Жария оферта

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гагарин дңғ., 124 мекенжайы бойынша орналасқан, бұдан әрі «Агент» аталатын «Aviata» ЖШС бұдан әрі «Клиент» аталатын кез келген жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға ақылы қызметтер мен Интернеттегі сервистерді, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ұсынады.

Осы ұсыныс ҚР Азматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта (бұдан әрі –Шарт), ҚР Азматтық кодексінің 396-бабына сәйкес талаптарын толық әрі бұлтарыссыз орындау (акцепт) болып табылады – Клиент Агенттің Билеттер іздеу, броньдау және сатып алуды жүзеге асыра алады.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАУЛАР

1.1 Агент – Интернет желіснде http://www.aviata.kz, http://www.aviata.me мекенжайлары бойынша орналасқан WEB-сайт, немесе AppStore және Google Play қолданбаларының ресми дүкендерінде орналасқан Агенттің мобилді қолданбасы. Агент осы Шартты жасасу және орындау үшін қажетті ақпаратты тәулік бойы әрі тегін ұсынады.

1.2 Бронь — Клиентке белгілі бір бағасы бойынша бекітілетін нақты нақты бағыт бойынша нақты күндерге нақты «ҚТЖ» ҰК» АҚ билеттерін алдын ала резерв жасау. Бронь болашақ билет болып табылады, сондықтан броньда қате жіберуге болмайды.

1.3 Тапсырыс — Клиенттің Сайтта таңдалған қызметтерді қабылдауға рәсімделген сұранысы.

2. АГЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Клиентпен ұсынылатын дербес ақпарат (Аты-жөні, жол жүру станциялары, телефон, ЖСН, туған күні, құжат нөмірі, e-mail) құпиялы болып табылады және ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялануға жатпайды.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

3.1 Агенттің сайтында көрсетілетін, Клиентпен таңдалған бағыт боойынша билеттердің бағасын іздеу нәтижелері соңғы болып табылмайды, ал билеттердің соңғы бағасы ретінде паспорт деректерін толтыруға арналған бетте броньдау кезінде пайда болған баға саналады, сонымен қатар «Броньдау» батырмасын басу сәтінде Билеттің бағасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесінде нақты жолаушыға бекітіледі.

3.2 Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны және/немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапты болады. Осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған тарап бұзушылықтарды жоюға және/немесе салдарын жоюға шара қолдануға міндетті.

3.3 Клиент қандай құжат бойынша ұшатынын (ішкі құжат немесе халықаралық паспорт), баратын елдегі немесе ауысып отыратын елдегі қажетті визалар, кіруге рұқсаттар, екпелер, сақтандыру полистер мен басқа да рұқсат құжаттары және рәсемдері туралы өзі жеке анықтауы тиіс, сонымен бірге Агенттен келіп түсетін барлық ауызша ақпарат кеңес ретінде болады және ақпарат беру күніне ғана өзекті болып табылады.

3.4 Клиент билеттерді қайтару үшін өзі жауапты болады.

4. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМІРЖОЛ (ТЖ) БИЛЕТІН РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

4.1 Электронды билетті рәсімдеу үшін Клиент пойыз бағытын, күнін таңдап, билетті іздеуді жүзеге асырады. Жол жүру параметрлерін таңдап, әрбір жолаушының дербес деректерін толтырады. Жол жүру параметрлерін дұрыс көрсету және әрбір жолаушының дербес деректерін дұрыс толтыру үшін тапсырысты рәсімдеп отырған Клиент толық жауапты болады. Жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарды (билеттерді) пойыз жүрудің бастапқы станциясынан пойыз жүргенге дейін 45 тәуліктен* бастап 1 сағатқа дейін сатып алуға болады.

* кестенің ауысу кезеңінде сатылымды ашу мерзімі өзгерілуі мүмкін.

4.2 Бір тапсырыста 4 жолаушының әрқайсысының дербес деректерін көрсете отырып, 4 электронды жол жүру құжаттан (билеттен) астам рәсімделмейді.

4.3 Балалалар бір тапсырыста ересек жолаушылармен бірге рәсімделуі тиіс. Балаға электронды билет бөлек тапсырыста рәсімдеу мүмкін емес.

4.4 Түсініспеушілік болдырмау және пойызға кешігіп қалудың алдын алу үшін ауысып отырулар бар бағыт бойынша пойыздарға тапсырыс рәсімдеу барысында олардың келіп кету арасында кемінде 3 сағаттық үзілістер таңдауға кеңес береміз.

