Aviata.kz әуе тасымалдау бойынша халықаралық қауымдастығында (IATA) тіркелген, Visa/MasterCard карталары арқылы онлайн түрде немесе мекеменің кеңсесінде немесе курьерге колма-қол ақшамен төлеуге мүмкіндік беретін Аэрофлот авиакомпаниясының билеттерін онлайн-брондау қызметтерін ұсынатын ресми авиакасса.
Aviata.kz онлайн-агенттілігі авиабилеттердің ең тез және ең қолайлы іздеу жүйесін ұсынады. Біздің сайтымызда АэрофлотРесейдегіең іріавиакомпанияларының бірі және басқа әлемдік авиакомпаниялардың ең тиімді авиабилеттерін таба аласыз.
Авиакомпанияның басты әуежайы Мәскеуде орналасқан. "Шереметьево" әуежайынан жолаушылардың ішкі тасымалы мен жүк тасымалдайтын рейсттер және Азия, Африка, Еуропа, Америкаға халықаралық рейсттер (жалпы 52 мемлекет) жүзеге асады.
Сонымен қатар, авиакомпания 125 бару пунктілерінде коммерциялық ұшуларды жүзеге асырады (олардың ішінен 73-і шет елге жүреді).
Мәскеудегі басты әуежайдан 8 трансатланттық және 12 трансконтиненталдық жолаушылар рейстері жүзеге асады.
«Добролет» ерікті әуе флотының Ресейлік қоғамының ашылған күні 1923 жылдың 17-інші наурызы болып саналады. Акционерлік қоғам («Добролет») халықаралық және ішкі авиатасымалдауларды жүзеге асырып, СССР-дегі жолаушылар ұшақтарын жаппай жасау қызметін алғаш болып ашты.
АҚ «Добролет» пен АҚ «Укрвоздухпуть» базасында тоғыз жылдан кейін Азаматтық әуе флотының Бас Басқармасын (АӘФББ) құрды, және де сол кезде азаматтық авиацияның атауын қысқартуға шешім қабылдады – «Аэрофлот».
2000 жылдардың басында авиакомпания қанатты орақ пен балға болып табылатын Аэфролоттың таңбашасын өзгертпейтіндей етіп, ребредингті сәтті өткізді.
2014 жылға қарай авиакомпанияның флотын 114 жолаушылар ұшақтары құрайды (еншілес ұйымдардың көлігін қоспағанда). Аэрофлоттың визиттік карточкасы A320, A330, Boeing 737, Boeing 777, SukhoiSuperjet 100 құрамдарының ұшақтары аса көрнекті тұлғалардың есімімен аталған: Прокофьев, Чайковский, Достоевский, Кутузов, Столетов, Вишневский, Пушкин, Коккинаки және т.б.
Аэрофлоттың еншілес мекемелерінің тізіміне «Донавиа», «Аврора», «Россия», «Добролет», «Openair» кіреді.
1999 жылдан бастап «Аэрофлот Бонус» бонустық бағдарламасы жұмыс істейді – ұшып өткен үшін мильдер жинау және олардың кейінгі ауысуы (Аэрофлот ұсынатын қызметтер, серіктестер, SkyTeam қауымдастығының мүшелері).