулі маржа жасайды.