4.5 Сайтта электронды жол жүру құжаттар (билеттер) рәсімдеу техникалық себептермен Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 23 ч. 55 мин. бастап 00 ч. 01 мин. дейін (айдың соңғы күнінде 23 ч. 45 мин. бастап 00 ч. 01 мин.дейін) жүргізілмейді.

4.6 «Жолаушылар тасымалы» АҚ қалыптастыру пойыздарында СВ, купе, плацкарт, «Турист», «Бизнес» және «Гранд» санаттарындағы вагондарына жол жүруге тапсырыс рәсімдеу кезінде электронды жол жүру құжаттар (билеттер) құнына төсек-орын жабдығын пайдалану үшін төлем қамтылған.

4.7 Әрбір жолаушы жолаушылар вагонында жол жүрі құжатында (билетте) көрсетілген орынға (орындарға) сәйкес орнын (орындарын) алады.

4.8 Орындары нөмірленген вагондарға (плацкарт, купэ, жұмсақ) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату кезінде екі және одан астам жол жүру құжатын (билет) сатып алатын жолаушыларға бірдей санда жоғарғы және астыңғы орын ұсынылады.

4.9 Жоғары ыңғайлы электрпойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттер) рәсімдеу кезінде жолаушының құжаттарын ұсыну талап етіледі (пойыз №853/854 Қарағанды — Нұр-Сұлтан, №855/856 Қарағанды — Нұр-Сұлтан, №801/802 Нұр-Сұлтан — Павлодар, №807/808 Нұр-Сұлтан — Көкшетау, №809/810 Нұр-Сұлтан — Павлодар).

5. ЖОЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ТОЛТЫРУ

5.1 Жолаушының дербес деректері оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс.

5.2 Жол жүру деректемелері мен әрбір жолаушының дербес деректерінің дұрыстығы үшін Клиент толық жауапты болады.

* Пойызға жол жүру құжатында (билетте) бас әріптерін қоспағанда, оның тегінде, атында, әкесінің атында екіден астам емес әріп қатесі бар, сондай-ақ әкесінің аты бар немесе жоқ жолаушыны отыруға рұқсат беріледі.

6. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМІРЖОЛ (ТЖ) БИЛЕТТЕРІНЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ

6.1 Электронды жол жүру құжаттарына (билеттерге) төлемді Visa, Visa Electron, MasterCard банк карталары және «Рахмет» қолданбасы арқылы жасауға болады.

6.1.1 Тапсырысқа төлем жасауға және банк картасының деректемелерін енгізуге 20 минут уақыт беріледі. Белгіленген уақыттан асқан кезде тапсырыс жойылады.

6.2 Төлем жасау рәсімінің қауіпсіздігі трафикті шифрлеу құралдарын (SSL) қолдануымен қамтамасыз етіледі.

6.3 Халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында төлем жасау кезінде 3D Secure/Secure Codе технологиясы (Интернеттегі төлемдерге қатысты арнайы қауіпсіздік технологиясы) қолданылады. Осы технологияны қолдануға Сіздің банкіңізде сәйкес сертификаты болмаған жағдайда Сіздің төлем жүйеңіз арқылы жасалатын төлемінің қабылданбауы мүмкін. Бас тарту келген жағдайда Сіздің банкіңіздің қолдау көрсету қызметіне жүгіну қажет.

6.4 Клиент билеттерге банк картасымен төлем жасайтын жағдайда, Агент Клиенттен Агент Клиенттен онда карта нөмірінің бірінші 6 және соңғы 4 саны анық көрінетін банктік картаның алдыңғы бетінің скан немесе фотосуретін, сондай-ақ жеке тұлғаның куәлігінің көшірмесін сұраныс етуге құқылы. Клиент одан бас тартатын болса, Агент қызмет көрсетуден бас тартуға, сондай-ақ бұрынырақ Клиентпен сатып алынған билеттердің күшін жоюға құқылы болады.

7. ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫН (БИЛЕТТІ) АЛУ

7.1 Төлем жасалғаннан кейін электронды жол жүру құжаты (билет) жасалады, онда тапсырыс нөмірі (8 сан) мен электронды билеттің нөмірі (14) сан) көрсетіледі.

