Stamp
help@aviata.kz Ещё контакты
help@aviata.kz

+7 (727) 225-50-55 +7 (701) 065-33-33 Күн сайын, тәулік бойы Қолма-қол төлеу кеңселерінің адресі

Электрондық авиабилет

Электрондық авиабилет (немесе E-ticket) дәстүрлі қағаздық билеттің орнына келген авиабилеттің заманауи форматы болып табылады. Электрондық авиабилет авиакомпанияның деректер базасында электронды түрде сақталған.

Электрондық билеттің негізгі артықшылықтары:

• билетті авиакомпания немесе авиа-агенттіліктің кеңсесіне келмей-ақ ғаламтор арқылы сатып алуға болады;

• электрондық билетті жоғалтып алу немесе ұрлап кету мүмкін емес – жай ғана маршруттік қисапты қайтадан бастырып алу жеткілікті болады, ал негізгі ақпарат үнемі деректер базасында сақталынады;

• Әдеттекөптеген рейсттерге онлайн-тіркеуден ұшудың алдынан 24 сағат бұрын өтіп, ұшақтағы белгілі бір орындарға отыруға болады.

Aviata.kz сайтында тапсырысты рәсімдеуден кейін сатып алушы маршруттік қисапты электрондық пошта арқылы алады.

Маршруттік қисап тапсырысты растап, электрондық билетке төлеу мен жолаушының ұшуға құқығы бар деген құжат болып табылады. Маршруттік қисапта билет жөнінде толық ақпарат бар: бронь нөмірі мен авиакомпания жүйесіндегі электондық билеттің нөмірі, рейс нөмірі, бару мен қайтудың күні мен уақыты, ұшақ жіберілетін белгіленген қала мен аэропорт.

Маршруттік қисапты қалай алуға болады

Егер қандай-да бір себептерге байланысты тапсырыстың рәсімделуінен кейін сатып алушы көрсеткен электрондық поштаға тапсырыстың расталуы мен маршруттік қисап келмесе, «қажетсіз пошта» («спам») папкасын тексеру керек.

Тапсырыстан кейін 20 минут ішінде хат жіберілмеген жағдайда кез келген қолжетімді тәсіл арқылы Aviata.kz порталының менеджерлерімен байланысып, тапсырыста көрсетілген жолаушылардың біреуінің аты-жөнін, ұшу күнін, маршрут пен электрондық поштаның мекен-жайын атау керек. Сонда маршруттік қисап қайта элеткрондық поштаңызға жіберілетін болады.

Бастырып шығарылған электрондық билет – керек болатын кез

Саяхат кезінде электрондық билет өзіңізде болу керек деп кеңес береміз. Аэропортқа кірер кезде авиациондық қауіпсіздік қызметшілеріне ұсынуға керек болады. Және де қайту билетінің бар екенін немесе саяхаттың әрі-қарай жүруінің дәлелі ретінде төлқұжат бақылауы немесе кедендік тексерме кезінде де қажет болады.