7.2 Электронды жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдейтін Клиент тапсырыстағы барлық жолаушылардың атынан әрекет етеді, осыған байланысты тапсырыстағы барлық жолаушылар пойызға отыру және пойызда жол жүру шарттарымен танысқан болып саналады.

7.3 Егер пойызда электронды тіркеу жүргізілмейтін болса, электронды билетті өзіне өзі қызмет көрсетудің транзакциялық терминалында қатаң есептіктегі бланкіге (ҚЕБ) алмастыру қажет болады.

8. БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ ТӘРТІБІ

8.1 Ата-ана, асырап алушы, қамқоршы, патронатты тәрбиеші немесе басқа алмастыру тұлға болып табылатын жолаушы қажетті құжаттар бар болған жағдайда:

8.1.1 егер ол бөлек орын алмайтын болса, 7 жастан аспайтын бір баланы өзімен бірге тегін алып жүруг құқылы болады. 7 жастан аспайтын балаға бөлек орын алу үшін балаларға арналған жол жүру құжатын (билет) сатып алу қажет. Жолаушымен бірге 7 жастан аспайтын балалар саны бірден астам болса, барлық балалар үшін балаларға арналған билет сатып алу қажет болады.

8.1.2 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды өзімен бірге балаларға арналған жол жүру құжаттар (билеттер) бойынша алып жүруге құқылы.

8.1.3 Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы баланы алып жүруге құқығын растайтын құжат (сенімхат) ұсынады.

*Ерекшелік: Жолаушылар пойызына отыру кезінде баланың заңды өкілі өзі бар болған жағдайда, жасы кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы пойызға отыру кезінде баланың заңды өкілі атынан жазылған жол жүру барысында баланы алып жүруге нотариалды куәландырылған құжатты (сенімхатты) ұсынбауға құқылы.

8.2 Қазақстан Республикасы аумағында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалыптастыру пойыздарында 7 ден бастап 15 жасқа дейінгі балалар үшін төлем толық тарифтің бағасынан 50% құрайды.

8.3 15 жастан асқан балаларға ересектерге арналған тариф бойынша жол жүру құжаттарын (билеттер) сатып алу қажет. 15 жастан асқан балаларға алып жүрусіз өздері жүруге рұқсат етіледі.

8.4 Баланың жасы жол жүру басталу күніне белгіленеді. Барлық жағдайларда баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.

8.5 7 жасқа дейінгі балалары бар жолаушылар орынсыз элеткронды билет сатып алған кезде балалар оларды алып жүретін жолаушылардың орындарына отырғызылады, алып жүретін тұлғалардың электронды билеттері қайтарылатын жағдайда, қосымша тапсырыс рәсімделмеген балалар пойызға отырғызылмайды.

8.6 15-18 жастағы балалар ересексіз жүре алады. Бірақ әуелі ата-анадан нотариус қол қойған рұқсат алуы керек.

9. ЖОЛАУШЫНЫ ПОЙЫЗҒА ОТЫРҒЫЗУ

9.1 Жолаушының жеке құжаты мен электронды билетіндегі аты-жөні сәйкес келмейтін жағдайда, жолаушы пойызға отырғызылмайды. Сондай жол жүру құжаттар (билеттер) бойынша ақша қайтарылмайды.

9.2 Электронды жол жүру құжаттары (билеттер) басқа тұлғаларға берілуге жатпайды және жолаушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда ғана жарамды болып табылады. Электронды жол жүру құжаттарды (билеттерді) қайта сатуға болмайды.

9.3 Тұлпар-Тальго вагондарынан қалыптастырылған жолаушылар пойыздарына отыру пойыздың жүруіне дейін 5 минут бұрын аяқталады.

9.4 Тасымалдаушының уәкілетті тұлғалары рәсімделмеген тұлғаны анықтаған жағдайда, бұзушыдан тасымалдаушының пайдасына отыру станциясынан бастап билет кассасы жұмыс істейтін және ол пойыздан шығарылатын станцияға дейін қашықтық бойынша жол жүру бағасынан он есе астам сомаға тең тариф алынады.

10. ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫНДАҒЫ (БИЛЕТТЕГІ) ОРЫНДЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ

10.1 Қайтаруды кез келген күні Агенттің Сайтында рәсімдеуге болады.

10.2 Бүкіл тапсырысты да, тапсырыстағы нақты электронды билетті де қайтаруға болады.

10.3 Электронды тіркеуден өткізілген билеттер үшін онлайн-қайтару электронды жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген уақытқа дейін («электронды тіркеуді осыған дейін жоюға болады» тармағы) мүмкін болады.

10.4 Электронды теміржол билеттерін қайтару үшін келесі шарттарды орындау қажет:

10.4.1 Агентке электронды ТЖ билетінің нөмірін ұсыну.

10.4.2 Пойыздың құрамды*¹қалыптастыру станциясынан шығуына дейін кемінде 1 сағат уақыт болуы тиіс:

1. Клиент билетті қайтаруды өзі https://aviata.kz/railways/refunds/init/ сайтында және мобилді қолданбаларда рәсімдей алады.

2. Клиент теміржол билеттерін броньдау кезінде көрсеткен электронды поштадан «ТЖ билетін қайтару» тақырыбымен [email protected] электронды мекенжайға хат жазу. Хатта тапсырыстың нөмірі мен билеті қайтарылуға жататын жолаушының толық аты-жөнін көрсету қажет.

3. ТЖ-билеттерін қайтару туралы өтінімді тапсырыста көрсетілген телефон нөмірінен ұсынуға болады. ТЖ-билетті қайтаруға өтінімді ауызша растап, тапсырыстың нөмірі мен олардың билеті(тері) қайтарылуға жататын тұлғаның(лардың) аты-жөнін толығымен айту қажет болады.

4. Ақшалай қаражатты қайтаруды Агент билет сатып алынған әдіспен жүзеге асырады. ТЖ билеті үшін ақша қолма-қол ақшымен қайтарылмайды.

*¹ Құрамды қалыптастыру (жөнелту) станциясы – құрамды бастапқыда жөнелту жүзеге асырылатын станция. Мысалы, Қарағанды – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Алматы 2 – Нұр-Сұлтан пойызына билет сатып алынды, құрамды қалыптастыру (жөнелту) станциясы ретінде Алматы 2 болады, жолаушының отыру станциясы ретінде Қарағанды станциясы болады.

10.5 Билет:

10.5.1 АСУ «Экспресс-3» терминалды жабдығымен, немесе Жаңғыртылған фискалдық билет-кассалық кешенімен (ЖФБКК), немесе фискалдық билет-кассалық кешенімен (ФБКК) жабдықталған ҚР аумағындағы кез келген ТЖ кассасында қайтарылады. Электронды жол жүру құжатын (билет) мен жеке куәлікті (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген) ұсыну қажет. Кассир орныды қайтаруды жүзеге асырады. Оның әрекеттері нәтижесі ретінде жолаушыға ұсынылған қайтару құжаты болып табылады*².

10.5.2 Жолаушы алған орынды қайтару құжатын Агентке қайтару құжатын алған күннен бастап 6 ай ішінде [email protected] поштасы арқылы ұсынады.

10.5.3 Келіп түскен орынды қайтару құжаты Агенттің жауапты өкілдерімен Тәуекел комиссиясына қарауға жолданады, қарастыру мерзімі 15 жұмыс күн. Орынды қайтару құжатын қарастырудың оң нәтижесі болған жағдайда, жолаушыға мынадай мерзімде ақша қайтарылады: тапсырыс банк картасымен төленген болса 3 бастап 10 жұмыс күнге дейін. Құжатты қарастырудың нәтижесі теріс болған жағдайда жолаушыға дәлелді бас тарту ұсынылады.

10.6 Теміржол билетін сайт арқылы қайтарудың шарттары мынадай жағдайларда орындалмаған:

10.6.1 Электронды билет Өзіне өзі қызмет көрсетудің транзакциялы терминалы (ӨТТ) арқылы қатаң есептілік бланкіне (ҚЕБ) ауыстыру орын алған болса.

10.6.2Құрамды қалыптастыру станциясынан жөнелуге дейін 1 сағаттан аз уақыт болса. Бұл жағдайда қайтару келесі шарттар бойынша жүргізіледі:

Ақша мен ақшалай қаражатты жылдам тәртіпте қайтару

1. АСУ «Экспресс-3» терминалды жабдығымен, немесе Жаңғыртылған фискалдық билет-кассалық кешенімен (ЖФБКК), немесе фискалдық билет-кассалық кешенімен (ФБКК) жабдықталған ҚР аумағындағы кез келген ТЖ кассасына жүгіну, электронды жол жүру құжатын (билет) мен жеке куәлікті (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген) ұсыну қажет. Кассир орныды қайтаруды жүзеге асырады. Оның әрекеттері нәтижесі ретінде жолаушыға «наразылық бойынша қт» немесе «шағым бойынша» деген белгісі бар ұсынылған қайтару құжаты болып табылады.

2. Одан кейін ТЖ билетінде көрсетілген жолаушының станциясынан пойыздың жөнелу сәтінен 30 минут – 24 сағат ішінде «орынды қайтару» операциясын аяқтау үшін жолаушыны жөнелту станциясы аумағындағы кассаға қайта жүгіну қажет.

3. Жолаушы кассирға «наразылық бойынша қт» немесе «шағым бойынша» деген белгісі бар қайтару құжатын*² ұсынады. Орнына кассир жаңартылған қайтару құжатын ұсынады, онда «ақпарат: төлеушінің картасына қайтару» деген жазу болады.

4. Ақшалай қаржатты алу үшін ұсынылған құжатты «Aviata» ЖШС-не [email protected] электронды поштасына жолдау қажет.

5. «Aviata» ЖШС ұсынылған орынды қайтару құжатын Тіуекел комиссиясына қарауға жолдайды, қарастыру мерзімі 15 жұмыс күн. Орынды қайтару құжатын қарастыру нәтижесі оң болған жағдайда, Агент ақшаны 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қайтарады. Құжатты қарастырудың нәтижесі теріс болған жағдайда жолаушыға дәлелді бас тарту ұсынылады.

Белгіленген тәртіпте орын және ақшалай қаражатты қайтару

1. АСУ «Экспресс-3» терминалды жабдығымен, немесе Жаңғыртылған фискалдық билет-кассалық кешенімен (ЖФБКК) жабдықталған ҚР аумағындағы кез келген ТЖ кассасына жүгіну, электронды жол жүру құжатын (билет) мен жеке куәлікті (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген) ұсыну қажет. Кассир орныды қайтаруды жүзеге асырады. Оның әрекеттері нәтижесі ретінде жолаушыға «наразылық бойынша қт» немесе «шағым бойынша» деген белгісі бар ұсынылған қайтару құжаты*² болып табылады. Жолаушыға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қаржы бойынша вице-президентінің атына белгіленген нысанда өтініш жазу қажет. Ілеспе құажаттарымен өтінішті жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на немесе оның кез келген филиалына өзі жолдайды. Ақшалай қаражатты қайтару наразылық тәртібінде жолаушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Наразылық қайтару мерзімі 30 күнді құрайды.

● Пайдаланушылардан наразылық тәртіптегі жүгінулер өтініш бойынша қабылданады. Пайдаланушылардан өтінішту жүктеп алуға сілтеме: https://epay.railways.kz/ktz4/clients/ApplExample.docx сайтында. Толтырылған өтініш нысанын Сіз мына мекенжайларға жолдай аласыз:

● 1. Пошта арқылы мына мекенжайға: Нұр-Сұлтан қаласы, Гете көш. 11- «Солтүстік» жолаушылар тасымалы бойынша аумақтық филиалы (тел. 8-717-2-93-23-89, 93-27-06);

● 2. Алматы қ.: Тобаякова көш.2/1- «Оңтүстік» жолаушылар тасымалы бойынша аумақтық филиалы (тел. 8-727-2-96-16-68, 96-11-41, 96-12-98);

● 3. Ақтобе қ.:Станционная көш.11 В, «Батыс» жолаушылар тасымалы бойынша аумақтық филиалы (тел. 8-713-2-97-64-24, 97-60-22).

● 4. Электронды поштаға: [email protected];

● 5. Тел/факс нөмірі: 8 (7172) 600-193. Сондай-ақ Сіздің өтініш түскені туралы сұрақтар бойынша 600-117 тел нөмірі бойынша біле аласыз.

● Ақшаны қайтару «Жолаушылар тасымалы» АҚ белгіленген мерзімдер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 91-бабы 1-тармағына сәйкес: Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.

*² Орынды қайтарудың мынадай құжаттары болады: әртүрлі алымдар түбіртегі (ӘАТ), электронды қосымша құжат (ЭҚҚ), әртүрлі алымдардың электронды түбіртегі (ӘАЭТ)

10.7 Электронды теміржол билеттерін қайтару кезіндегі айыппұлдар:

10.7.1 Қолданылмаған электронды жол жүру құжатын (билетті) қайтару кезінде, қайтарылуға жатады:

- пойыз жүргенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей - билеттің бағасы мен плацкартттың бағасынан тұратын жол жүру бағасы;

- пойыз жүргенген дейін 24 сағаттан аз уақытта, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей – билеттің бағасы мен плацкарт бағасынан 50%;

- пойыз жүргенге дейін 6 сағаттан аз уақытта, бірақ жолаушының отыру станциясынан пойыз жүргеннен кейін 1 сағаттан кешіктірмей – билеттің бағасы. Плацкартаның бағасы қайтарылмайды.

10.7.2 Билет кассасына тек қана отыратын орындармен қамтылған пойыздарға рәсімделген қолданылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару кезінде қайтарылуға жатады:

- пойыз жүргенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей – билеттің толық бағасын алу;

- пойыз жүргенген дейін 24 сағаттан аз уақытта, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей – билеттің бағасынан 50% алу;

- пойыз жүргенге дейін 6 сағаттан аз уақытта және пойыз жүргеннен кейін жол жүру бағасы қайтарылмайды.

10.8 Жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген станциядан пойыз жүргенге дейін 1 сағат бұрын және пойыз жүргеннен кейін жол жүру құжаттарын (билетті) қайтару жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген жөнелту станциясында ғана жүзеге асырылады.

10.9 ТЖ билетін қайтаруды рәсімдеу кезінде Агенттің сервистік алымы қайтарылмайды.

10.10 ТЖ билетін қайтаруды рәсімдеу кезінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ –мен белгіленген комиссиялық алым ұстап қалынады.

11. ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНІҢ ЖОЛАУШЫЛАРЫН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ЕРІКТІ САҚТАНУДЫРУДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

11.1 Жолаушыны ерікті сақтандыру қосымша ретінде, жол жүру құжатын рәсімдеуімен бірге ғана жүзеге асырылады.

11.2 Жол жүру құжаттарын қайтаруды рәсімдеу кезінде жолаушыларды ерікті сақтандыру сомасы қайтарылмайды.

11.3 Ерікті сақтандыру сомасы қайтарылуға жатпайды.

12. ӨЗГЕ ШАРТТАР

12.1 Клиент осымен Агентке Клиентке Сайтта ұсынылатын қызметтерді көрсету мақсатында, соның ішінде үшінші тұлғалармен қызметтер көрсету мақсатында Клиенттің дербес деректерін жинауға және өңдеуге, соның ішінде оларды жинақтауға, сақтауға және пайдалануға келісімін береді.

12.2 Клиент осымен Агентке Клиенттің дербес деректерін таратуға, соның ішінле оларды трансшекаралық беруге және Клиенттің дербес деректеріне үшінші тұлғаларға (соның ішінде оларға chocotravel.com, chocolife.me, besmart.kz, chocofood.kz, lensmark.kz, idoctor.kz интернет-ресурстары немесе «Choco» мобилді қолданбасы тиесілі болып табылатын Агенттің аффилиирленген тұлғаларына) қолжетіміділік ұсынуға және Агентпен мәлімделген Клиенттің дербес деректерін жинау мақсаттарынан тыс жағдайларда келісімін береді.

12.3 Агент құпиялы ақпаратты қамтымайтын және үшінші тұлғаларға берілмейтін «cookies» технологиясын пайдалануға құқылы. Агент Сайтқа келушінің IP-мекенжайы туралы ақпаратты алады. Бұл ақпарат Клиенттің алаяқтық әрекеттері жағдайларын анықтау үшін ғана пайдаланыла алады.

12.4 Клиент Агентке берілетін дербес деректердің дұрыстығы үшін жауапты болып табылады.

12.5 Клиент қызмет көрсету сапасын арттыру және Клиенттің ауызша мәлімдемелерін растау, кейінгі сатып алулар ыңғайлығы ғана мақсатында жолаушылардың паспорт деректерін сақтау үшін телефон арқылы сөйлесулерді жазуға келісім береді.

12.6 Клиент Агенттің мобилді қолданбасын пайдалану кезінде мынадай ақпарат берілетінін біледі және онымен келіседі: Клиенттің мобилді құрылғысындағы операциялық жүйенің түрі, қолданбаның нұсқасы мен сәйкестендірушісі, желінің жағдайы, қолданбаны пайдалану статистикасы және басқа да техникалық ақпарат.